Жалпы химия (Дәріс / Лекция) Химияның негiзгi заңдары мен түсiнiктерi



бет1/4
Дата20.09.2022
өлшемі28,18 Kb.
#150081
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
Жалпы химия
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси

Жалпы химия (Дәріс / Лекция)
Химияның негiзгi заңдары мен түсiнiктерi
Дәрiстiң мақсаты: Химияның негiзгi заңдары мен түсiнiктерi, бойынша студентердiң бiлiмдерiн бекiту. Химияның жаңа түсініктерiмен таныстыру.
Дәрiстiң жоспары
1. Химия пәнi.
2. Химияның негiзiгi заңдары мен түсiнiктерi.
3. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды класстары.
Біздің қошаған орта материяның әртүрлерінен: заттармен жарықтанудан тұрады. Химия заттардың қасиетін құрамын, жане олардың өзгерісін зерттейтін ғылым
Ал зат дегеніміз: Тұрақты физикалық жане химиялық қасиеті бар, қалыпты массасы бар материяның бір түрі. Заттарға: элементар бөлшектр, атомдар, молекулалар жане олардан құралатын газдар, сұйықтар жане қатты заттар жатады
Заттың қасиеті физикалық жане химиялық болып бөлінеді.Заттың физикалық қасиетіне оның тағыздығы, қаттылығы, түсі, агрегаттылығы, t-қайнау температурасы жатады. Заттың физикалық қасиеті өзгергенде, оның молекуласы өзгеріссіз қалады. Заттың химиялық қасиеті оның өзгеруін сипаттайды, яғни заттың химиялық қасиеті оның реакция кезіндегі әрекетесе алуын сипаттайды.
Атом құрлысы. Д. И. Менделеевтің периодтық системасы мен заңы
2.1. Атом құрлысы.
Дәрiстiң мақсаты: атомның квантты-механикалық моделiмен таныстыру; атом орбиталдарын, Бор постулатын, Паули принципiн, электронның 4 кванттық саны сипаттамасын үйрету.
Дәрiстiң жоспары
1. Атом құрлысының квант-механикалық теориясы.
2. Квант сандары. Атом орбитальдарының түрлерi.
3. Энергетикалық деңгейлердiң электрондармен толу ережелерi (Паули принципi, Гунд және Клечковский ережелерi).
Атомның күрделі жұйе оның қүрамында оң және теріс зарядты бөлшектер бар екендігін дәлелдейтін тәжрибелерден кейін, 1911 жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд атом құрылысының ядролық теориясын ұсынды. Бұл теорияны ол а- бөлшекерімен металл пластиканы атқылау кезінде а-бөлшетерінің шашырауына негіздеді.
Бұл теория бойынша атом өте кішкене және ортада орналасқан оң зарядты ядродан тұрады. Теріс зарядты электрондар планеталардың күнді айналатыны сияқты, ядроны айналып жүреді. Атомның массасы түгелдей ядроға шоғырланған.
Атом бейтарап бөлшек. Сондықтан, атомдағы электрондардың зарядтарының қосындысы атом ядросының зарядына тең. Элемент атомының ядросының заряды элементтің периодтық жүйедегі реттік номеріне тең.Сонымен,
элементтің реттік номері оның ядросының зарядын және электрон санын көрсетеді. Ядродағы оң зарятты бөлшек-протон, сонымен қатар атом ядросының құрамына зарядсыз бөлшек нейтрон кіреді, яғни ятом ядросы протоннан және нейтрон тұрады. Атомды сипаттайтын негізгі шама оның ядросының заряды және массалық саны. Атом ядросының заряды протон санымен, массалық саны–протон және нейтрондардың қосындысымен анықталынады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет