Жалпы химия (Дәріс / Лекция) Химияның негiзгi заңдары мен түсiнiктерi


Периодтық заң және периодтық система



бет2/4
Дата20.09.2022
өлшемі28,18 Kb.
#150081
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Жалпы химия
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Периодтық заң және периодтық система.
Дәрiстiң мақсаты: Д.И. Менделеевтiң периодтық заңы туралы бiлiмдерiн бекiту. Химиялық элементтер мен олардың қосылыстар қасиеттерiнiң периодты өзгеруiмен таныстыру.
Дәрiстiң жоспары
1. Д. И. Менделеевтiң периодтық жүйесi.
2. Периодтық жүйедегi элементтердiң құрылымы.
3. Химиялық элементтердiң қасиетi.
Ұзақ және қажырлы жұмысының нәтижесінде 1869 жылы Д.И. Менделеев периодтық заңды ашып, элементердің периодтық жүйесін құрды. Периодтық заң- химияның негізгі заңдарының біріне жатады. Периодтық заң мен элементердің системасы- химия ғылымының сол кездегі аса зор жетістігі және қазырғы химияның негізі болып саналады. Периодтық заң химиялық элементерді, олардың қосылыстарын зерттеуге, заттың құрылысының қалай екенін іздеуге теориялық негіз болды. Көптеген ғылымдар химиялық элементерді белгілі бір жүйеге келтіруге тырысты. Мысалы, 1817 жылы неміс ғалымы И. Доберейнер қасиеттері ұқсас үш элементтің ортаңғысының атомдық массасы екі шеткісінің атомдық массаларының орташа арифметикалық мөлшеріне тең болады деп есептеді. 1864 жылы ағылшын ғалымы Д. Ньюлендс, элементтерді атомдық салмақтарын өсу ретімен орналастырған, сонда әрбір сегізінші элемент бірінші элементтің қасиетін қайталайтындығын байқап, оны октава заңы деп атаған. 1864 жылы неміс ғалымы Л.Мейер элементтерді атомдық массаларының өсу ретімен орналастырып ұқсас элементтердің алты тобын жазған. Мейердің де негіз етіп алғаны элементтердің атомдық салмағы мен валенттілігі болған. Бірақ аталған ғалымдар бір топтағы элементтердің арасындағы кейбір ұқсастығын ғана көрген. Өйткені, олар элементтердің ұқсас топтарын бір-бірінен жеке қарап, ол топтардың арасында байланыс барлығын аша алмаған. Сол себепті ұқсас және ұқсас емес элементтердің топтарын сипаттайтын теориялық болжау айта алмады.
Химиялық байланыс.
Дәрiстiң мақсаты: молекуладағы химиялық байланыстың түрiн анықтау, химиялық байланыстың негiзгi түрлерiмен таныстыру.
Дәрiстiң жоспары
1. Химиялық байланыс тұралы бiлiм.
2. Иондық байланыс.
3. Коваленттiк байланыс. Байланыстың полярлығы.
4. Валенттiк байланыс әдiсi. Молекулярлық орбиталь әдiсi.
5. Металдық байланыс.
6. Сутектi байланыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет