3 Ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы



бет1/6
Дата17.06.2020
өлшемі371,65 Kb.
#73736
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 билет метод


3


1.Ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы.

ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы мынадай кезеңдерден тұрады:

1-кезең. Зерттеу проблемасымен жалпы танысу, оның көкейкестілігін негіздеу, зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбын, нысанын және зерттеу пәнін анықтау. Зерттеудің жалпы және аралық мақсатын анықтау, міндеттерін белгілеу.

2-кезең. Әдіснаманы таңдау-бастапқа тұжырымдама, трек-теориялық ережелер.

3-кезең. Зерттеу болжамын құру-теориялық конструкция, дәлелдерді қажет ететін шындық.

4-кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Анықтаушы экспериментті жүргізу. Мақсаты-бастапқы зерттеудің жай күйін анықтау.

5-кезең. Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру және өткізу.

6-кезең. Зерттеу нәтижесін талдау, талқылау және зерттеу нәтижесін безендіру(өңдеу).

7-кезең. Тәжірибелік ұсыныстар дайындау.

Зерттеулердің барлық әдіснамалық сипаттамалары өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады. Педогогикалық зерттеулер 2 топқа бөлінеді.

1. Теориялық.

2. Эксперементальдық

Теориялық әдістерге: әдебиеттерді талдау, педагогикалық жағдайларды модельдеу, физикалық білім мен оқыту техно-логиясының мазмұнын құрастыру, педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеу және оларға талдау жасау жатады.

Эксперименттік әдістерге:сауалнама жүргізулер және сұқпат алулар, оқу процестерін бақылау, тәжірибелі сабақ беру, тестілеу, сараптамалық бағалау жатады.

Сауалнама жүргізу және сұқпат алу – бұл экспериментке қатысушылардан жауап алудың екі формасы. Сауалнамаға ашық және жабық түрдегі сұрақтар енгізіледі. Сұқпат алу кезінде қойылатын сұрақтар, әдеттегідей, ашық сипатқа ие болады. Сұрақтардың екі тобын бөліп көрсетуге болады: фактілер жөнінде сұрақтар (мектеп нөмірі, жұмыс өтілі т.б.) және пікірлер, себептер, іс-әрекеттер жөнінде (мысалы, физика сабағында өзбетімен жұмыстың қандай формалары ұйымдастырылады т.б.) сұрақтар.

Педагогикалық зерттеулер нәтижиесінде оқыту әдістерінің қайсысы тиімді екені анықталады.

Тиімділік критерииі болып, оқушының меңгерген білімінің көлемі, білім жүйесі, біліктілігі, тереңділігі, саналы түрде меңгеруі жатады.

Педагогикалық зерттеулердің барлық сатыларында теория-лық және эксперименттік әдістер бірігіп қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет