Біз жоғарыда (§ 8) энергия ұғымын жүмыс ұғымы арқылы енгізуде болатындығын айтқан болатынбыз. Сондықтан, бұл сабақты жүмыс туралы өтілген оқу материалдарын кыскаша қайталаудан бастау керек.
a. Энергия ұғымын қалыптастыру үшін алдымен бірнеше тәжірибе көрсеткен дұрыс:
1. Белгілі биіктікке көтерілген гир (дене). Гир қозуалмай түрғанда жүмыс жасалынбайтындығын, құлап келе жатқанда жүмыс жасалынатындығын түсіндіру керек. Олай болса белгілі биіктікке көтерілген жердің жұмыс жасай алатын мүмкіндігі
(қабілеті, қасиеті) бар.
2. Сығылған серіппе. Жазылғанда ол шарикті итереді,
арбашаны қозғайды, жүкті көтереді - қысқасы сығылған серіппенің
жұмыс жасай алатын қабілеті бар.
3. Стол үстінде домалатылған болат шарик. Ол жолына
қойылған арбашаны итереді, цилиндрді домалатады және т. б. -
жұмыс істей алады. Бүл қарастырылған денелерге ортақ қасиет - олардың
жұмыс жасай алатын мүмкіндігінің болуы. Егер денелердің
жұмыс жасай алатын қабілеті болса, онда олардың энергиясы бар деп айтамыз. Олай болса, энергия дегеніміз дененің (денелердің) жүмыс істей алу мүмкіндігін сипаттайтын ерекше физикалык шама. Дене неғұрлым көп жұмыс жасай алатын болса, соғұрлым оның энергиясы да көп. Сондықтан, энергияны жасалуы мүмкін болатын жұмыстың. "қоры" ретінде қарастыруға болады. "Энергия" деген грекшеден аударғанда "іс-әрекет" деген сөз екендігі түсіндіріледі.
Энергиясы бар денелердің жүмыс жасай бермейтіндігін, тек олардың жұмыс жасай алатын қабілетінің болатындығын, сондықтан денелерде энергияның бар екендігін білу жай ғана нәрсе еместігін түсіндіру керек. Денеде энергияның бар екендігін оның жасайтын жұмысы арқылы ғана анықтауға болатындығына тоқталу орынды. Энергия жөнінде А… Эйнштейннің айтқан мына бір мысалын пайдалануға болады: қайсы бір кісінің өте бай болуы мүмкін, бірақ ол байлығын жаратпайтын болса, оның бай екендігін білу мүмкін емес. Сондықтан денелердің энергияға ие болу және оны жоғалту процестеріне ерекше көңіл аударған жөн. Ол үшін оқушылардың күнделікті өмірде жүмыс жасайтын денелерді бақылап жүрген бай практикалық тәжірибесін пайдаланған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |