3. Физиканы оқытудың негізгі сатысында «Жұмыс.Қуат.Энергия» тарауын оқытудың әдістемесі.
Оқушылар бұл тақырыпты өткенге дейін жүмысты адамның әр түрлі еңбегі деп түсінеді, мысалы: дене жүмысы, ой жұмысы, творчестволық жұмыс, т. б. Сондықтан мүғалім сабақта жұмыс үтымының ғылымдағы мазмұнын ашып көрсете білуі тиіс.
Оқушыларға күш әсерінен денелердің қозғалыс жылдамдығының өзгеретіндігі, деформацияланатындығы бұрыннан белгілі.Енді күш әсерінің нәтижесінде едендегі гирді стол бетіне дейін көтеруге, серіппені сығуға, орындықты жылжытуға болатындығын,бұл жағдайларда механикалық жүмыс істелген дігі айтылады. Күш
әсер еткенімен барлық жағдайларда жүмыс жасалына берйейтіндігі түсіндіріледі, мысалы: жіпке ілулі түртан жүк, столға ҡойылған гир, сығылған немесе созылған серіппе, инерциямен қозғалып бара жатқан дене.Механикалық жүмыстың әр түрлі мысалдарын қарастыра отырып, оның негізгі белгілерін анықтау қажет. Ж-мыстың негізгі белгілері түскен күш пен орын ауыстыру екендігін жақсы үгып алуы тиіс. Орын ауыстыру болмаса - жұмыс жок, түсірілген күш болмаса да - жұмыс жоқ. Окушылар жұмысына әсер жасаушы күш пен жүрілген жолға байланысты болатындығы жөнінде
қорытынды жасауы керек.Келесі кезекте сан мәндері берілген нақты мысалдар арқылы
жүмыстың күш және осы күш әсер ететін ара қашықтықлен байланыстылығы тағайындалады. Ол үшін тақтаға екі оқушы шақырылады. Олардың біреуіне 1 кг гирді, ал екіншісіне 5 кг гирдіеденнен стол үстіне көтеру тапсырылады. "Кім көп жұмыс істеді?"деген сүраққа оқушылар дұрыс жауап береді. Сонан соң екі 5 кг гир алынады. Оқушылардың біріншісі гирді еденнен көтеріп столға қояды, екіншісі - орындыққа қояды. Жоғарыдағыдай қойылған сүраққа оқушылар қиналмай жауап береді. Столдың және орындықтың биіктіктері - метрлік сызғышпен _ өлшенеді. Осыдан
мынадай қорытынды жасалады: жүмыс әсер етуші күшке де және
осы күштің әсер етуімен жүрілген жолға да байланысты.Жүмыстың осы екі шаманың көбейтіндісі арқылы өлшенетіндігіайтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |