3 Ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы


Физика сабақтарына қойылатын дидактикалық талаптар. Сабақтың құрылымына қойылатын талаптар



бет2/6
Дата17.06.2020
өлшемі371,65 Kb.
#73736
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 билет метод

2. Физика сабақтарына қойылатын дидактикалық талаптар. Сабақтың құрылымына қойылатын талаптар.

Сабақтың құрылымына қойылатын талаптарда сабақтың дидактикалық және тәрбиелік мақсаты, білім жүйесіндегі оның мәнін дұрыс анықтау қажеттігі туралы айтылады. Физика сабағы талапқа сай өтуі үшін:

1) сабақтың типін анықтап, оның құрылымын (сабақтың барлық кезеңдері бір-бірімен өзара байланыста болу) ойластырып және негіздеу керек;

2) әрбір сабақты алдыңғы және келесі сабақтармен байланыстыру керек;

3) жаңа материалды оқытудың ыңғайлы әдістемелер үйлесімін таңдап алып, қолдану керек;

4) оқушылардың білімдерін жүйелі және әр түрлі бақылауды қамтамасыз ету. Сабақта оқушылардың білімін бақылау әдісте-месін (ауызша жедел сұрақ-жауап, тақтаның алдында сұрау, физикалық диктант, т.б) және үй тапсырмасын тексеру әдістерін жетілдіру (мұғалімнің дәптерлерді тексеру, оқушылардың бір-бірінің есептерін тексеруі, тақтаның алдында есептер шығару және т.б) керек;

5) оқылған материалды қайталау және пысықтау жүйесін ойластыру керек;

6) әірбір сабақтың жалғасы және келесі сабаққа дайындық болатындай, үйге берілетін тапсырманың көлемі анықтап, оның жоспарға сәйкес уақытында берілуі, түсінікті болуы және оқушылардың жеке мүмкіндігі ескерілуі, яғни үй тапсырмасын оқушылардың дайындықтарына қарай қиындық деңгейі бойынша дифференциалдау қажет.

Мұғалім сабақтың өту барысын ойлап, оған жақсы дайындалса ғана сабақ сәтті өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет