Сабақ жоспары. Пәні: Қазақ тілі Тақырыбы



Дата29.03.2017
өлшемі49,46 Kb.
#12694
түріСабақ
Сабақ жоспары.

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Ырықсыз етіс.

Мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, аталған етіс түрінің өзіндік ерекшелігін таныту.

Міндеттері:

  • Ырықсыз етістің мағынасын, тұлғалық ерекшелігін және анықтамасын түсіндіру;

  • Дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Ұжымдасып еңбектенуге, әдептілікке, ұлттық тәлім-тәрбие алуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, жазбаша жұмыстар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тіл білімі, шешендік өнері.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, мақал-мәтелдер жинағы.

Сабақтың өту барысы.

І Ұйымдастыру.

  • Амандасу.

  • Класс тазалығын тексеру.

  • Психологиялық дайындық.

  • Сабақтың мақсатын анықтау.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

«Мақалбай атайдың мақалдары» Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер, құрамындағы етістерді тауып, қалай жасалғандардын айтыңдар.

  1. Бір лақ екі адамда талтаңдатады.

  2. Тұяқ тайға жеткізер,

Тай құнанға жеткізер.

Құнан атқа жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер.

3.Жаман атқа жал бітсе,

Жанына торсық байлатпас.

Жаман адамға мал бітсе,

Жанына қонсы қондырмас.

4.Жолдасы жақсы жауға алдырмайды,

Қара басын дауға қалдырмайды.

5. Өрісті жолға елге жеткізер,

Өзен-су көлге жеткізер.

Соқпақ жолға жеткізер,

Жол молға жеткізер.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

«Мағынаны тану»

Ы Р Ы Қ С Ы З Е Т І С - істі кімнің істегендігі көрсетілмей, тек қана не істелгендігі көрсетілетін етістің бір түрі. Мысалы: шөп тасылды, шөп жиылды, хат жазылды.

Жұрнақтары: -н, -ыл, -іл;

-н, -ін, -ын;

Соңғы аталған жұрнақтар өздік етісте де кездеседі. Бірақ ырықсыз етісті бірінші мағынасына қарап ажыратамыз, мұнда ырықсыз етіс сабақты етістен жасалып, салт етістікке айналады. Мысалы:

Алқымы күшті асаулар,

Ноқтаға басы кер –іл-ді.

Өз малым деп жүрген мал,

Иесіне бер-іл-ді. (Абай)

ІҮ «Деңгейлік тапсырмалар» (кеспе карточкасымен жұмыс).





ІІІ деңгей

Берілген етістіктерден ырықсыз етіс жасаңдар: тану,кигізу, шегеле, қабылдау, сүзу, бүгу.







ІІ деңгей

Берілген етістіктерден ырықсыз етіс жасап, олармен сөз тіркесін құраңдар: шабу,шешу,бөлеу, беру,төсеу.





І деңгей

Берілген етістіктерден ырықсыз етіс жасап, олармен сөйлем құраңдар: тексеру, сөйле, соғу, алу, төлеу, қазу.




Ү Оқулықпен жұмыс.

244-жаттығу. Етістіктердің түбірі мен қосымшасын дефис арқылы ажырату: жина-л-ма-ды, аш-ыл-ды, ат-тан-дыр-ыл-ды.

245-жаттығу. Төленді, салынды, отырғызылды, кешіктірілмеді,шақырылды, өсірілді етістіктерімен сөйлем құрастырыңдар.

ҮІ Тақтамен жұмыс. Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар.

Қой егіз туады,

Бірі қонаққа сойылады,

Бірі қошқар қойылады.


ҮІІ Сабақты бекіту.

«Балама тестін» орындау.

  1. Етіс – етістіктің бір түрі.

Иә + Жоқ.

  1. Етістің бес түрі бар.

Иә. Жоқ+

  1. Ырықсыз етіс-қимылдың басқа біреу арқылы жасалғанын білдіреді.

Иә. Жоқ+

  1. Ырықсыз етіс жұрнақтары: -ыл, -іл, -л.

Иә + Жоқ.

  1. СӨЗ АЙТЫЛДЫ – ырықсыз етіс.

Иә + Жоқ.

ҮІІІ Үйге тапсырма беру.

246-жаттығуды орындау, ережені жаттау. 125-бет.



ІХ Оқушыларды бағалау.


ІІІ деңгей

Берілген етістіктерден ырықсыз етіс жасаңдар: тану,кигізу, шегеле, қабылдау, сүзу, бүгу.







ІІ деңгей

Берілген етістіктерден ырықсыз етіс жасап, олармен сөз тіркесін құраңдар: шабу,шешу,бөлеу, беру,төсеу.



І деңгей

Берілген етістіктерден ырықсыз етіс жасап, олармен сөйлем құраңдар: тексеру, сөйле, соғу, алу, төлеу, қазу.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет