Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет1/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24
Ясауитану 1апта, Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима


1-тақырып. Хордалылар (желілілер) типіне жалпы сипаттама. 
 
Сабақтың мақсаты:
хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен 
танысу. Хордалылар типін жіктеу. 
 
1.
 
Хордалыларға сипаттама 
2.
 
Ғылымға белгілі түр саны 
3.
 
Хордалылырдың жіктелуі 
 
КІЛТТІК СӨЗДЕР: хорда, анамния, амнитота, гомойотермиялы, пойкилотермиялы 
 
Хордалылар (желілілер) типі жануарлар дүниесінің тарихи дамуының (эволюциясының) ең 
жоғары сатысында тұрған тобын құрайды. Бұған дейінгі мектеп бағдарламасында өтілген 
жануарлардың жеке типтерінің бәрі де омыртқасыздар тобына жатады. Ал, омыртқалы жануарлар 
хордалылар типінің бір тип тармағы деп аталады. 
Омыртқасыздарда ішкі қаңқа деген ұғым қолданылмайды, оларда керісінше сыртқы қаңқа 
деген ұғым қолданылады. Өйткені омыртқасыз жануарлардың жеке типтеріне жататын 
жануарларда (ұлуларда, буынаяқтыларда, тікентерілілерде және т.б.) денесінің сыртында ізбесті 
немесе кальций тұздары сіңген, ерекше хитинді түзілістер болады. Оларды сыртқы қаңқа деп 
атайды. Хордалылар типіне жататын жануарларда денесінің арқа тұсында ұзына бойы созылып 
жатқан әрі серпінді, әрі сегменттелмеген ішкі қаңқаның қызметін атқаратаны арқа хордасы (арқа 
желісі) болады. Бұл хордалыларға ғана тән белгі болып саналатындықтан олардың бәрі 
хордалылар типіне топтастырылған. Хордалылар типіне жататын жануарлардың түр саны 40-46 
мыңдай.Хордалылар типіне жататын жануарлар анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне 
байланысты, тіршілік әрекеттерінің айырмашылықтарына сәйкес және шығу тегінің өзгешеліктері 
бойынша 3 тип тармағына бөлінеді. 
Хордалы жануарлардың (желілілердің) жүйеленімі 
Тип 
Хордалылар -(Хордовые) 
I. тобы (группа) 
I.тобы (группа) 
Төменгі сатыдағы хордалылар 
Жоғары сатыдағы хордалылар 
1 тип тармағы (подтип) 
2 тип тармағы(подтип) 
3 тип тармағы (подтип) 
Бассүйексіздер –Acrania
Қабықтылар немесе 
личинкахордалылар 
(Urochordata (Tunicata) 
Омыртқалылар –Vertebrata немесе 
Бассүйектілер –Craniata (черепные) 
1 класс: Басхордалылар 
Cephalochordata
1 класс: Асцидиялар 
1 класс:Дөңгелекауыздылар (Круглоротые) 
2 класс: Сальпалар 
2 класс: Шеміршекті балықтар (Хрящевые 
рыбы) 
3 класс: Аппендикуляриялар 
3 класс: Сүйекті балықтар (Костные рыбы) 
4 класс: Бөшке денелілер 
4 класс: Қосмекенділер (Земноводные) 
5 класс: Отты денелілер 
5 класс: Жорғалаушылар 
(Пресмыкающиеся) 
6 класс: Құстар (Птицы) 
7 класс: Сүтқоректілер (Млекопитающие) 
Бассүйексіздер мен қабықтылар (личинкахордалылар) хордалы жануарлардың төменгі 
сатыдағы тобын құрайды. Ал, омыртқалылар (бассүйектілер) хордалылардың жоғары сатыдағы 
тобына жатады.
Омыртқалы жануарлардың дөңгелекауыздылар класына жататын жануарларда жақ аппараты 
болмайды, сондықтан оларды 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет