Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет6/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24
Ясауитану 1апта, Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима
екі қабатты, сәулелі симметриялы
және 
үш қабатты
екі жақты
симметриялы
жануарлар деп үлкен екі топқа бөледі. Екі қабатты сәулелі симметриялы 
жануарларға – ішекқуыстылар мен тікентерілілілер типтері жатады. Денесі үш қабатты екі жақты 
симметриялы жануарлар құрылыс ерекшеліктеріне байланысты алғашқы (бірінші реттік) 
ауызқуыстылар және екінші реттік ауызқуыстылар деп екі топқа бөлінеді. 
Алғашқы (бірінші реттік) ауызқуыстыларға – жалпақ, жұмыр, буылтық құрттар, ұлулар 
және буынаяқтылар типтері жатады.
Ал, екінші реттік ауызқуыстыларға – тікентерілер мен хордалылар (желілілер) жатады. 
Қандауыршалар (ланцетниктер) хордалы жануарлардың ең қарапайым бассүйексіздер (Acrania) 
тип тармағына жатады. Қанауыршалардың құйрық жүзбе − қанаттарының пішіні үшкірленіп 
келген екі жағы да ұстараға ұқсас өткір медициналық құрал- қандауырға (ланцет) ұқсас 
болғандықтан солай аталған. 
Қандауыршалардың қалдықтары палеозой заманы кембрий кезеңінің бұдан 540-505 млн. 
жыл бұрынғы геологиялық шөгінді жыныстарының арасынан табылған. Сондықтан да, зоолог- 
ғалымдар қандаушаларды ежелгі геологиялық заманнан тіршілік етіп келе жатқан нағыз тірі 
табиғат ескерткіштері деп орынды атайды.
Қандауыршаның құрылысындағы кейбір белгілері омыртқасыз, ал кейбір белгілері 
омыртқалы жануарларға ұқсас болып келеді. Сондықтан да зоолог – ғалымдар қандауыршаларды 
омыртқасыз және омыртқалы жануарларды бір- бірімен байланыстырушы аралық «звено» деп 
санайды.
І. Қандауыршаның омыртқасыздарға ұқсас белгілері: 
1.
Денесінің екі жақты симметриялы болуы. 
2.
Кейбір мүшелерінің (бұлшықеттерінің, нефридия түтікшелерінің т.б.) метамерлі өзара ұқсас 
бөліктерден түзілуі. 
3.
Екінші реттік дене қуысының (целом) пайда болуы. 
4.
Екінші реттік ауыз қуысының пайда болуы. 
5.
Қанайналым жүйесінің буылтық құрттарға ұқсас тұйық болуы. 
6.
Сырттай ұрықтануы. 
7.
Кейбір омыртқасыздарға ұқсас пассивті тіршілік етуі т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет