Білім беру саласы



Дата29.01.2018
өлшемі1,03 Mb.
#36211





Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Жетібай селосы

«Айналайын» балабақшасы

I санатты музыка жетекшісі

Тогайбаева Бахыт Елубаевна


Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің: Музыка

Тақырыбы: «Күзгі жаңбыр»

Мақсаты: әннің сипатын түсініп, эмоцияларымен көрсете білуге дағдыландыру. Әуеннің ауыспалы сипатын беруге,табиғат құбылысын музыкамен байланыстыра білуге үйрету. Дикцияның тазалығына, әнді анық айту қабілетін дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: күзгі жаңбырды бейнелейтін суреттерден

слайд шоу, күзгі жапырақтар, жаңбырдың тамшылары, компьютер, проектор

Қажетті құрал-жабдықтар: металлофон аспабы

Сөздік жұмыс: дикция, эмоция.


Оқу іс -әрекетінің

кезеңдері

Музыка жетекшісінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Вальс»(Қ.Шілдебаев) әуенімен балаларды қарсы алып, ырғаққа ілесе, аяқ ұшымен шеңбер бойымен жүруді үйретеді.

Бір-бірлеп орындарына отырады.

-Балалар, барлығымыз әуенмен әдемілеп қонақтармен сәлемдесейік

-Балалар, әдемілеп ән айту үшін жаттығу жасайық.

Дауыс жаттығуы:

«Күзгі жел»

Балалардың жаттығуды дұрыс жасауын қадағалау. Жаттығу кезінде дұрыс тыныс алуын, бір-бірін тыңдауын қадағалау

«Вальс» ырғағымен жүруге тырысады


Дауыс жаттығуларын таза орындауға дағдыланады

Ұйымдастырушылық-ізденістік

(Қонақ келу)



-Балалар, біздің әдемі дауысымызды естіп ортамызға Күз ханшайымы келіп қалыпты

-Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы

Күз ханшайымы:

-Сәлеметсіздерме!

Әсем өрен достарым

Өмірге көп қосқаным

Қымбатты сый алыңдар

Қызығыма қаныңдар

Молайттыңдар шаттықты

Ән айтайық бақытты.

Жетекші:___-Балалар,_Күз_ханшайымымен_бірге_ән_айтамыз_ба___-Ендеше_барлығымыз_орнымыздан_тұрып,_«Урожай_собирай»'>Жетекші:

-Балалар, Күз ханшайымымен бірге ән айтамыз ба?

-Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып, «Урожай собирай» әнін орындайық.

Балаларды шеңберге тұрғызады. Жетекші балаларды таңдап алып, бастарына көкөністердің атрибуттарын кигізеді. Балалардан көкөністердің қазақша - орысша атауларын сұрайды. Әнді рольдерге бөлініп орындайды.

(Қызықты сәт: ән аяқталғанда «аспанды бұлттар» жауып, күннің күркіреген дыбысы сетіледі. Жаңбырдың жауған дыбысы шығады)

-Ой, балалар, жаңбыр жауып кетті. Қане барлығымыз қолшатырдың астына тығылайық.

-Балалар, байқадыңдар ма, жаңбыр жауар алдында аспанды қара бұлт торлап, күн күркірейді

-Балалар, қазір жылдың күз мезгілі. Күз мезгілінде жаңбырдың астында ойнауға болмайды.

-Күзгі жаңбыр өте салқын болады.

Жаңбырдың астында жүрсеңдер ауырып қалуларың мүмкін

-Сондықтан күзде жаңбыр жауса үйде жылы жерде отырыу керек.

-Ал ендеше, балалар, жаңбыр басылғанша әдемі ән тыңдайық.

(Балалар қолшатырдың астында отырып ән тыңдайды)



-Бүгінгі тыңдайтын әнімізді композитор Кеңес Дүсекеев ағамыз жазған екен.

Композитор К.Дүйсекеев туралы мәлімет беріп,суретін көрсетіп таныстырады. Ақын Ш.Сариев туралы айтып өту.

Ән тыңдау: «Жау-жау,жаңбыр»

(К.Дүйсекеев, Ш.Сариев).

Ән мәтіні туралы сұрап,балардың жауаптарын тыңдап,

толықтырып, түсіндіреді.

-Ой, балалар, жаңбыр басылған сияқты. Ендеше барлығымыз

шеңберге тұрып бойларымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:

Күркіреді күн-күн,

(қолдарын жоғары көтереді)

Терезелер шың-шың

(қолдарын жоғары көтерген күйі алақандарын соғады)

Жауды жаңбыр топ-топ,

(қолдарын белдеріне қойып, аяқтарын топылдатады)

Шелек-шелек көп-көп

(қолдарын жоғары көтеріп, жаңбыр жауған қимыл жасайды)

Жон арқаңды тос-тос,

(тізелерін бүгіп, қодарын жинап бүкшйіп отырып қалады)

Күнбағыс боп өс-өс. (қолдарын жоғары көтеріп орындарында секіреді)



Аспапта ойнау:

-Балалар, бүгін біз металлафон аспабында ойнауды үйренеміз

«Тамшылар» (румын халық әні,өңдеген Т.Попатенко)

әуеніне металлофонда ойнап үйрету.Таяқшаны дұрыс ұстап соға білуге, әуенді тыңдап, қалыспай ойнауға дағдыландыру.





-Сәлеметсізбе!

- Ия
Балалар рольдерге бөлініп әнді мәнерлеп орындауға тырысады
Балалар қол шатырдың астына тығылады

Балалар өз ойларын айтып, жетекшінің ескертілерін естеріне сақтауға тырысады.

Балалар сұрақтарға жауап береді,

ән мазмұнын толық түсінеді.

Композитор туралы мәлімет алады.

Орындарынан тұрып бойларын сергітеді

Металлофонда әуенді дәл ырғағымен,таза орындауға машықтанады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Күз мезгіліндегі құбылыстарды айтып беріңдерші

-Қай композитор туралы естіп,білдіңдер?

-Бүгінгі танысқан әніміз қалай аталады?

Жетекші:

-Күз ханшаймы, сізге бізбен бірге болған ұнады ма?

Күз ханшайымы:

- Ия.

Жетекші:

-Күз ханшайымы, сіз балалармен бірге серуенге барғыңыз келе ме?

Күз ханшайымы:

-Ия

Жетекші:

-Балалар, Күз ханшайымын серуенге бірге ерітіп кетесіңдер ме?

Мен сендерге бүгінгі оқу іс- әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін жаңбыр тамшыларын естелікке беремін. Осы тамшылардай мөлдір таза болыңдар

-Бүгінгі оқу іс- әрекетіміз аяқталды.

Ендеше сау болыңдар!

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Оқу іс-әрекетінде үйренгендерін еске сақтауға талпынады.

-Ия


Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: естіген әннің сипатын, екпінін, динамикасын ажыратуды, табиғат құбылысын музыкамен байланыстара білуді.

Игерді: металлофон аспабында бірге ойнауды, әнді бірге және жеке нақышына келтіре орындауды.

Меңгерді: әуеннің ауыспалы сипатын ажыратуды, әннің көңіл күйін динамикаларымен көрсете білуді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет