Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы
Жұмыс оқу бағдарламасы
«Отбасы социологиясы» пәні бойынша
6М050100 «Әлеуметтану» мамандығы магистранттарына арналған
Павлодар
1 Пәннің мақсаты: осы пән шеңберiнде алған бiлiмдер мен дағдыларды талдай білу және ары қарай кәсiби қызметте қолдану үшiн магистранттарға арнайы социологиялық теория ретіндегі отбасы социологиясы туралы, отбасының объектiлі – пәндік саласы, қоғамдағы орны мен ролі, құрылымы мен функциялары, қалыптасу тарихы мен дамуы, зерттеу әдiстерi және тағы басқалар туралы мәлiмет беру.
Пәннің міндеттері:
- әлеуметтану және гендер пәндерінiң тоғысқан жерінде пайда болған отбасы социологиясы ғылымының құрылымы мен ерекшелiгiн неғұрлым толық ашу;
- негізгі әлеуметтік институттардың бірі ретіндегі отбасының қазіргі орны мен ролін және отбасымен байланысты, қоғамда кең таралған ажырасу, жетімдік, ерте некелер, толық емес отбасылар, отбасындағы қақтығыстар сияқты мәселелерді анықтау, осы мәселелерді шешу бойынша қабылданған шараларды талдау;
- қазіргі әлем мен Қазақстандағы отбасылық-некелік қатынастардың жағдайын талдау, отбасы мен некенің ары қарай нығаюының негіздері мен маңыздылығын ашу;
- отбасы мен некенің әлемдік қоғамдық үрдістердің индустриализациясы, модернизациясы, ғаламдануы жағдайындағы ролін қарастыру; рассмотреть
Пәнді оқыту нәтижесінде магистранттар білуі керек:
- отбасылық-некелік қатынастарды талдау әдiстерiн;
- отбасы және неке институттарының қазiргi даму тенденцияларын;
- ең маңызды әлеуметтiк институт ретіндегі отбасы мен некенің даму тарихы және оны зерттеуде қолданылатын жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдiстерді;;
- отбасылық-некелік қатынастардың социологиялық талдауының пәндiк облысын.
Пәнді оқыту нәтижесінде магистранттар жасай алуы керек:
- осы пәннiң шеңберiнде алынған бiлiмдер мен дағдыларды кәсiби қызметте қолдану;
- отбасы және неке әлеуметтануының пәндік облысын басқа ортақ әлеуметтiк мәселелер мен әлеуметтанулық теориялардан бөлу;
- бүкіл ғаламшар адамдарының өмiрiн қанағаттандырудың ең маңызды мүмкiндiгi ретіндегі алғашқы әлеуметтiк қауымдастық күйiн бейнелейтін қазiргi отбасылық-некелік ахуалды талдау.
2 Пререквизиттер
- шетел әлеуметтануының тарихы;
- әлеуметтанулық зерттеулердiң әдiстерi;
3 Постреквизиттер
- әлеуметтанулық мәлiметтердi өңдеу және талдаудың әдiстерi;
- халықтың ғаламдық мәселелерi;
- қоғамның әлеуметтiк құрылымы.
Пәннің
тақырыптық жоспары
|
|
ПМУ ҰС 7.18.2/07
|
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптың атауы
|
Сабақ түрлері бойынша контактілік сағаттар саны
|
Дәр
|
Тәж
|
Лаб
|
Студ
|
Инд
|
МӨЖ
|
1
|
Отбасы әлеуметтануының пәні
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
2
|
Отбасы ұғымы: қызметтері мен құрылымы
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
3
|
Отбасы құрылымдарының типологиялары
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
4
|
Отбасы әлеуметтануының жеке пән ретінде қалыптасуы
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
5
|
Отбасының әлеуметтік институт ретіндегі тарихи өзгеруі
|
2
|
1
|
|
|
|
6
|
6
|
Отбасындағы әлеуметтену
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
7
|
Отбасылық бірлік, отбасының өмірлік циклы
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
8
|
Отбасының репродуктивті мінез-құлқы
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
9
|
Отбасылық мінез-құлық
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
10
|
Неке және ажырасу
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
11
|
Отбасын зерттеудегі сандық тәсілдер
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
12
|
Отбасын сапалық зерттеу әдістемелері
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
13
|
Отбасының институционалды дағдарысы теориясы
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
14
|
ҚР отбасы және отбасы саясаты
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
15
|
Отбасымен әлеуметтік жұмыс
|
2
|
1
|
-
|
-
|
-
|
6
|
|
барлығы
|
30
|
15
|
-
|
-
|
-
|
90
|
4.2 Пәннің мазмұны
1-тақырып Отбасы әлеуметтануының пәні
Отбасы әлеуметтануы әлеуметтік білім саласы ретінде. Ғылымның объектісі. Отбасы әлеуметтануының пәнінің анықтамасы. Отбасының макро- және микроәлеуметтануы. Ғылыми танымның құрылымындағы отбасы әлеуметтануының әдіснамалық негіздері. Отбасы әлеуметтануы адамдар тобының (отбасының) өмір сүру әрекетінің және мәдениетінің ерекше саласы ретінде. Отбасы әлеуметтануының әлеуметтанулық ғылымдар жүйесіндегі орны.
2-тақырып Отбасы ұғымы: қызметтері мен құрылымы
Отбасының анықтамасы. Отбасының құрылымы және отбасы мүшелерінің қызметтік міндеттері. Отбасының қызметтері. Отбасының спецификалық және спецификалық емес қызметтері. Отбасының репродуктивті, экзистенциалды, әлеуметтендіру қызметтері. отбасының тәрбиелік, шаруашылық-тұрмыстық, эмоционалдық, рухани қарым-қатынас, әлеуметтік бақылау қызметтері.
3-тақырып Отбасы құрылымдарының типологиялары
Жұбайлық, туыстық және ата-аналық сипаттағы отбасы құрылымдары. Моногамдық және полигамдық неке. Эндогамдық және экзогамдық неке. Агамия және инцестке қойылатын тиым ұғымдары. Билік көрсеткіші бойынша патриархалды, матриархалды және эгалитарлы отбасылар түрлері. Серіктестік отбасылар және олардың түрлері. Синкратиялық және коллегиалды отбасылар. Автономды отбасылар. Патрилокальды, матрилокальды, унилокольды, эванкюлелокальды және неолокальды отбасылар. Гомогенді, гетерогенді, гомогамды және гетерогамды отбасылар. Кеңейтілген және нуклеарлы отбасылар. Құрамдас немесе күрделі нуклеарлы отбасылар, қайталанған отбасылар. Репродуктивті отбасы және бағдарлық отбасылар. Көпбалалы және жалғыз балалы отбасылар.
4-тақырып Отбасы әлеуметтануының жеке пән ретінде қалыптасуы
Отбасын зерттеу тарихы. Әлеуметтанудың пайда болуына дейінгі отбасы туралы көзқарастар. Платон, Аристотель, Гоббс, Руссо, Милль еңбектері. И.Я.Бахофен, Дж.Ф. Мак-Леннан, Ж.Ф.Лафито, Дж.Миллер, Д.Иениш, Л.Морган еңбектері. Әлеуметтік институт ретіндегі отбасын зерттеудің эволюциялық және функционалдық тәсілдері. Отбасын зерттеудегі ресейлік әлеуметтанушылардың қосқан үлестері: М.М.Ковалевский, Ю.И.Семенов, С.П.Толстов, М.О.Косвен, т.б. Отбасын эмпирикалық зерттеу. Отбасын әлеуметтік институт және шағын топ ретінде қарастыру. Отбасы әлеуметтануының дамуындағы қазіргі кезең. И.Кон, Г. Н. Андреева, Н. Бердяев, М. С. Мацковский, А.Г.Харчев, Я. Щепанский, С. И. Голод, А. И. Антонов еңбектеріндегі неке және отбасы мәселелері. Н. А. Аитов, М. М. Тажин, К. Г. Габдуллина, З. Ж. Жаназарова, С. И. Оспанов, М. Б. Татимов, т.б. еңбектеріндегі қазақстандық отбасының қазіргі жағдайын зерттеу.
5-тақырып Отбасының әлеуметтік институт ретіндегі тарихи өзгеруі
Тарихтағы отбасыға дейінгі кезең. Топтық неке ұғымы. Көпбалалылықтың әлеуметтік нормалары жүйесі. Индустрияға дейінгі кезеңдегі отбасы. Орта ғасырлардағы патриархалды отбасы. Майорат қағидасы. Индустрияға дейінгі кезеңдегі отбасының өмір салты. Отбасы және индустриализация. Көпбалалы болу нормалары жүйесінің жойылуы. Отбасы институтының тиімділігі критерийлері.
6-тақырып Отбасындағы әлеуметтену
Жалпы және отбасылық әлеуметтену ұғымдары. Әлеуметтенудің басқа институттарымен салыстырғандағы отбасының ролі. Жалпы әлеуметтену отбасындағы тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқының диспозициялық құрылымының қалыптасуы ретінде. Отбасылық әлеуметтену және бала құқығы. Отбасылық әлеуметтенудің тарихи ерекшеліктері. ХV-XX ғғ. балаларды тәрбиелеудің әлеуметтік-мәдени үлгілері және оларды әлеуметтік оқшаулаудың түрлері. Әлеуметтенуді зерттеудегі қазіргі әлеуметтанулық тәсілдер. Феминизм және отбасындағы гендерлік әлеуметтену.
7-тақырып Отбасылық бірлік, отбасының өмірлік циклы
Отбасы әлеуметтік-символдық бірлік ретінде. Отбасындағы бірлесе өмір сүру тиімділігі. Отбасының өмірлік циклы. Отбасының өмір циклының толық болмауы. Отбасын генеалогиялық зерттеу. Геносоциограмма – ерекшеліктері мен мәні. Отбасындағы тұлғааралық қатынастар. Отбасындағы бірінші және екінші ретті қатынастар қайшылығы. «Отбасылық мәнсап» ұғымы. Модальды немесе бұзылмаған отбасы. Отбасылық бірлікті зерттеудегі әлеуметтанулық және психологиялық көзқарастардың ерекшеліктері.
8-тақырып Отбасының репродуктивті мінез-құлқы
Балалы болудың әлеуметтік нормалары немесе репродуктивті нормалар. Репродуктивті мінез-құлық: ұғымы, құрылымы. Репродуктивті үрдіс және репродуктивті цикл. Балалы болу қажеттілігі және репродуктивті бағдарлар. Репродуктивті мотивтер және оларды әлеуметтанулық өлшеу. Балалардың пайда болуының әлеуметтік, экономикалық, психологиялық мотивтері. Балалы болудың әйел және ерлер ішіндегі мотивтері. Балалы болу қажеттілігінің бағдарлары өлшемдері. Репродуктивті жағдайларды мәселелік және қарапайым тұрғыдан анықтау. Отбасының репродуктивті мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктері.
9-тақырып Отбасылық мінез-құлық
Отбасылық мінез-құлық диспозициясы. Жұбайлар қажеттіліктерінің сәйкестігі. Некелік және ажырасулық мінез-құлық. Некелік статус пен некелік серіктестік қажеттілігі. Некемен қанағаттану және некенің тұрақтылығы. Отбасының ынтымақтастығы. Әлеуметтенулік немесе ата-аналық мінез-құлық. Ата-ана позицияларының типологиясы. Өзін-өзі сақтау немесе экзистенционалды мінез-құлық. Денсаулық әлеуметтануы және отбасы әлеуметтануы.
10-тақырып Неке және ажырасу
Неке мен ажырасу ұғымдары. Неке мен ажырасудың мотивтерін зерттеу. Отбасылық өмірді жоспарлауға, отбасылық қақтығыстардың пайда болуы мен алдын алуға әсер ететін әлеуметтік және психологиялық факторлар. Отбасының жойылуының алдын алу. Отбасындағы интеграция және дезинтеграция. Неке және ажырасу қазіргі заманда – нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында. Ажырасулар статистикасы.
11-тақырып Отбасын зерттеудегі сандық тәсілдер
Отбасын зерттеудегі жүйелік тәсіл. Мәліметтердің деформациясын болдырмау мақсатындағы әлеуметтанулық зерттеу процедуралары. Сұрау, бақылау және контент-талдау әдістеріндегі зерттеу объектісі мен жағдайлардың өзара әрекеті. Фамилистикадағы сұрау әдісін қолдануда пікірлерді қалыптастыру және білдіру үрдістерін зерттеу ерекшеліктері. Сандық және сапалық әдістердің өзара бірін бірі толықтыруы.
12-тақырып Отбасын сапалық зерттеу әдістемелері
Сапалық зерттеулердің түрлері, тактикалары және процедуралары. Сапалық зерттеудің практикумы. Сапалық зерттеулерді фамилистикалық және феминистік парадигмалары өкілдерінің қолдануы ерекшеліктері. Фамилистік зерттеулердің контент-талдауы. Көркем әдебиеттерді, фольклорды, сурет өнерін, жарнаманы талдау ерекшеліктері. Отбасы және балалар құндылықтарының әдеби мәтіндердегі индикаторлары. Отбасы құрылымдарын зерттеудегі индикаторларды статистикалық талдау. Ауыхша тарих әдісінің ерекшеліктері. Биографиялық сұхбат әдісі.
13-тақырып Отбасының институционалды дағдарысы теориясы
Отбасындағы институционалды қақтығыстар. Отбасы ішілік ролдер мен интеракциялар қақтығысы. Аз балалы және көп ажырасулы отбасылар – қақтығыстар негізі ретінде. Жастардың отбасы және өз денсаулығы туралы көзқарастарының қайшылықтары. Отбасылық және кәсіби ролдердің қақтығысы. Ерлер мен әйелдердің эмансипациясы. Индивидуалды құндылықтардың және отбасы құрылымдарының деформациясы. Отбасының негативті имиджін құрудағы БАҚ ролі.
14-тақырып ҚР отбасы және отбасы саясаты
Қазақстандағы отбасы және мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің басты ерекшелігі ретінде. Отбасы мәселелері – толық емес отбасы, ажырасу, ерлі-зайыптылар жанжалы, жалғызбастылар мәселесі. Некелік-отбасылық қатынас бүгінгі таңдағы аса маңызды қоғамдық-саяси мәселе ретінде. Отбасы тіршілік әрекетінің экономикада, саясатта және мәдениетте жүретін үрдістермен және саяси-әлеуметтік шындықпен байланысы. Отбасы жағдайы және мемлекеттің отбасы саясатын жүзеге асыру өзекті мәселе ретінде. Отбасы саясаты – жалпы саясаттың бір бөлігі ретінде. ҚР отбасылардың даму ерекшеліктері, жаңа түрлері, өзгеруі. Отбасын әлеуметтік қорғау.
15-тақырып Отбасымен әлеуметтік жұмыс
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың негіздері. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың міндеттері мен құрылымы. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың формалары мен әдістері. Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиялары Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың отандық тарихы Отбасы жағдайын әлеуметтік – психологиялық анықтау. Отбасының заман талабына сай мәселелері. Жас отбасы әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде.
4.3 Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны
1) 2-тақырып Отбасы ұғымы: қызметтері мен құрылымы
1 Ғылыми танымның құрылымындағы отбасы әлеуметтануының әдіснамалық негіздері.
2 Отбасы әлеуметтануы адамдар тобының (отбасының) өмір сүру әрекетінің және мәдениетінің ерекше саласы ретінде.
3 Отбасы әлеуметтануының әлеуметтанулық ғылымдар жүйесіндегі орны.
4 Отбасының репродуктивті, экзистенциалды, әлеуметтендіру қызметтері.
2) 3-тақырып Отбасы құрылымдарының типологиялары
1 Патрилокальды, матрилокальды, унилокольды, эванкюлелокальды және неолокальды отбасылар.
2 Гомогенді, гетерогенді, гомогамды және гетерогамды отбасылар.
3 Кеңейтілген және нуклеарлы отбасылар.
4 Көпбалалы және жалғыз балалы отбасылар.
3) 4-тақырып Отбасы әлеуметтануының жеке пән ретінде қалыптасуы
1 Отбасын әлеуметтік институт және шағын топ ретінде қарастыру.
2 Отбасы әлеуметтануының дамуындағы қазіргі кезең.
3 Н. А. Аитов, М. М. Тажин, К. Г. Габдуллина, З. Ж. Жаназарова, С. И. Оспанов, М. Б. Татимов, т.б. еңбектеріндегі қазақстандық отбасының қазіргі жағдайын зерттеу.
4) 5-тақырып Отбасының әлеуметтік институт ретіндегі тарихи өзгеруі
1 Отбасы және индустриализация.
2 Көпбалалы болу нормалары жүйесінің жойылуы.
3 Отбасы институтының тиімділігі критерийлері.
5) 6-тақырып Отбасындағы әлеуметтену
1 ХV-XX ғғ. балаларды тәрбиелеудің әлеуметтік-мәдени үлгілері және оларды әлеуметтік оқшаулаудың түрлері.
2 Әлеуметтенуді зерттеудегі қазіргі әлеуметтанулық тәсілдер.
3 Феминизм және отбасындағы гендерлік әлеуметтену.
6) 7-тақырып Отбасылық бірлік, отбасының өмірлік циклы
1 «Отбасылық мәнсап» ұғымы.
2 Модальды немесе бұзылмаған отбасы.
3 Отбасылық бірлікті зерттеудегі әлеуметтанулық және психологиялық көзқарастардың ерекшеліктері.
7) 8-тақырып Отбасының репродуктивті мінез-құлқы
1 Балалы болу қажеттілігінің бағдарлары өлшемдері.
2 Репродуктивті жағдайларды мәселелік және қарапайым тұрғыдан анықтау.
3 Отбасының репродуктивті мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктері.
8) 9-тақырып Отбасылық мінез-құлық
1 Әлеуметтенулік немесе ата-аналық мінез-құлық.
2 Ата-ана позицияларының типологиясы.
3 Өзін-өзі сақтау немесе экзистенционалды мінез-құлық.
4 Денсаулық әлеуметтануы және отбасы әлеуметтануы.
9) 10-тақырып Неке және ажырасу
1 Отбасының жойылуының алдын алу.
2 Отбасындағы интеграция және дезинтеграция.
3 Неке және ажырасу қазіргі заманда – нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында.
4 Ажырасулар статистикасы.
10) 11-тақырып Отбасын зерттеудегі сандық тәсілдер
1 Сұрау, бақылау және контент-талдау әдістеріндегі зерттеу объектісі мен жағдайлардың өзара әрекеті.
2 Сандық және сапалық әдістердің өзара бірін бірі толықтыруы.
11) 12-тақырып Отбасын сапалық зерттеу әдістемелері
1 Отбасы құрылымдарын зерттеудегі индикаторларды статистикалық талдау.
2 Ауызша тарих әдісінің ерекшеліктері.
3 Биографиялық сұхбат әдісі.
12) 13-тақырып Отбасының институционалды дағдарысы теориясы
1 Жастардың отбасы және өз денсаулығы туралы көзқарастарының қайшылықтары.
2 Отбасылық және кәсіби ролдердің қақтығысы.
3 Отбасының негативті имиджін құрудағы БАҚ ролі.
13) 14-тақырып ҚР отбасы және отбасы саясаты
1 Отбасы мәселелері – толық емес отбасы, ажырасу, ерлі-зайыптылар жанжалы, жалғызбастылар мәселесі.
2 Отбасы саясаты – жалпы саясаттың бір бөлігі ретінде.
3 Отбасын әлеуметтік қорғау.
14) 15-тақырып Отбасымен әлеуметтік жұмыс
1 Отбасы жағдайын әлеуметтік – психологиялық анықтау.
2 Отбасының заман талабына сай мәселелері.
3 Жас отбасы әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде.
4.4 Магистранттың өзіндік жұмысының мазмұны
4.4.1 МӨЖ түрлерінің тізімі
№
|
СөЖ түрі
|
Есеп беру түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағат бойынша көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындалу
|
|
Сабаққа қатысу
|
0,5*30=15
|
2
|
Тәжірибе сабақтарына дайындалу
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
2*15=30
|
2
|
Тәжірибе сабақтарына қатысу, үй тапсырмаларын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу, ауызша жауап
|
1*15=15
|
3
|
Аудиториялық сабақтар мазмұнына енбеген материалдарды игеру
|
Материалдар конспектісі, кестелер құру, т.б.
|
Сабаққа қатысу, ауызша жауап
|
1*15=15
|
4
|
Межелгі бақылауға дайындық
|
Тест тапсыру нәтижесі
|
МБ 1, МБ 2
|
2*7,5=15
|
Барлығы:
|
90
|
4.4.2 өз бетінше оқып, үйренуге арналған тақырыптар
1) 1-тақырып Отбасы әлеуметтануының пәні
Отбасы әлеуметтануының пәнінің анықтамасы. Отбасының макро- және микроәлеуметтануы. Отбасы әлеуметтануы адамдар тобының (отбасының) өмір сүру әрекетінің және мәдениетінің ерекше саласы ретінде. Отбасы әлеуметтануының әлеуметтанулық ғылымдар жүйесіндегі орны.
ұсынылатын әдебиет: [3, бб. 15-28]
2) 2-тақырып Отбасы ұғымы: қызметтері мен құрылымы
Отбасының құрылымы және отбасы мүшелерінің қызметтік міндеттері. Отбасының спецификалық және спецификалық емес қызметтері. Отбасының тәрбиелік, шаруашылық-тұрмыстық, эмоциональдық, рухани қарым-қатынас, әлеуметтік бақылау қызметтері.
ұсынылатын әдебиет: [3, бб. 56-61]
3) 3-тақырып Отбасы құрылымдарының типологиялары
Серіктестік отбасылар және олардың түрлері. Синкратиялық және коллегиалды отбасылар. Автономды отбасылар. Патрилокальды, матрилокальды, унилокольды, эванкюлелокальды және неолокальды отбасылар. Құрамдас немесе күрделі нуклеарлы отбасылар, қайталанған отбасылар. Репродуктивті отбасы және бағдарлық отбасылар.
ұсынылатын әдебиет: [4, бб. 88-102]
4) 4-тақырып Отбасы әлеуметтануының жеке пән ретінде қалыптасуы
Әлеуметтанудың пайда болуына дейінгі отбасы туралы көзқарастар. Әлеуметтік институт ретіндегі отбасын зерттеудің эволюциялық және функционалдық тәсілдері. Отбасын зерттеудегі ресейлік әлеуметтанушылардың қосқан үлестері. Отбасы әлеуметтануының дамуындағы қазіргі кезең.
ұсынылатын әдебиет: [4, 118-125]
5) 5-тақырып Отбасының әлеуметтік институт ретіндегі тарихи өзгеруі
Топтық неке ұғымы. Орта ғасырлардағы патриархалды отбасы. Майорат қағидасы. Индустрияға дейінгі кезеңдегі отбасының өмір салты. Отбасы және индустриализация.
ұсынылатын әдебиет: [5, бб. 135-138]
6) 6-тақырып Отбасындағы әлеуметтену
Отбасылық әлеуметтену және бала құқығы. Отбасылық әлеуметтенудің тарихи ерекшеліктері. ХV-XX ғғ. балаларды тәрбиелеудің әлеуметтік-мәдени үлгілері және оларды әлеуметтік оқшаулаудың түрлері. Әлеуметтенуді зерттеудегі қазіргі әлеуметтанулық тәсілдер.
ұсынылатын әдебиет: [7, бб. 97-115]
7) 7-тақырып Отбасылық бірлік, отбасының өмірлік циклы
Отбасын генеалогиялық зерттеу. Геносоциограмма – ерекшеліктері мен мәні. Модальды немесе бұзылмаған отбасы. Отбасылық бірлікті зерттеудегі әлеуметтанулық және психологиялық көзқарастардың ерекшеліктері.
ұсынылатын әдебиет: [7, бб. 229-258]
8) 8-тақырып Отбасының репродуктивті мінез-құлқы
Балалардың пайда болуының әлеуметтік, экономикалық, психологиялық мотивтері. Балалы болудың әйел және ерлер ішіндегі мотивтері. Репродуктивті жағдайларды мәселелік және қарапайым тұрғыдан анықтау.
ұсынылатын әдебиет: [10, бб. 268-275]
9) 9-тақырып Отбасылық мінез-құлық
Некелік статус пен некелік серіктестік қажеттілігі. Некемен қанағаттану және некенің тұрақтылығы. Өзін-өзі сақтау немесе экзистенционалды мінез-құлық.
ұсынылатын әдебиет: [10, бб. 307-324]
10) 10-тақырып Неке және ажырасу
Отбасының жойылуының алдын алу. Отбасындағы интеграция және дезинтеграция. Неке және ажырасу қазіргі заманда – нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында.
ұсынылатын әдебиет: [13, бб. 155-168]
11) 11-тақырып Отбасын зерттеудегі сандық тәсілдер
Фамилистикадағы сұрау әдісін қолдануда пікірлерді қалыптастыру және білдіру үрдістерін зерттеу ерекшеліктері. Сандық және сапалық әдістердің өзара бірін бірі толықтыруы.
ұсынылатын әдебиет: [4, бб. 396-408]
12) 12-тақырып Отбасын сапалық зерттеу әдістемелері
Көркем әдебиеттерді, фольклорды, сурет өнерін, жарнаманы талдау ерекшеліктері. Отбасы және балалар құндылықтарының әдеби мәтіндердегі индикаторлары.
ұсынылатын әдебиет: [6, бб. 148-155]
13) 13-тақырып Отбасының институционалды дағдарысы теориясы
Ерлер мен әйелдердің эмансипациясы. Индивидуалды құндылықтардың және отбасы құрылымдарының деформациясы. Отбасының негативті имиджін құрудағы БАҚ ролі.
ұсынылатын әдебиет: [10, бб. 366-378]
14) 14-тақырып ҚР отбасы және отбасы саясаты
Отбасы тіршілік әрекетінің экономикада, саясатта және мәдениетте жүретін үрдістермен және саяси-әлеуметтік шындықпен байланысы. Отбасы жағдайы және мемлекеттің отбасы саясатын жүзеге асыру өзекті мәселе ретінде..
ұсынылатын әдебиет: [5, бб. 235-247]
15) 15-тақырып Отбасымен әлеуметтік жұмыс
Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиялары Отбасының заман талабына сай мәселелері. Жас отбасы әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде.
ұсынылатын әдебиет: [6, бб. 415-422]
5 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1 Әбдікерова Г. О.Тұлға әлеуметтануы: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы : Қазақ ун-тi, 2009
2 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
3 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
4 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
Қосымша:
5 Антонова, А. И. Социология семьи : учебник для студ. вузов, обучающихся по спец. "Социология".-2-е изд., перераб. и доп. М. : ИНФРА-М, 2009
6 Арын Е. М. Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк. Әлеуметтану және саясаттану Павлодар : ЭКО, 2006
7 Әлеуметтану : Оксфорд сөздiгi. Алматы: Қазақстан, 2002
8 Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы: оқулық. Алматы : Заң әдебиетi, 2005
9 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004
10 Колесникова Г. И., Кабарухина И. А., Мирошниченко В. Н.Социология и психология семьи. Ростов н/Д : Феникс, 2007
11 Рахметов, Қ. Ж., Болатова, А. Н., Исмағамбетова, З. Н. Социология. Алматы : Өлке, 2005
12 Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы, 2005
13 Ынтымақов С. А., Карпушина Т.Д. Отбасы құқығы : практикум Алматы : Заң әдебиетi, 2002
Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме
|
|
Нысан
ПМУ ҰС 7.18.3/32
|
6М050100 «әлеуметтану» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан
көшірме
«Отбасы социологиясы» пәні бойынша
Оқу формасы
|
Пәннің еңбек көлемі
|
Семестрлер бойынша бақылау формасы
|
Семестр
|
Магистранттардың семестрлер бойынша жұмыс көлемі
|
кредиттер
|
академиялық сағаттар
|
емт
|
сын
|
КЖ
|
кж
|
кредиттер
|
аудиториялық сабақтар (ак.сағат)
|
МӨЖ (ак.сағат)
|
барл
|
дәр
|
тәж
|
лаб
|
барл
|
МӨЖМ
|
барлығы
|
ауд
|
МӨЖ
|
ЖОБ негізіндегі күндізгі
|
3
|
135
|
45
|
90
|
5
|
-
|
-
|
-
|
1
|
3
|
45
|
30
|
15
|
-
|
90
|
22,5
|
ӘжС кафедрасының меңгерушісі Иренов Г.Н.
26.04.2012 ж.