Қатар саны
|
Тақырыбы
|
Сағат
саны
|
Уақыты
|
1.
|
Сөз сыры туралы түсінік
|
1
|
2. 09.
|
2.
|
Мақал – сөздің мәйегі.
|
3
|
9,16, 23.09.
|
3.
|
Жаңылтпаштар жаттайық!
|
2
|
30.09., 7.10.
|
4.
|
Жұмбақтар шешейік!
|
2
|
14,21.10.
|
5.
|
Қайталау.
|
1
|
28.10.
|
«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН» Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп Маңғыстау аудандық білім
директоры Б.Б.Бисенов үйлестіру орталығының
директоры С.Бусаханова
________________________ ________________________
«_____» ___________ 2017ж. «_____» ___________2017ж.
«ЗЕРДЕ»
танымдық үйірмесі
4 «А» сыныбына арналған үйірме жоспары
Үйірме жетекшісі: Қошабаева Айша Сенбайқызы
2017-2018
Түсінік хат
Мәнерлеп оқу үйірмесі 2-сынып оқушыларына арналған. Үйірме аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, әдебиет сабақтарына қызығушылықтарын арттырады.
Үйірмеге тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп аша білетін оқушылар тартылады.
Үйірменің оқу материалына халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді.
Сондықтан сыныптан тыс үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу көзделеді.
Үйірменің мақсаты:
Оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
Үйірменің міндеті:
- Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;
- Көркем әдебиет жанрына байланысты өлең, шығарма жазуға дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;
- Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады.
Достарыңызбен бөлісу: |