Кіріспе сөз:-Армысыздар, құрметті қонақтар,7 «А»сынып оқушыларының дайындаған «Тілін сүйген-елін сүйер» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сабағымыз «Тілдер мерекесіне»орай дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды.Мақсатымыз-тіл өнерінің биік шыңы-шешендік өнердің өміршең құндылықтары,мәні мен маңызы туралы ойымызды ортаға салып,түйінді пікір айтуға машықтанамыз.Тәрбиелік мақсатымыз тіл құдіретіне деген құрмет,тіл болашағына деген жауапкершілікті сезіну.
Ана тілің біліп қой,
Бостандығын теңдігін.
Ана тілін біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындылыды.
Тіл-халық тарихы,тіл-ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз,барымыз. Жыл сайын 22-қыркүйек тілдер мерекесін тойлаймыз.Тілдер мерекесі құтты болсын!
Қазақ тілім-саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім-ана тілім,ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым,тілегім,бар арманым.
-Тіл мәдениет,тіл- әдебиет,тіл- тарих демекші бүгін тіл туралы ойымызды ортаға салмақпыз.
Тапсырмалар жоспары: «Тілің үшін таяқ жеген кезің болды ма?»/тілге байланысты қызықты оқиға даярлау/
«Бала тілі-бал» дегенге қосылыамын/бүлдіршіннің қызықты тілі туралы мысал келтіру немесе бала кездегі оқиға/
«Тіл» туралы өлең шығаруға қалайсыңдар? /өлең шумақтарын өз ойымен шығару/
«Тіл» туралы кино түсіру керек/сценарий жазу,дайындау/
«Тіл» туралы әнді көрініспен көрсету қажет/жанды бейнеклип дайындап,көрсету/
Бүгінгі тақырыпқа байланысты «Газет»шығару/журналистер тіл туралы/
Әдеби монтаж:
Оқушылар тілге байланысты өлең-жырларын мәнерлеп айтады.
Баршаңызға айтарым,
Ана тілін сүйіндер!
Шаттығымыз,барымыз
Тіл екенің біліндер!
Слайд-шоу көрсету-тілге байланысты
Тілге байланысты мақал-мәтелдердердің мағынасын ашу
Өнер алды-қызыл тіл.Ана тіл-асыл қазына.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.Тіл-адамды,адам-тілді танытқан.Тіл-тағдыр,ол туралы ойлану керек.Тілді жасау мүмкін емес,өйткені оны халық туғызады,филологтар тек оның заңдарын ашып,жүйеге келтіреді,
ал жазушылар тек осы тілде өз өнерін ұштайды.
Бірде төмен,бірде шығып жоғары
Сөз сөйлесең,қозғалыста болады?/тіл/
-Тілің үшін таяқ жеген кезің болды ма?/қызықты оқиға даярлау/
-Тіл туралы жаңа ақпараттар кім жинап келді?/сұрау/
-Тіл туралы қара сөздерді талдау.
Ана тілім-бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Өз тілімде ән шырқап,
Термелетіп балқыдым.
-дей келе келесі кезекті «Ана тілі» әніне берейік./тіл туралы ән/