«Қасиетті ана тілім, бал тілім» атты мақал-мәтелдер сайысының ережесі жалпы ереже Осы ереже «Қасиетті ана тілім, бал тілім»



Дата27.12.2016
өлшемі91,24 Kb.
«Қасиетті ана тілім, бал тілім» атты мақал-мәтелдер сайысының

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже «Қасиетті ана тілім, бал тілім» мақал-мәтелдер сайысының өткізудің тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі – Сайыс);

1.2. Сайыстың ұйымдастырушысы А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы

1.3. Сайыс Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында өткізіледі



  1. Сайыс мақсаты:

  1. Мемлекеттік тілді насихаттау, дамыту және жан-жақты қолдануын кеңейту;

  2. Мемлекеттік тілді дәріптеу, оның мәртебесін көтеру, басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілге деген қызығушылығын ояту;

  3. Ұлттық ауыз әдебиеті арқылы жастардың о-өрісін, білімін кеңейту

  1. Сайыс шарттары:

    1. Сайысқа орта мектептердің 5-6 сынып оқушылары қатыса алады;

    2. Сайыс 2015 жылдың 18 қыркүйек күні өткізіледі;

    3. Сайыс кезеңдері:

1 тапсырма. «Таныстыру» (ақпараттық техниканы қолданысқа алып, өлең арқылы өздерін таныстыру (орындау уақыты -  3 мин.);

2 тапсырма.  Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу (билет жүйесі бойынша);

  1. тапсырма. Мақал-мәтелдер арқылы әңгіме құрастыру (билет жүйесі бойынша - 3 мин.);

4 тапсырма. Сұрақ-жауап (қойылған сұрақтарға мақалдап жауап беру - 3-5 мин.)

  1. Бағалау шарттары

Қатысушылардың шығармашылығын бағалаудың негізгі шарттары:

-  тіл байлығы, мәдениеті, дауыс ырғағы;

-  жауап мазмұндылығы;

-  артистік мәнері мен мәдениеті



5. Марапаттау

Жеңімпаздар диплом, алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтармен марапатталады.


Сайысқа қатысу өтінімдері 2015 жылдың 13 қыркүйегіне дейін А.Гайдар атындағы Орталық қалалық кітапханада (Бейбітшілік көшесі, 19, тел.: 60157), төменде келтірген нұсқаға сәйкес қабылданады.




Тегі, аты-жөні

Туған жылы

Оқу орны

Жетекшінің тегі, аты-жөні

Байланыс телефоны

 

 

 

 




 



«Шашекемдей саңқылдап...» сайысының

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ереже

    1. Осы ереже «Шашекемдей саңқылдап...» сайысының өткізудің тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі – Сайыс);

1.2. Сайыстың ұйымдастырушысы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапхана-филиалы;

1.3. Сайыс ақын Шашубай Қошқарбаұлының 150-жылдық мерейтойына орай өткізіледі


2. Сайыс мақсаты:

    1. Шашубай Қошқарбайұлының шығармашылығын насихаттау;

2.2. Оқушылардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;

2.3. Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

2.4 Әртістік қабілеті бар балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.
3.Сайыс шарттары:


    1. Сайысқа 10 сынып оқушылары қатыса алады, топ 4-5 адамнан құрылуы тиіс;

    2. Сайыс 2015 жылдың 29 қазан күні өткізіледі;

    3. Сайыс кезеңдері:

1 кезең. «Таныстыру» (топ мүшелері өздерін өлең немесе театрландырылған көрініс арқылы таныстырады);

2 кезең. «Өнерлінің өрісі кең» (Шашубай Қошқарбайұлының шығармашылығын орындау – көрініс көрсету, өлең оқу, әндерін айту);

3 кезең. Сұрақ-жауап (Шашубай Қошқарбайұлының өмірінен және шығармашылығынан қойылған сұрақтарға жауап беру)

4. Марапаттау

Жеңімпаздар диплом, алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтармен марапатталады.


5.Өтінімдерді қабылдау

Сайысқа қатысу өтінімдер 2015 жылдың 25 қазанына дейін №4 кітапхана филиалында қабылданады (М.Хамзин атындағы мәдениет сарайы, 2-ші қабаты), тел.: 58031






Топ мүшелерінің тегі, аты-жөні

Оқу орны

Жетекшінің тегі, аты-жөні

Байланыс телефондары

 

 

 




 

«Балаларға күн шуағын сыйлайық» шығармашылық сайсының

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ереже:

    1. Осы ереже «Балаларға күн шуағын сыйлайық» шығармашылық сайысының өткізудің тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі – Сайыс);

    2. Сайыс Халықаралық балаларды қорғау күніне қарсы өткізіледі;

1.3. Сайыстың ұйымдастырушысы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №2 кітапхана-филиалы


  1. Мақсаты мен міндеті:

- өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

- дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.




  1. Сайыс өткізілу мерзімі:

Сайыс 2015 жылдың 1 маусым күні өткізіледі


  1. Бағалау шарттары:

  • Жұмыстың мазмұны байқау тақырыбына қатыстылығы;

  • Бірегейлік, шығармашылық ерекшелік, тақырыпты кезектен тыс ашып көрсету;

  • Көркем шеберлігі



  1. Сайыс шарттары:

    1. Сайысқа 4-5 сынып оқушылары қатысып, топ 3-4 адамнан құрылуы тиіс.

    2. Әр топ өздерінің салған суреттерін әділқазылар алқасының алдында қорғайды.

    3. Өтінімдер 2015 жылдың 26 мамырына дейін Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №2 кітапхана-филиалында қабылданады (3 ы.а., №22 үй, тел.: 48300). Өтінімде топ атауы, қатысушылардың тегі, аты-жөні, жетекшінің тегі, аты-жөні, байланыс телефондары көрсетіледі.



  1. Марапаттау

Жеңімпаздар мадақтамалар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.


«Менің салған суретім» сурет салу сайысының

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ереже

    1. Осы ереже «Менің салған суретім» сурет салу сайысының өткізудің тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі – Сайыс);

    2. Сайыс Халықаралық балаларды қорғау күніне қарсы өткізіледі;

1.3. Сайыстың ұйымдастырушысы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №5 кітапхана-филиалы


  1. Сайыстың мақсаты мен міндеті:

    1. Барлық балалар мен жасөспірімдердің бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру;

    2. Суреттер салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу.

  2. Қатысушылар, мерзімі мен өткізу орны

    1. Сайыс 7 мен 12 жас аралығындағы Қоңырат ы.а. орта мектептерінің оқушылары арасында өткізіледі;

    2. Сайыс 2016 жылдың 1 маусым күні өткізіледі




  1. Жұмыстарды бағалау шарттары:

    1. Суреттің тақырыпқа қатыстылығы;

    2. Идеялардың бірегейлігі;

    3. Көркем шеберлігі

  2. Сайыс нәтижелерін шығару, марапаттау

    1. Бағалау шарттарына сәйкес әділқазылар алқасы үздік жұмыстарды таңдап, жеңімпаздарды марапаттайды;

    2. Алқа шешімі бойынша қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталады:

  • «Көрермен көзайымы!»

  • «Бүгінгі күннің үздік суреті!»

  • «Сурет көркемділігі!»

Сайысқа қатысу өтінімдер 2015 жылдың 26 мамырына дейін келесі мекен-жайы бойынша қабылданады: Балқаш қаласы Қоңырат ы.а., клуб, Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №5 кітапхана-филиалы.

Байланыс телефондары: 8(71036) 64733

Өтінім формасы:


  • Қатысушының тегі, аты-жөні, жасы, жетекшінің тегі, аты-жөні, байланыс телефондары



«Әрқашан күн сөнбесін» асфальтта сурет салу сайысының

ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ереже

1.1. Осы ереже «Әрқашан күн сөнбесін» асфальтта сурет салу сайысы Халықаралық балаларды қорғау күні мерекелеу жоспарына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі – Сайыс);

1.2. Сайыстың ұйымдастырушысы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №3 кітапхана-филиалы



2.Сайыстың мақсаты мен міндеті

    1. Барлық балалар мен жасөспірімдердің бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру;

    2. Суреттер салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу;

    3. Жеке қасиеттерін дамыту, шығармашылық іс-әрекет арқылы, ұжымда ортақ мақсаттарға жеткен кезде баланың коммуникативтік қасиеттерін қалыптастыру.

3.Қатысушылар, айыс өткізудің уақыты мен орны

3.1. Сайыста 9 бен 12 жас аралығындағы балалар қатыса алады;

3.2. Сайыс 2015 жылдың 1 маусым күні №7 мектеп-гимназиясының ауласында өткізіледі;

3.3. Байқауды ұйымдастырушылар әрбір қатысушыға өз композициясын жасау үшін белгілі бір аумақты қамтамасыз етеді.



4.Қорытындылау және марапаттау:

    1. Байқау қатысушыларының жинаған ұпай санына байланысты қазылар алқасы үздік қатысушыларды анықтайды және оларды марапаттайды;

    2. Байқау қатысушылары дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталады;

    3. Қазылар алқасы топтарға келесі номинациялар бойынша ынталандыру сыйлықтарын беруі мүмкін:

  • «Көрермен көзайымы!»

  • «Бүгінгі күннің үздік суреті!»

  • «Сурет көркемділігі!»

5.Өтінімдерді қабылдау

5.1. Өтінімдер 2015 жылдың 27 мамырына дейін қабылданады;

5.2. Өтінімдер келесі мекен-жайы бойынша қабылданады: Балқаш қаласы, Сәтбаев ы.а., 10, Орталықтандырылған кітапхана-жүйесінің №3 кітапхана-филиалы;

Өтінім:


- қатысушының тегі, аты-жөні;

- жасы;


- оқу орны;

- жетекшінің тегі, аты-жөні;



- байланыс телефоны
Каталог: files -> userfiles -> metodicheskaya sluzhba
metodicheskaya sluzhba -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
metodicheskaya sluzhba -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
metodicheskaya sluzhba -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
metodicheskaya sluzhba -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі
metodicheskaya sluzhba -> «ГҮл мереке, КҮн мереке – 8 наурыз» халықаралық Әйелдер күніне арналған орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары арасындағы сайыстың сценарийі
metodicheskaya sluzhba -> «кітапханашының Өзін ұстау және сөйлеу мәдениеті» жас кітапханашылармен әңгімелесу Мақсаты
metodicheskaya sluzhba -> Семинар-практикумының бағдарламасы: 31 наурыз 2016 ж. 09-00
metodicheskaya sluzhba -> Сценарий презентации выставки «конституция тәуелсіздік кепілі. Конституция гарант независимости»


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу