«Мұғалім жетістігі шеберлігінде» облыстық байқауы туралы ереже Жалпы ережелер. Осы Ереже «Мұғалім жетістігі шеберлігінде»



Дата08.09.2017
өлшемі47,93 Kb.
#30552
БҚО білім басқармасының

2016 жылғы «____»____________ №________ бұйрығына

1 қосымша

«Мұғалім жетістігі шеберлігінде»

облыстық байқауы туралы ереже


  1. Жалпы ережелер.

    1. Осы Ереже «Мұғалім жетістігі шеберлігінде» облыстық байқауының өткізілу тәртібі мен міндеттерін анықтайды.

    2. Байқауды облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырады.




  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Шығармашылықпен жұмыстанатын жас мұғалімдерді анықтау, қолдау көрсету;

2.2. Жас мұғалімдердің кәсіби мәртебесін  көтеру;

2.3. Жас мұғалімдерді жаңа идеяларды және қызмет түрлерін іздеуге түрткі болу;

2.4. Педагогикалық қоғамда жас мұғалімдердің жетістіктерін тарату.




  1. Байқауға қатысушылар

    1. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің жас информатика пәні мұғалімдері (0-3 жыл еңбек өтілі бар) қатыса алады.




  1. Байқаудың өткізілу уақыты мен тәртібі

    1. Байқау ағымдағы жылдың 28 ақпан мен 16 наурызы аралығында 2 кезең бойынша өткізіледі.

    2. І-ші кезең - аудандық(қалалық) 2016 жылдың 27 қаңтары мен 25 ақпаны аралығында өткізіледі. Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінен І-ші кезеңнің женімпазы, облыстық мектептерден бір мұғалім қатысады. Сұраныс үлгіге сай қабылданады.

    3. ІІ-ші кезең – облыстық 2016 жылдың 15-16 наурызы аралығында өткізіледі. (өтетін орны сұраныстың түсуіне байланысты хабарланады). Байқауға қатысушылар бірінші күні ашық сабақ (оқытылу тіліне байланысты мектеп анықталады) береді, екінші күні электрондық тест тапсырады, шығармашылық есеп береді (қорғау уақыты 7-10 минуттан аспауы керек.)

    4. Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері 2016 жылдың 1 наурызына дейін облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының №109 кабинетіне байқауға қатысу сұранысты, байқаудың аудандық(қалалық) кезеңінің хаттама көшірмесін тапсыру қажет.




  1. Сабаққа қойылатын талаптар.

    1. Мұғалім күнтізбелік тақырыпқа, оқытылу тіліне сай оқушыларға сабақ береді. Бір сабақ 15 минуттан үш мұғалім береді (үй тапсырмасын сұрау, жаңа тақырыпты түсіндіру, сабақты бекіту). Сабақтың бөлімін таңдау 2016 жылдың 4 наурызы күні сағат 15.00-де он-лайн режимінде жүргізіледі.

    2. Сабаққа қойылатын талаптар:

  1. Мұғалімнің теориялық білімі.

  2. Уақытты тиімді пайдалануы.

  3. Сабақ үрдісінде жаңа оқыту технологияларын қолдануы.

  4. Техникалық оқу құралдарын пайдалануы.

  5. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы.

  6. Оқушылардың белсенділігі.

  7. Техника қауіпсіздік ережесінің сақталуы.

  8. Педагогикалық мәдениеті.




  1. Шығармашылық есепке қойылатын талаптар.

    1. Шығармашылық есепті презентация, бейнефильм турінде жасауға болады. Шығармашылық есеп төмендегі бөлімдерді қамтуы тиіс.




  1. Ақпараттық парақ (Аты-жөні, туған күні, айы, жылы, ұлты, білімі, бітірген оқу орны, мамандығы, еңбек өтілі, санаты(болса), әдістемелік тақырыбы, мекен-жайы, жұмыс орны атауы, фотосурет);

  2. Біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі жөніндегі сертификаттар(болса);

  3. Шығармашылық топ, семинар, конференцияларға қатысқандығы туралы құжаттар(семинар бағдарламалары, бұйрықтар);

  4. Іс-тәжірибе тарату материалдары(болса);

  5. Ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар (сабақ жоспарлары, фото, хаттамадан суырма);

  6. Сабақ, сабақтан тыс шаралар көріністері (фото, бейнефильм).

  7. Оқушылар жетістігі (оқушылардың олимпиада, байқаулардан алған грамоталары мен алғыс хаттары);

  8. Мұғалім жетістігі(мұғалімнің грамоталары);

  9. Білім мониторингісі(кесте, диаграмма).



  1. Байқау қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

    1. Байқау финалының қорытындыларын қазылар алқасы шығарады.

    2. Облыстық байқаудың жеңімпаздары үшін 3 жүлделі орын белгіленеді:

I орын – біреу;

II орын – біреу;

III орын – біреу.

Сонымен бірге, қазылар алқасының шешімімен қосымша номинациялар тағайындалады.



    1. Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.




  1. Байқауды қаржыландыру

    1. Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңін ұйымдастыру және оны қаржыландыру аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің есебінен жүргізіледі.

    2. Облыстық қорытынды кезеңін ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындар бекітілген сметаға сәйкес облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының есебінен жүзеге асырылады.

    3. Байқаудың облыстық қорытынды кезеңіне қатысушылардың іссапар шығындары іссапарға жолдаушы мекеменің есебінен төленеді.

e-mail: zkociso@mail.ru – ұйымдастыру комитеті

Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 72 үй, 109 кабинет.

Байланыс телефоны: 26-04-64,



веб-сайт: www.ciso.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет