Өткізілу күні: 12. 10. 11ж. Өткізілу уақыты



бет1/4
Дата19.11.2016
өлшемі253,82 Kb.
#2027
  1   2   3   4
Тақырыбы: «Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. Автотербелістер. Транзисторлы генератор2»

Өткізілу күні:12.10.11ж.

Өткізілу уақыты:14.30

Өткізілу орны: Көкшетау қаласындағы физика-матеатика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалім: Алтынбеков АС

Қатысушылар:11-сынып оқушылары



Пән:Физика

Сабақтың мақсатты: Оқушылардың тақырып бойынша білім алуға жұмысын ұйымдастыру. Автотербелістер, транзисторлы генератор тақырыптары бойынша оқушылардың тәжірибелер жасау арқылы шешімге келуін ұйымдастыру, есептер шығару арқылы айнымалы ток тақырыбы бойынша білімдерін бекіту.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабағымды Абай Құнанбаевтің мына сөздерімен бастағым келеді.



Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз.

Абай Құнанбаев

Сабақтың құрылымы:

  • үйге тапсырма.

  1. Жаңа тақырып өтпес бұрын өткен сабағымызда өтілген ұғымдарды еске түсіріп алайық. Өткен сабақта зерттеген актив, сыйымдылық және индуктивті кедергілерді қайталайық.


1.1 Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі



Бізге бұрынан таныс R кедергіні айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі деп атайды. Жылу энергиясы тек активті кедергіде бөлінеді, яғни тек активті кедергісі бар жүктеме ғана генератордан алынған энергияны жұтады. Ток күші мен кернеудің лездік мәндері үшін Ом заңы орындалады. Кернеумен ток күшінің тербеліс фазалары бірдей болады. Диаграммада айнымалы ток күшінің амплитудасы мен айнымалы кернеудің амплитудасы параллель векторлар түрінде кескінделеді.



1.2 Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі




;

Конденсатор қосылған тізбектен тұрақты ток жүрмейді, бұл жағдайда тізбек тұйық емес, конденсатордың астарларының арасы диэлектрикпен бөлінген. Бірақ конденсаторды айнымалы кернеу көзіне қосса, ол үнемі қайта зарядталып отырады да тізбек арқылы ток жүреді.



Айнымалы ток тізбегінде конденсатор болғанда: тізбектегі ток күшінің тербелістері кернеу тербелістерінен фаза бойынша π/2- озады. Векторлық диаграмада ток күші мен кернеу амплитудасы векторларының арасындағы бұрыш π/2-ге тең.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет