Қыз бала 6 жаста. Жедел жәрдем дәрігерінен алынған актив бойынша учаскелік дәрігер барып, үйінде қараған.
Шағымдары: ұстамалы жөтел, ысқырықты тыныс. Қыз бала қалыпты өткен, І жүктіліктен мерзімінде туылған. Туғандағы салмағы 3400г, бойы 52 см, нәрестелік кезеңі ерекшеліксіз өткен. 2 айынан бастап, жасанды тамақтандырылған. 1 жасқа дейін балалар экземасымен ауырған. Шоколадқа, құлпынайға, жұмыртқаға аллергиясы бар (терісіне бөртпелер шығып кетеді).
Отбасылық анамнезі: анасында рецедивті есекжем, әкесінде асқазанның жара ауруы бар. 3 және 4 жасында, май айында, қыз балада қала сыртында тұншығу ұстамасы пайда болған. Қала ішіне келгесін өздігінен жойылған. Нағыз ұстама тағамға шоколад пайдаланған соң білінген. Жедел жәрдем дәрігерімен шұғыл шаралар жүргізілген. Ұстамасы жойылған. Учаскелік дәрігерге активке берілген.
Қарағанда жағдай орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, көзінің асты көгерген. Ұртында, құлақ артында қол-аяқтарының тері қыртыстарында құрғақ қабыршықтану, қосудан қалған іздер байқалады. Географиялық тіл, ауыз бұрышы тілінген. Өкпесінде ысқырықты тыныс қашықтан естіледі. Тыныс шығаруы ұзарған. ТЖ-1 минутта 28 рет. Перкуторлы өкпе бетінде қорапты реңдік дыбыс анықталады.
Аускультативті: өкпенің барлық алаңында құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек шектері: оң жағы- төстің оң жағынан 1 см ішкері, сол жағынан сол жақ орта бұғана сызығынан 1 см ішкері, тондары тұйықталған. ЖСЖ-72рет/мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан +2 см шығыңқы. Талағы пальпацияланбайды.
Қанның жалпы анализі: : Нв-118 г/л, Эр-4,3 х10 /л, лейк.-5,8х10 /л, т/я-1%, с/я-48%, э-14%, лимф-29%, м-8%, ЭТЖ-3 мм/сағ.
Жалпы зәр анализі: мөлшері-100,0мл, салыстырмалы тығыздығы-1016, кілегей-жоқ, лейкоциттер- 3-4 к/а, эритроциттер-жоқ.
Кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарылаған, бронх өкпе суреті түбір аймағында күшейген, ошақты көлеңкелер жоқ.
ТАПСЫРМА: 1. Сіздің диагнозыңыз? Диагнозды негіздеу.
2. Қажет емді тағайындаңыз