Сабақ жоспарлары (9-сынып) Көмекші құрал



бет1/2
Дата04.07.2018
өлшемі290,5 Kb.
#46724
  1   2

Қ.Мухамеджанов


Информатика пәнінен жаңа педагогикалық технологиялар арқылы өткізілетің сабақ жоспарлары

(9-сынып)

Көмекші құрал



Авторы: Қ.Мухамеджанов

Көмекші құрал

Көкшетау қаласы, Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық (қазақ тілінде оқытылатын) колледжі.

Пікір жазған:

Ұсынылып отырған әдістемелік құралдын мақсаты информатика сабақтарын түрлендірудегі жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы әрбір оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру, информатикалық білім мен шығармашылығын қалыптастыру.

Кафедра ортасында талқыланып, бекітуге ұсынылады.

Хаттама №___ <<___ >>_____________2013 жыл .

Алғы сөз

Қазіргі оқыту үрдісінде оқушыларға көптеген мағлұматтарды беру қиындап барады, тіпті мүмкән емес деуге болады. Сондықтан оқушылардың танымдық қаблетін, қызығушылығын арттырып, оларды оқуға, жана тақырыпқа деген ынтасын көтеру керек .

Білім беру барысында оқушылардын білімінің жоғары, ойлау қаблеті жан жақты, оқуға қызығу мен белсенділігін арттыруы мұғалімнің теориялық, практикалық, методикалық білім денгейіне ұстаздық шеберлігі мен қаблетінің жоғары болуына байланысты.

Мектеп оқушыларынын информатика пәнің оқып үйренуге деген ішкі қызығушылықтары мол. Информатика пәнін оқытудағы ең бірінші қызығушылық оқушылардын компьютерде болып табылады.Ол балалардын ішкі құпия туындысын және жаңа мүмкіндіктерге деген қадам тудырады

Әдістемелік құралда информатика пәнінең тақырыптарға байланысты жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығының өсуін де белсенділену барысында логикалық ойлауын дамытады, пәнге деген қызығушылығы артады.

9-cынып


Сабақтын тақырыбы: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта,

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма.

Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:

  1. Жалпы

  2. ДК-де жұмысты бастау алдында

  3. Жұмыс істеу кезінде

  4. Авариялық жағдайларда

  5. Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
    розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  2. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  1. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйымсалынады.

  2. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
    Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

  1. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.

  2. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:



  1. ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см)
    сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.

  2. Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
    жаттығу орындау керек.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін,өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.


ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.


АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру);

  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағыматериалдарды пайдаланып босату;

  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек
    көрсету;

  4. Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
    жакын жердегі емдеу мекемесінен).


Күйгенде көмек керсету:

  1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);

  2. Күйген жеріне май жағу (винилин);

  3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;

  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
    жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Талып қалғанда көмек көрсету:

1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;

2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі токтағанда көмек көрсету:


  1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған
    болса. қолмен орнына келтіру;

  2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
    жакын жердегі емдеу мекемесінен).

  3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан-ауызға) керек.

КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР

1-жаттығу

  • Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

  • Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.

Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.

2-жаттығу

  • Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.

  • Көздерінді талдырмандар.

  • Алысқа қадалын қарандар.

3-жаттығу

  • Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалын қарандар.

4-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.

  • Алысқа қадалып қарандар.

5-жаттығу

  • Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.

  • Алысқа қадалып қараңцар

6-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып караңдар.

7-жаттығу

-Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.





Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау.

9-cынып


Сабақтың тақырыбы: Шарттарды ұйымдастыру операторлары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шарт, шарт арқылы тармақтау және таңдау операторларының жазылу тәртібімен таныстыру, тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;

Дамытушылық: Программалау ұғымын дамыту;

Тәрбиелік: Ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйеліне тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері , тест-программа.

Сабақ типі: сұқбаттасу

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

Журнал толтыру;

Оқушылардың назарын сабаққа бұру,



ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)

Үй жұмысын тексеру (№5, 9, 10 есептер (74бет).),



ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Копьютермен оқушының сұқбат программасын көрсетеміз.

Компьютер-оқушының сұқбаты:

Экрандағы ақпарат

Сары жазуға назар аударайық. Қалай ойлайсыңдар, компьютер оқушының өзінен 7 жас үлкен екенін қалай «біліп» тұр? ...

Осындай мәселелерді шешу үшін программалық тілде шартты операторлар қолданылады.



Шарт дегеніміз жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым (сұрақ). Шарты бар операторларды құрама немесе күрделі дейді.

.



    1. Тармақтаушы оператор – шарттың сақталуына/сақталмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.

Паскалдағы жазылу түрі:

Толық тармақтау

Блок-схема

if <шарт> then 1-оператор else 2-оператор;

шарт сақталса жауабы «иә» болып 1-оператор атқарылады және керісінше.

мыс:

gas:=15;


if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’)

else write(‘сен менен ’,jas-8,’ үлкенсің’);

Жоғарыдағы сұраққа назар салыңдар.







Қысқаша тармақтау

Блок-схема

if <шарт> then оператор;

шарт сақталса жауабы «иә» болып оператор атқарылады, сақталмаса («жоқ») компьютер келесі операторды орындауға өтеді..

мыс:

gas:=15;


if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’);




Енді жоғарыдағы сұқбатты программалап көрелік. ЕСЕП: Компьютер атыңды сұрайтын, содан соң өзнің қанша жас кіші/үлкен екенін айтатын проргамма жазыңыз.


Каталог: uploads -> doc -> 0a3e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a3e -> Сабақтың тақырыбы: Штрихтау (Натюрморт) Сабақтың мақсаты: А) Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет