БҚО білім басқармасының
2015 жылғы «____»____________ №________ бұйрығына
1 қосымша
«Мұғалім жетістігі шеберлігінде»
облыстық байқауы туралы ереже
Жалпы ережелер.
Осы Ереже «Мұғалім жетістігі шеберлігінде» облыстық байқауының өткізілу тәртібі мен міндеттерін анықтайды.
Байқауды облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырады.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Шығармашылықпен жұмыстанатын жас мұғалімдерді анықтау, қолдау көрсету;
2.2. Жас мұғалімдердің кәсіби мәртебесін көтеру;
2.3. Жас мұғалімдерді жаңа идеяларды және қызмет түрлерін іздеуге түрткі болу;
2.4. Педагогикалық қоғамда жас мұғалімдердің жетістіктерін тарату.
Байқауға қатысушылар
Байқауға жалпы білім беретін мектептердің жас информатика пәні мұғалімдері (0-3 жыл еңбек өтілі бар) қатыса алады.
Байқаудың өткізілу уақыты мен тәртібі
Байқау ағымдағы жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында 2 кезең бойынша өткізіледі.
І-ші кезең - аудандық(қалалық) 2015 жылдың 20 сәуір - 2 мамыр аралығында өткізіледі. Аудандық(қалалық) кезеңге аудан(қала) мектептерінің барлық информатика пәні бойынша жас мұғалімдер қатысуы қажет. І-ші кезеңнің қорытындысы бойынша аудандық(қалалық) білім беру бөлімдері, облыстық мектептер байқаудың ІІ-ші облыстық кезеңіне қатысуға сұраныс жіберулері қажет (әр ауданнан, облыстық мектептерден және Орал қаласынан бір мұғалімнен).
ІІ-ші кезең - облыстық 2015 жылдың 4 - 20 мамыр аралығында өткізіледі. Байқауға қатысушылар ағымдағы жылдың 6 мамырына дейін портфолио және бір сабақтың бейнежазбасын ұйымдастыру комитетіне тапсыру керек. Байқаудың облыстық қорытынды кезеңі 2015 жылдың 20 мамыр күні сағат 9.00-де №216 кабинетте өтеді. Байқаудың қорытынды кезеңінде «Менің білім берудегі бастамам» педагогикалық жобасын қорғайды, қорғау уақыты 7-10 минуттан аспауы керек. Жобаны алдын-ала дайындайды, өзінің қызметіне сай. (бейнефильм, презентация түрінде жасауға болады
Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері 2015 жылдың 6 мамырына дейін облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының №109 кабинетіне байқауға қатысу сұраныс, мұғалімнің портфолиосі, бейнежазба және байқаудың аудандық(қалалық) кезеңінің хаттама көшірмесін тапсыру қажет.
Портфолиоге қойылатын талаптар.
Педагог портфолиосі файлдық бір түсте болу керек. Әрбір көрсетілген бөлімнің титулдық беті, бірыңғай стильмен(фон, шрифт) безендіріледі. Портфолио төмендегі бөлімдерді қамтуы қажет.
Ақпараттық парақ (Аты-жөні, туған күні, айы, жылы, ұлты, білімі, бітірген оқу орны, мамандығы, еңбек өтілі, санаты(болса), әдістемелік тақырыбы, мекен-жайы, жұмыс орны атауы, фотосурет);
Папка мазмұны;
Жеке куәлік көшірмесі;
Білім туралы дипломның көшірмесі;
Еңбек кітапшасының көшірмесі;
Біліктілік санатын алғандығы жөніндегі куәлік(болса);
Біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі жөніндегі сертификаттар(болса);
Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы бойынша шығармашылық есебі;
Шығармашылық топ, семинар, конференцияларға қатысқандығы туралы құжаттар(семинар бағдарламалары, бұйрықтар);
Іс-тәжірибе тарату материалдары(болса);
Ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар (сабақ жоспарлары, фото, хаттамадан суырма);
Педагог қызметкердің кәсіби құзыреттілігін тәуелсіз бағалау (психологтан мінездеме);
Мінездемелер (мектеп басшысынан, ә/б жетекшісінен, бірінші немесе жоғары санатты информатика пәні мұғалімінен немесе информатика пәні әдіскерінен);
Оқушылар жетістігі (оқушылардың олимпиада, байқаулардан алған грамоталары мен алғыс хаттары);
Мұғалім жетістігі(мұғалімнің грамоталары);
Білім мониторингісі(кесте, диаграмма).
Бейнежазба.
Мұғалім информатика пәні бойынша өткізген сабағын түсіріп, бейнежазбасын тапсырады. Мұғалім сыныпты, тақырыпты таңдауға құқылы. Бейнежазбадағы сабаққа қойылатын талаптар.
Ұйымдастыру бөлімі;
Сабақтың мақсатын дұрыс және айқын қоюы;
Теориялық білімділігі;
Педагогикалық мәдениеті;
Уақытты тиімді пайдалануы;
Сабақта тиімді және жаңа әдістерді қолдануы;
Оқушыға жеке дара көңіл бөлуді іске асыруы;
Көрнекі, техникалық оқу құралдарын тиімді пайдалануы;
Оқушылар білімін дұрыс бағалай біліуі;
Практикалық, өз бетімен жұмыс істеу қабілеті;
Оқушылардың тәртібі, мәдениеті;
Сабақтың тартымдылығы;
Жаңалығы,өмірмен байланысы,ғылымилығы;
Оқушылардың танымдық логикалық ойлау қабілетін арттыру;
Сабақтың жүйелілігі, сабақ құрлысының сақталуы;
Сабақтың нәтижелігі,оқушы нені қаншалықты үйренгендігі;
Үй тапсырмасының, берілуі, мөлшері,эстетикалық,
Санитарлық –гигиеналық, қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Байқау қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
Байқау финалының қорытындыларын қазылар алқасы шығарады.
Облыстық байқаудың жеңімпаздары үшін 3 жүлделі орын белгіленеді:
I орын – біреу;
II орын – біреу;
III орын – біреу.
Сонымен бірге, қазылар алқасының шешімімен қосымша номинациялар тағайындалады.
Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Байқауды қаржыландыру
Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңін ұйымдастыру және оны қаржыландыру аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің есебінен жүргізіледі.
Облыстық қорытынды кезеңін ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындар бекітілген сметаға сәйкес облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының есебінен жүзеге асырылады.
Байқаудың облыстық қорытынды кезеңіне қатысушылардың іссапар шығындары іссапарға жолдаушы мекеменің есебінен төленеді.
e-mail: zkociso@mail.ru – ұйымдастыру комитеті
Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 72 үй, 109 кабинет.
Байланыс телефоны: 26-04-64,
веб-сайт: www.ciso.kz
Достарыңызбен бөлісу: |