Тізе буынына таңғыш салу
Мақсаты: тізе буынының иммобилизациясы, асептикалық таңғышты бекіту
1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас құру. Манипуляцияның мәнін түсіндіру. Рұқсатын алу.
2. Тізе буынды физиологиялық жағдайға келтіру
3. Санның 1/3 астыңғы бөлігінде бекіту турын жасау;
4. Тізе бүгілісі астынан бинтті балтырға өткізу;
5. Келесі турда санды орайды, астыңғы орамның 2/3 бөлігін жабу;
6. Келесі турды қайтадан тізе бүгілісі астынан бинтті балтырға өткізу;
7. Орамдарды тізе буыны толық жабылғанша қайталау;
8. Соңғы орамды тізе буынынан шығарып, санның 1/3 астыңғы бөлігінде байлау
|