Атқарылған жұмыстың көлемі мен мазмұны



бет3/4
Дата16.05.2020
өлшемі29.39 Kb.
1   2   3   4
Клиникалық жағдай №2

Оқиға болған орын: қабылдау бөлімшесі

Науқас туралы мәлімет: жасөспірім 15 жаста

Шарты: Қабылдау бөлімшесіне баласын алып әйел келді. Бала оң сирағы аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анасының айтуынша: баласы жарты сағат бұрын ағаштан оң аяғына қарай құлаған, көптеген тері сыдырылулары болған.

Жергілікті: оң сирағының ортаңғы үштен бірі деңгейінде алдыңғы сыртқы беткейінде ұзындығы 5см-лік беткейлі жарақат (терісі сыдырылу) анықталды, қабыну және қан кету белгілері жоқ. Жарақатта бөгде денелер бар (топырақ, шөп бөлшектері).

Тапсырмалар:

  1. Алғашқы хирургиялық өңдеуді өткізіңіз;

1. Емшара маңызын түсіндіру, келісімін алу: Манипуляцияны өткізу мақсаты мен емшараны түсіндіру, науқастың келісімін алу (алып келушінің, ата-анасының немесе қамқоршысыың)

2. Жарақаттың сипатын (status localis) бағалау: Жарақаттың орналасуын, сипаты мен өлшемін, ластану дәрежесін, мүмкін болатын асқынулардың болуын (қан кету, төменде жатқан құрылымдардың зақымдануы) анықтау

3. Қолды өңдеу. Стерильді қолғап кию. Қажетті құрал-саймандарды дайындау: Қолды жуу және кептіру. Асептика ережелерін сақтай отырып қолды антисептикалық ерітіндімен өңдеу. Қолды қайталап кептіру.

Стерильділік ережесін бұзбай стерильді қолғап кию. Емшараны өткізу үшін қажетті құрал-саймандарды дайындау.

4. Жарақаттың айналасындағы теріні өңдеу: Жарақаттың айналасындағы теріні 70% спирт ерітіндісіне малынған стерильді мақта бөлшегі бар пинцетпен өңдеу. Өңдеуді ортасынан шетіне қарай үш рет жасайды, әр ретте стерильді мақта бөлшектерін ауыстырып отырады.

5. Бөтен денелерді алып тастау: пинцетпен бөтен денелерді (шыны сынықтары, мата, шөп, топырақ т.б.) алып тастау

6. Жарақат беткейін тазалау: жарақатты антисептик ерітіндісіне (3% сутегі тотығы ерітіндісі) малынған стерильді дәкелік бөлшектермен суландыру, жарақат толығымен тазарғанға дейін қайталау. Асқынуларды (қан кету, аурулық синдром, жарақат беткейінің қосымша зақымдануы) болдырмау үшін жарақатқа шектен тыс әсер етпеу. Жарақат айналасындағы теріні кептіру, жарақаттың жиегін 5% йод ерітіндісімен (бетадин) өңдеу.

Жарақатты бақылауды өткізу: жарақаттың жиектерінің жағдайын, қан кетудің болмауын, тазалығын бағалау.

7. Жарақатты стерильді дәкелік сүрткішпен жабу: жарақатқа жиектерін толығымен жауып тұратындай етіп стерильді дәкелі сүрткішті жабу. Үстіне қосымша тағы екі стерильді дәкелі сүрткішті қосу.

8. Бинтпен таңғыш салу: дәкелі сүрткіштерді бинттік таңғышпен бекіту қажет. Бұл үшін бетпен бинттейтін беткейге қарай орналасу қажет. Дененің бинттелетін бөлігін орташа физиологиялық жағдайда орналастыру.

Бинтті бір қолда ұстау керек, басын екінші қолына ұстайды, нәтижеде ашылатын жағы жоғарыға қарауы тиіс.

Бинттеуді екі циркулярлық бекітуші айналымнан бастайды. Бинтті бір бағытта ашады, бинттің әрбір айналымы алдыңғысының жартысын немесе оның енінің үштен екісін жауып тұруы қажет.

9. Таңғышты бекіту: бинттеуді аяқтаған соң бинтті енінен, сосын ұзына бойынан кеседі, осылайша жеткілікті ұзындықтағы таңғыш жасалады. Бинтті таңғышты сау жағындағы анағұрлым тар жерге бекітеді. Науқасқа емшараның аяқталғанын және таңғышқа қарау ережелерін сақтау қажеттілігі айтылады (сулауға, өзі ауыстыруға болмайды, шағымы пайда болғанда медициналық қызметкерге жедел түрде қаралу керек)

10. Қолданылған барлық құрал-саймандарды және материалдарды ыдысқа салу: әр кезде қолданылған барлық құрал-саймандарды және материалдарды ыдысқа салыңыз (дезинфекцияға арналған ыдыс). Емшараны аяқтағаннан кейін бақылау өткізіңіз.

2. Асептикалық таңғыш салыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет