Атақты әлеуметтанушы–теоретиктер К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер, Г. Зиммель



бет1/4
Дата15.09.2022
өлшемі1,27 Mb.
#149592
  1   2   3   4
Байланысты:
810199.pptx

Атақты әлеуметтанушы–теоретиктер

К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель

Орындаған: «Музыкалық өнер» факультеті

«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы

«Халық әні» мамандығының 2-курс студенті

Асқарова Венера

Карл Маркс Генрих (нем. Karl Heinrich Marx; 1818Германия, Трир қаласы — 1883 АнглияЛондон) — 19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономистреволюционерфилософсаясаттанушыәлеуметтанушытарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.

Маркс іліміндегі адам — өндіруші адам

Еңбектің өндіруші сипаты адамды табиғаттан бөліп тұрады. Адам табиғатты өзіне бейімдейді, оған қатысты жасампаздык рөл атқарады. Дегенде даму процесінде өз еңбегі нәтижесінен адам оқшаулана түседі, ол өзі өндірген өнімнен, еңбек процесінен, тіпті өзінен де оқшауланады. К.Маркстің пікіріне сәйкес, «тек коммунизмде ғана адам «қажеттілікте патшалығынан» «бостандық патшалығына» өтіп, шынайы тарихын жасайды». Маркстің адам туралы іліміндегі адам — ақылды, парасатты. Мысалы, Конттағы адамға сенім мен сезімдер тән болса, Маркс адамды тек рационалист ретінде көрсетеді.

Британдық "The Penguin Dictionary of Sociology" сөздігі Mаркстің еңбегі әлеуметтанудың дамуы үшін маңызды болып табылатын бес саланы көрсетеді:

  • өзінің алғашқы еңбектерінде Маркс иеліктен айыру ұғымына ден қойды; бұл тақырып оның кейінгі көптеген еңбектерінде кездеседі;
  • ол өзінің экономикалық өмір мен басқа да әлеуметтік институттар байланысты деген көзқарастарымен кеңінен танымал;
  • ол ең алдымен әлеуметтік таптарға ұйымдасқан қоғам тіршілігіне талдау жасауға мүдделі болды;
  • әлеуметтік өзгеріс теориясы Маркстің еңбектерінде таптық күрес теориясынан соншалықты көрініс табады. Таптық күрес, оның тұжырымдауынша, "тарихтың қозғаушы күші" болып табылады; бұл идея Маркстің шығармашылығын терең баурап алғаны сонша, батыс әлеуметтануында маркстік теорияны кейде "жанжалдар теориясы" (conflict theory) деп атайды;
  • Маркс негізінен капиталистік қоғамның теоретигі болды.


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет