Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы
Қалалық информатика пәні мұғалімдерінің семинары
Тақырыбы: Web бетшелерін құру.
Front Page бағдарламасы.
(интеграл сабақ)
Сыныбы: 11 «А»
Өткізген: №28 орта мектеп информатика пәні мұғалімі: Байболатова Жулдуз
Ақтау қаласы, 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Web бетшелер құру. FrontPage бағдарламасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға FrontPage қосымшасы, FrontPage функционалдық мүмкіндіктері туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушыларға FrontPage қосымшасы, FrontPage функционалдық мүмкіндіктері туралы толық түсіндіре отырып, өз беттерінше жұмыс істей алуларына дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тазалыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, тапсырмалар, FrontPage қосымшасы.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, қазақ әдебиетімен байланыс, семантикалық карта, Венн диаграммасы,
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасы (казлото)
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақты бекіту (компьютерге отырғызу).
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.
2. INTERNET тақырыбы бойынша қайталау (казлото ойыны)
Интернет дегеніміз не?
Электрондық почтаның қызметі қандай?
IP мекен жай дегеніміз не?
Мына мекенжайдың жазылуын түсіндіріп бер www.relkom.ru?
TCP/IP хаттамалары қандай болады?
Rambler (www.rambler.ru) қашаннан бері жұмыс жасап келеді? Т.б.
3. Жаңа тақырып:
Өздерінің Web-беттерінде жасауға кірісу алдында бұл бөлімнің негізгі түсініктерімен және терминдерімен танысу керек. Сонымен, сайт дегеніміз не? Бүл - Web -серверде жататын беттердің НТМL пішіміндегі жиыны.
Web - сервер дегеніміз — бұл Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер, ол осы беттерді пайдаланушылардың сұратуы бойынша береді.
Web - торап — бұл Web -беттердің жай жиынтығынан анағұрлым үлкен. Бұл — торапты біртұтасқа байланыстыратын гиперсілтемелер жүйесі де, тораптың бірыңғай стилистикалық безендірілуі де, тораптағы ақпараттьің уақтылы жаңаруы да, жеке беттердің жүктелу жылдамдығы да және көптеген тағы басқалар. Web - тің құжаттарының кәдімгі электрондық құжаттардан негізгі айырмашылығы — гиперсілтемелері болуында. Гипермәтіндік сілтемелер Web құжатын қарап отырып, оның басқа бөлігіне немесе Web - тің басқа құжатына өтуге, немесе Интернет қызметтерінің біріне қатынауға мүмкіндік береді.
Әдетте, гиперсілтемеге сәйкес Web құжаты мәтінінің бөлігі көк түспен ерекшеленеді немесе асты сызылады. Гиперсілтемеге ауысқаңда тышқан меңзері саусағы нұсқаулы ашылған алақан пішінін қабылдайды. Егер мұндай нұсқағышпен гиперсілтемені шертсе, онда гиперсілтемеде көрсетілген адрес бойынша өту іске асырылады. Гиперсілтемеден бетке қайтқанда, көк түс шие-қызылға ауысады. Түс ауысуы пайдалаушыға "пайдаланылған" гиперсілтемелерді қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Үй беті (домашняя страница) дегеніміз — сұратуда Web атын көрсетіп, бірақ нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web-бет. Web-тің үй беті бар файлға index.htm немесе default.htm стандартты ат меншіктеледі. Үй беті – бұл Web -тің беті, сондықтан оны жобалауға және безендіруге ерекше мән беріледі, өйткені оның негізгі қызметі - пайдаланушыға Web – тің басқа беттері мен құжаттарына өтудің ыңғайлы әдістерін ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |