«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №853 Жарлығы. «Ақтау теңіз порты» аэа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ең ыңғайлы орын
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №853 Жарлығы. «Ақтау теңіз порты» АЭА инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ең ыңғайлы орын. Аумақ жалпы көлемі 2000 гектар құрайтын жеті бөліктен құралған. АЭА қызмет ету мерзімі:2003 - 2028 жж.
Инвестиция көлемі: 152,2 млрд.тг. Өндіріс көлемі:370,2 млрд.тг Жұмыс орны:1873
АЭА аумағында, инвесторлар коммуникациясы қосулы тегін жер теліміне қол жеткізетін, сондай-ақ, кеден және салық төлемдерінен босатылатын, ерекше құқықтық режим қолданылады. Өз кезегінде, Басқарушы компания АЭА қызметін реттеумен, АЭА қатысушысы ретінде жұмыс істейтін кәсіпорындарды іріктеумен, сонымен қоса, аумаққа инвестиция тартумен айналысады, мемлекеттік органдар мен бизнес әлемі арасында байланыстырушы буын болып табылады және осылайша мемлекеттік қолдау құралы бола отырып, кәсіпорын мен үкімет арасында өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы мәртебесін алу бойынша барлық ақпаратты «Инвесторға» бөлімінен таба аласыңыз. Идеяның туындаған сәтінен бастап, оның жүзеге асыру сәтіне дейін, біздің команда толық техникалық және әкімшілік сүйемелдеумен қамтамасыз етуге дайын.