№ 4 зертханалық жҧмыс
Тақырыбы: Сутектің мыс оксидімен әрекеттесуі
Мақсаты: Оқушыларға сутектің қасиеттерін түсіндіру және химия пәніне деген
қызығушылығын зертханалық жұмыстар арқылы әрі қарай дамыту.
Қажетті қҧрал-жабдықтар: сынауықтар, түтікшелер, спирт шам, мырыш түйірлері, тұз
қышқылы, мыс (ІІ) оксиді.
Жҧмыстың барысы: Сынауыққа мырыштың 8-10 түйірлерін салыңыздар, үстіне 5-6мл
тұз қышқылының ерітіндісін құйыңыздар. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен
бекітіңдер және бӛлінген газдың тазалығын тексеріңіздер. Газ жүретін түтіктің ұшын мыс
оксиді бар сынауыққа орналастырыңыздар. Мыс оксиді бар сынауық тұрғыға түбі аузынан
жоғары тұратындай сәл кӛлбеу бекітілуі керек.
Сынауықтың мыс оксиді тұрған жерін қыздырыңыздар. Қызыл түсті ұнтақ түзілгені
байқалған соң қыздыруды тоқтатыңыздар. Қара түсті мыс оксидінен қызыл түсті зат түзіліп,
сынауық қабырғаларында су тамшылары жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: |