ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҦСҚАУЛАРЫ
I жартыжылдық
№1 САБАҚ
Негіздік мыс (II ) карбонатының айырылуы
Мақсаты: Студенттердің мектепте жүргізілетін тәжірибелердің әдістемесін және
техникасын меңгерту, оқу процесінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті реактивтер: Штатив, сынауықтар, стакандар, шыны таяқшалар,
қысқыштар,спиртшам, қышқыл, негіз, тұздар.
І. Жаппай тәжірибелер:
1. Малахиттің айырылуы
Зертханалық жҧмысты орындауға әдістемелік нҧсқау:
Сынауыққа негіздік мыс (II) карбонатын салыңыздар және газ жүретін түтігі бар
тығынмен бекітіңіздер.
Жиналған аспаптың герметикалығын тексерініздер, ол үшін газ жүретін түтіктің
ұшын стақандағы суға 1 см тереңдікте батырыңыздар, сынауықты қолыңмен қысып
ұстаңыздар, егер осы кезде суға ауаның кӛпіршіктері бӛлінбесе, аспаптың жеке
бӛлектерінің калай жалғанғанын тексеріңіздер.
Сынауықты тұрғыға жақсылап(19- суретте кӛрсетілгендей етіп) бекітіңіздер.
Газ жүретін түтіктің ұшын стақандағы әкті суға батырып қойыңыздар. Алдымен
сынауықты тұтасынан, содан соң ұнтақ зат тұрған жерін қыздырыңыздар, ұнтақтың түсі
жасылдан қараға ӛзгереді, сынауықтың қабырғаларында су тамшылары байқалады, әкті
су лайланады.
Достарыңызбен бөлісу: |