АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет105/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

3
,  -  
2
,  -  гибридтену;  ковалентті  байланыстардың  түзілуі  –  электрон 
бұлттарының  әсерлесуі;  сигма  және  пи-байланыстар,  олардың  беріктігі;  бос  радикалдар, 
электрондық әсердің түрлері. 
Кӛптеген  химиялық  реакцияларды  ӛткенде  олардың  ӛндірістегі  маңызына  назар 
аударылады,  мысалы:  майларды  гидрогендеу,  ацетиленді  және  этиленді  гидраттау, 
қаныққан кӛмірсутектерін гидрогендеу, парафинді тотықтырып карбон қышқылдарын алу, 
эфирлену реакциясы арқылы күрделі эфирлер, майлар алу, майларды және кӛмірсуларды 
гидролиздеу, т.б. 
         ОРГАНИКАЛЫҚ  ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ. 
Органикалық  химияны  оқытуда  оқу  жұмысын  ұйымдастырудың  бұрыннан  келе  жатқан 
түрлері  пайдаланылады.  Солардың  ішіндегі  ең  негізгісі  –  сабақтың  типтері,  мазмұны, 
әдістері мен құралдары материалдың сипатына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 
елеулі ӛзгерістерге ұшырайды. Жаңа материалды үйрену,алған білімді жетілдіру, қайталау 
және  қорытындылау  сабақтары,  кӛбінесе  дәріс,  семинар,  пікір  талас  және  конференция 
түрінде ӛткізіледі, оқудың дербестігі арттырылады. 
Органикалық  химияны  оқытуда  оқушылардың  қисынды  ойлауын  дамытуға  баса 
назар  аударылады.  Органикалық  қосылыстардың  жеке  кластарын  ӛткенде  салыстыру 
тәсілі  жиі  қолданылады.  Қаныққан  кӛмірсутектерінің  құрылысы  және  қасиеттері 
қанықпаған  қосылыстар  қатарларының  құрылысы  мен  қасиеттері  ӛзара  салыстырылады. 
Салыстыру  кезінде  табылған  айырмашылықтар  заттың  құрылысы  –  қасиеттері  – 
қолданылуы  арасындағы  себеп-салдар  байланысы  арқылы  түсіндіріледі.  Түсіндіру  үшін 
анализ және синтез, жалпылау, қорытындылау және жүйелеу тәсілдері пайдаланылады.  
ОРГАНИКАЛЫҚ 
ЗАТТАРДЫҢ 
ҚҦРЫЛЫСЫ 
ТУРАЛЫ 
ҦҒЫМДЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ.  Органикалық  заттардың  құрылысы  А.М.Бутлеровтың  химиялық 
құрылыс  теориясы,  электрондық  теория  және  кеңістік  құрылысының  теориясы 
тұрғысынан қарастырылады. 
  Соңғы  кездегі  бағдарлама  бойынша  органикалық  химияның  курсы  органикалық 
қосылыстардың  химиялық  құрылыс  теориясын  мына  жоспарға  сәйкес  оқып-үйренуден 
басталады: құрылыс теориясы шығуының алғы шарттары; құрылыс теориясының мәні мен 


маңызы;  изомерия  туралы  алғашқы  ұғым;  кіші  период  элементтері  атомдарының 
электрондық құрылысы және химиялық байланыс. 
Осындай  теорияны  1861  жылы  Қазан  университетінің  профессоры  А.М.Бутлеров 
ұсынды.  Ол  органикалық  заттардың  химиялық  құрылысы  туралы  теорияны  жасау  үшін 
жаңадан  ғана  теорияға  айналып,  әлі  кӛпшілік  мойындап  үлгермеген  атом-молекулалық 
гипотезаны,  валенттілік  ұғымын  пайдаланғаны,  заттың  құрылысын  анықтауда  химиялық 
тәсілге кәміл сенгені туралы тартымды және дәлелді баяндалады. Құрылыс теориясының 
негізгі қағидалары талқыланады. 
Бірінші  қағида  –  молекулада  атомдардың  белгілі  бір  ретпен  байланысатындығы. 
Бұл  қағиданың  туынды  ұғымдары:  түзу  және  тармақталған  кӛміртегі  тізбегі,  изомерия 
және  изомерлер,  құрылым  формулалары.  Ұғымдарды  нақтылай  түсу  үшін  валенттілік 
орнына сызықшаларды қойып, метанның химиялық формуласы жазылады. Тӛрт сутегінің 
атомы  кӛміртегінің  атомдарымен  байланысып,  ӛзара  тікелей  химиялық  байланыс 
түзбейтініне  оқушылардың  назары  аударылады.  Бұдан  соң  этанның,  пропанның  және 
бутанның  құрылым  формулалары  жазылады.  Пропанда  кӛміртегінің  бір  атомы  ӛзінен 
басқа  екі  атомымен  –  түзу,  ал  изобутанда  үш  атомымен  тармақталған  тізбек  түзіп, 
байланысатыны анықталады. Қарастырылған қосылыстардың бәрінде кӛміртегі атомының 
тӛртке  тең  валенттілігі  сақталатыны,  тізбек  түзу  органикалық  қосылыстардың  сан  алуан 
болуына  әкелетіні  айтылады,  мұндай  қорытындыға  оқушылардың  ӛздері  де  келе  алады. 
Бутан  мен  изобутанның  құрылысындағы  ерекшеліктеріне,  мұның  ӛзі  олардың 
қасиеттеріне  әсер  ететініне  кӛңіл  бӛлінеді,  құрылым  формуласына  анықтама  беріледі. 
Толық және жартылай құрылым формулалары, олар молекуладағы атомдардың байланыс 
ретін  кӛрсететіні,  кеңістік  құрылысын  бейнелей  алмайтыны  туралы  ұғым 
қалыптастырылады. 
Екінші  қағида  –  атомдардың  ӛзара  әсері  оқушыларға  бейорганикалық  химиядан 
таныс  мысалдар  арқылы  түсіндіріледі.  Байланысып  тұрған  атомдарының  әсерінен  тұз 
қышқылы,  су  және  аммиак  молекулаларындағы  сутегі  әр  түрлі  химиялық  қасиеттер 
кӛрсетеді.  Жазылған  құрылым  формулаларына  қарап,  этанда  кӛміртегі  ӛзінен  басқа  бір 
атомның әсеріне ұшырайтыны, мұның мәнісі кейінірек түсіндірілетіні айтылады. 
         Құрылыс  теориясының  үшінші  қағидасы  –  зат  қасиетінің  құрылысына  тәуелділігі 
бутан  мен  пентанның  изомерлерін  қарастыру,  олардың  физикалық  қасиеттеріндегі 
ерекшеліктерді кӛрсету арқылы нақтыланады. 
         Қанықпаған кӛмірсутектерінен этиленнің және ацетиленнің химиялық,  электрондық 
және кеңістік құрылысы толық қарастырылады. 
Ацетилен  молекуласында  гибридтенуге  бір  –  s  және  бір  –  p  –бұлты  қатысып,  sр-
гибридтену  жүзеге  асады,  сызықты  пішіндегі  молекула  түзіледі.  Гибридтенбеген  екі  р-
бұлттарының  бір-біріне  перпендикуляр  екі  пи-байланыстар  пайда  болады.  Кӛміртегі 
атомдарының  арасында  үш  байланыс  түзілуінен  олардың  ұзындығы  едәуір  қысқарады. 
Ацетиленнің электрондық және кеңістік құрылысы модельдер арқылы кӛрсетіледі. 
Аромат  кӛмірсутегі  –  бензолдың химиялық  және  электрондық  құрылысы  туралы  тарихи 
материалдарды келтіре отырып, мәселелік әдіспен талқылынады. Ең алдымен бензолдың 
тарихи  қалыптасқан  құрылым  формуласымен  электрондық  құрылысының  арасындағы 
үйлеспеушілік ашылады. 
№ 17 дәріс.  Органикалық заттардың номенклатурасы мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет