АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет104/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

Жоспар
1. Органикалық химияның жеке курс ретінде оқытылуы. 
2. Органикалық химия курсының мазмұны мен оқыту әдістемесі. 
3. Соңғы жылдардағы органикалық химияның мектептегі курсының мазмұны. 
4.  Органикалық  заттар  химиясының  теориялық  негіздері,  олардың  бейорганикалық 
химияның теорияларымен байланысы. 
5. Органикалық қосылыстардың электрондық және кеңістік құрылысы жӛніндегі ұғымның 
дамуы. 
6. Изомерия және гомология ұғымдарын қалыптастыру әдістемесінің негізгі мәселелері. 
 
ОРГАНИКАЛЫҚ  ХИМИЯ  КУРСЫНЫҢ  ОҚУ-ТӘРБИЕЛІК  МАҢЫЗЫ  МЕН 
МІНДЕТТЕРІ.  Орта  мектепте  органикалық  заттар  немесе  кӛміртегі  қосылыстарының 
химиясы арнайы курс ретінде ӛтіліп, бірқатар оқу-тәрбиелік міндеттерді шешеді. 
         Органикалық химияда заттардың сан алуандығы және оның себептері жӛнінде ұғым 
қалыптасады,  органикалық  және  бейорганикалық  қосылыстардың  бірлігі  мен 
айырмашылығы  ашып  кӛрсетіледі.  Органикалық  заттар  саны  жағынан  кӛп,  қазіргі  кезде 
белгілі  қосылыстардың  тӛрттен  үші  органикалық  заттарға  жатады.  Органикалық 
заттардың  құрамына  негізінен  кӛміртегі,  сутегі,  оттегі,  азот,  күкірт  және  фосфор 
элементтері, яғни санаулы ғана элементтер кіреді. 
Органикалық  химияда  заттардың  құрылымы  мен  қасиеттерінің  арасындағы 
тәуелділікті нақтылауға кӛбірек назар аударылады. Бұл салада бейорганикалық химиядан 
алған білім тереңдеп, одан әрі дамытылады. 
Заттардың  жіктелуі  жӛніндегі  білім  кеңейеді.  Оқушылар  органикалық 
қосылыстардың  маңызды  кластары  туралы  жаңа  ұғым  алады,  олардың  құрамының 
күрделенуі және генетикалық байланысымен танысады. 


         Химияның  халық  шаруашылығында  қолданылуы,  ғылым  мен  ӛндірістің  ӛзара 
шарттастығы жӛніндегі білім дамытылады. 
         Органикалық  химияның  теориялық  кӛзқарастарын  дамытуда  және  ғылыми 
жаңалықтарын  ашуда  ғалымдардың  қосқан  үлесіне  баса  назар  аударылып, 
интернационалдық  және  патриоттық  тәрбие  беру  жүзеге  асырылады.  Оқушылардың 
теориялық  білімі  жаңа  сатыға  кӛтеріледі.    А.М.  Бутлеровтың  органикалық  заттардың 
құрылыс  теориясы,  В.В.  Марковников-тың  атомдардың  ӛзара  әсері  жӛніндегі  ережесі, 
Н.Н.  Зининнің  анилин  алу  реакциясы,  М.Т.  Кучеровтың  ацетиленді  гидраттау 
реакцияларының маңызы түсіндіріледі. 
         Органикалық  химияда  ғылым  аралық  және  пән  аралық  байланыстарды  жүзеге 
асыруға зор мүмкіндік туады. Органикалық химия тірі организмдердің құрамына кіретін, 
олардың  денесін  құрайтын,  биохимиялық  бағыттарға  қатысатын  заттарды  зерттейді, 
тіршілік барысын молекулалық деңгейде түсінуге жәрдемдеседі. 
         Органикалық  химияны  игеру  барысында  оқушыларда  дүниенің  материядан 
тұратыны,  бірлігі,  үздіксіз  дамуы,  сан  ӛзгерістерінің  сапа  ӛзгерістеріне  ауысуы,  оларды 
танып-білуге  болатыны  жӛнінде  ғылыми  кӛзқарас  қалыптасады.  Ӛлі  табиғат  пен  тірі 
табиғаттың,  бейорганикалық  заттар  мен  органикалық  заттардың  арасын  бӛліп  тұрған 
шекара жоқ екені жӛнінде пікір туады. 
         ОРГАНИКАЛЫҚ  ХИМИЯ  КУРСЫНЫҢ  МАЗМҦНЫ  МЕН  ҚҦРЫЛЫМЫ.  Орта 
мектепте  оқылатын  органикалық  химия  курсының  мазмұны  мен  құрылымы  ұдайы 
жетілдіріліп келеді. Оның алғашқы тұрақты бағдарламасын, оқулығын, оқыту әдістемесін 
В.Н.  Верховский,  Л.М.Сморгонский  жазды.  1950  жылдардан  бастап  орта  мектептегі 
органикалық  химияның  мазмұны  мен  әдістемесін  жетілдіруде  Л.А.  Цветков  кӛрнекті 
еңбек сіңіріп келеді. 
Алғашқы  бағдарламада  оқу  материалы  құрамы  қарапайым  қосылыс-тардан 
басталып,  құрылысы  және  атқаратын  қызметі  күрделі  қосылыстарға  дейін 
орналастырылады.  Кейінгі  бағдарламаларда  осы  негізгі  әдістемелік  негіз  сақталып,  оқу-
тәрбиелік  маңызы  аз  кейбір  деректі  материалдар  қысқартылды,  жаңа  теориялық 
кӛзқарастармен  толықтырылды.  1968  жылы  жаңартылған  бағдарламаға  органикалық 
заттардың электрондық және кеңіс-тіктік құрылысы туралы ұғым, химиялық байланыстың 
табиғаты  жӛніндегі  соңғы  кӛзқарастар,  орынбасу  және  қосып  алу  реакцияларының 
механизмі,  атомдардың  ӛзара  әсері  туралы  түсініктер  енгізілді.  1988  жылдан  бастап 
бағдаламаға  пәнаралық  ұштастыруды,  оқытудың  ӛндіріспен  және  ӛмірмен  байланысын 
күшейтетін ӛзгертулер жасалды. Бес мүшелі моносахарид пентоза, азоты бар гетероциклді 
қосылыстар,  нуклеин  қышқылдары  туралы  мәліметтер  беріледі.  Этил  спиртінің  орнына 
метил  спиртін  ӛндіру  ӛтіледі.  Синтездік  үлкен  молекулалы  заттар  және  полимер 
материалдар курстың соңындағы жеке тақырыпта қарастырылады. 
Органикалық  химия  курсының  құрылымын  анықтағанда  іс  жүзінде  сыналған 
дидактикалық және әдістемелік ұстанымдар жүзеге асырылады. 
Органикалық  заттардың  оқылатын  кластарын  іріктегенде  организмнің  құрамына 
кіретін және маңызды тіршілік процестерін жүзеге асыратын қосылыстарды таңдап алады. 
Оларға  майлар,  кӛмірсулар  және  ақуыздар  жатады.  Май  карбон  қышқылдары  мен  кӛп 
атомды  спирттердің  күрделі  эфирлері,  кӛмірсулар  –  альдегид,  спирттер,  ақуыздың 
құрамына  кӛмірсутек  радикалдары,  амин  және  карбоксил  тобы  кіреді.  Демек, 
биологиялық  активті  майлар,  кӛмірсулар  және  ақуыздар  кластарын  қарастыру  үшін 
кӛмірсутектер, спирттер, альдегидтер мен карбон қышқылдары ӛтіледі. 
         Осы  талаптарға  сәйкес  гомологтық  қатарларға  жататын  заттардың  ішінен 
кӛмірсутектердің  бірінші  ӛкілдері  –  метан,  этилен,  ацетилен,  дивинил,  бензол  толық 
қарастырылады.  Спирттер,  альдегидтер  және  карбон  қышқылдары  кластарында 
гомологтық  қатардың  екінші  ӛкілдері  этил  спирті,  сірке  альдегиді  және  сірке  қышқылы 
оқылады. Әр зат құрамы, электрондық және кеңістік құрылысы, қасиеттері, алынуы және 


қолданылуы  жоспарымен  сипатталады.  Заттың  құрылысы  мен  қасиеттерінің,  қасиеттері 
мен қолданылуының арасындағы себеп-салдар байланысы ашылады. 
         Органикалық  химия  курсының  теориялық  негізі  –  А.М.  Бутлеров  жасаған 
органикалық  заттардың  құрылыс  теориясы.  Бұл  теория  бензолдың  Кекуле  ұсынған 
құрылыс  формуласын,  дивинил  мен  изопренге  қосылу  реакцияларының,  изобутанның 
хлорлану реакциясының механизмін, т.б. жеке деректерді түсіндіре алмайды. 
Сондықтан  қазіргі  құрылыс  теориясы  дәстүрлі  теориядан,  стереохимиялық 
теориядан  және химиялық байланыстың электрондық табиғаты жӛніндегі ілімнен тұрады. 
Үш теорияның негізі ықшамдалған, дидактикалық ӛңделген түрде мектеп курсына кіреді. 
Дәстүрлі  құрылыс  теориясының  идеялары:  кӛміртегінің  атомдары  тізбек  түзіп 
байланысады;  атомдар  молекулаға  валенттіліктеріне  сәйкес  белгілі  бір  ретпен  бірігеді; 
қосылыстың  қасиеттері  атомдардың  байланысу  ретіне  және  ӛзара  әсеріне  тәуелді 
атомдардың  байланыс  реті  химиялық  тәсілдермен  анықталады,  құрылысы  құрылымдық 
формуламен кӛрсетіледі. 
Стереохимиялық  негіздері:  кӛміртегі  атомының  тераэдр  пішінді  кеңістікте 
орналасуы;  ковалентті  байланыстардың  бағытталуы;  кӛміртегі  тізбегінің  иректі 
құрылысы; жай байланыс тӛңірегінде атомдардың еркін айналысы; еселенген байланыстар 
тӛңірегінде  атомдардың  еркін  айнала  алмайтыны  транс-цис  изомерлер,  олардың 
қасиеттеріндегі  айырмашылықтары,  полимер  молекулалардың  ретсіз  және  стереоретті 
құрылысы, т.б. 
Электрондық  теорияның  негіздері:  кӛміртегі  атомының  қалыпты  және  қозған 
күйіндегі  электрондық  құрылысы,  электрон  бұлты,  валенттік  электрондар  бұлтының 
бағыттары:  -  sp


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет