жұмыстарының көлемін, кезектілігін, орындалу уақытын, қажет ресурстарын анықтау мен басталу және құрылыстың әрбір объектісінің аяқталуын анықтау мақсатында ЖӨЖ құрамды етіп жасайды.
Құрылыстың объектілік күнтізбелік жоспарын өңдеудегі қажетті бастапқы мәліметтері: құрылыс комплексіндегі объектілердің күнтізбелік жинақ жоспары, құрылыстың ұзақтылық нормасы, ғимараттар мен құрылыс объектілерінің пайдалануға берілуі; объектінің жұмыс құжаттары; құрылыс ауданындағы инженерлік мәліметтері; типтік ЖӨЖ; негізгі процестердің және жұмыстардың орындалуының типтік технологиялық карталары; арнайыландырылған мердігерлік ұйымдардың жалпы құрылыстық технологиялық қамсыздануы және қуаттылығы туралы мәліметтер, олардың өндірістік базалары мен құрылысқа және өндіріс жұмыстарына қажет қабылданған әдістер.
Құрылыс объектісінің күнтізбелік жоспарын мынадай кезекте дайындайды: объектінің жобалық шешімінің көлемдік – жоспарлы және конструктивті анализін дайындайды, оның мақсаты құрылыстың ең тиімді тәсілдерін табу, оның құрамында күнтізбелік жоспар – кестесі болады; тізімге енген құрылыс – монтаж жұмыстарының көлемін есептейді, қажетті құрылыс материалдарын, конструкцияларды, ұсақ – түйектер мен жартылай дайын өнімдерді айқындайды; әрбір жұмыстың көп еңбекті қажет ететіндігі мен оған қажетті құрылыс машиналарының керектігін анықтайды; өндіріс жұмысының әдістері мен механизацияны таңдайды; жұмыстың реті мен бір мезгілде жасауға болатын уақытқа сай жұмыс түрлерін белгілейді; әрбір жқмыстың оның ауырлығы мен мердігерлік ұйымдардың мүмкіндігіне байланысты ұзақтығын анықтайды; күнтізбе бойынша олардың басталу және аяқталу мерзімін белгілейді; құрылыс объектісінің күнтізбе жоспарын дайындайды; күнтізбелік жоспар бойынша жалпы жұмысшылар мен арнайы мамандардың, негізгі құрылыс машиналары мен транспорттардың жұмыс кестесін құрады; құрылыс материалдары, конструкциялары мен детальдары шағындау кестелері жасалады; қауіпсіздік ережелері мен еңбекті қорғау шараларына байланысты күнтізбелік жоспарға түзетулер енгізеді.
|