Атеросклерозға қарсы дәрілер
(Гиполипидемиялық дәрілер)
Атеросклероз – тамырдың ішкі қабықшасына май тәрізді заттардың жабысып, оның шоғырлануынан пайда болатын ауру. Денеде зат алмасу процесінің бұзылуынан холестерин мөлшерден асып кетеді. Аурудың күйі, қауіптілігі немесе жеңілдігі қандайда тамырдың зақымдалуына байланысты. Аурудың алдын алу әдістеріне келесілер жатады: меңбекпен тұрмыстың тәртібін мұқият сақтау, демалысты дұрыс пайдалану, ұйқыны қандыру, темекі тартпау және майлы тамқтан бас тарту, артық семірмеу және т.б. Гиполипидемиялық дәрілер ұлпа мен қанның құрамындағы жоғары дәрежедегі липидтердің (холестерин және триглицерид) мөлшерін төмендетеді. Атересклерозда және оның асқынуларын емдеу үшін қолданылатын гиполипидемиялық (антиатеросклеротикалық) дарілер екі топқа бөлінеді:
1.Атерогенді липопртеидтердің түзілуін тежейтін дәрілер.
2.Катобализмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
Гиполипидемиялық дәрілер жүректің ишемиялық ауруларында, аорта, ми тамырларының атеросклерозында қолданылады. Бұл дәрілерді үздіксіз ұзақ қабылдау керек.
1.Атерогенді липопртеидтердің түзілуін тежейтін дәрілер:
А) Статиндер: ловастатин (мевакор), симвастатин (зокор), аторвастатин (липримар) – бауырдағы холестериннің синтезін таңдамалы тежейтін, тиімділігі жоғары препараттар. Статиндерді тәулігіне бір рет, ұйықтар алдында белгілейді, себебі бауырдағы холестериннің басым бөлігінің синтезі түнде жүреді.
Simvastatinum - симвастатин (Б): 0,005; 0,02 және 0,04 таб. шығарылып, 1 таб. кешке қабылдау үшін тағайындалған.
Б) Фибраттар: клофибрат (мисклерон), фенофибрат, гемфиброзил – бауырдағы липопротеин липазаны белсендіреді, статиндерге қарағанда улы болады.
Gemfibrozilum - гемфиброзил: 0,3 капс.; 0,45 таб. – күніне екі рет таңғы немесе кешкі астан 30 мин. бұрын немесе кешке бір рет белгіленеді.
В) Никотин қышқылы ( үлкен мөлшерлерде).
Г) Пробукол (липаман) – ағзадағы липидтердің синтезіне және таралуына әсер етіп, қан сарысуындағы тығыздығы жоғары липопротеиндердің, триглицеридтердің, жалпы холестериннің деңгейін төмендетеді.
2.Катобализмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
А) Өт қышқылының секвестранты ( ағылш. Sequestrate – кетіру) :
Холестирамин ( холестан ), холестипо (холестид) – АІЖ – да сіңірілмейді, өт қышқылдарымен кешен түзіп олардың қанға қайта сіңірілуіне кедергі жасайды. Ол холестеринныің және өт қышқылдарының ішекте сіңірілуін баяулатады.
Б) Бес крахмальды полисахаридтер: хьюар шайыры (гуарем) – асқазанда ісініп тағамдық холестериндердің және өт қышқылының сіңірілуіне бөгет жасайды. Әсері әлсіз.
Атеросклероздардың жеңіл түрінде кешенді емдеуде қажет етеді : полиспонин (жапон диоскореясы тамыры мен тамыр сабағының перпараты) және трибуспонин (теміртікен шөбінің препараты). Атеросклероздың кешенді емінде сонымен қатар эссенциальды фосфолипидтер (эссенциале, липостабил) және антиоксидант препараттары (токоферол ацетаты, аскорбин қышқылы) қолданылады.
1. Гиполипидемиялық дәрілер қандай ауруларда қолданылады ?
А) Диабет
Б) Гипертензияда
В) Комада
Г) ЖИА
Д) Артритте
2. Атересклероздың жеңіл түрінде не қолданылады?
А) Мевакор
Б) Липостабил
В) Липомал
Г) Зокор
Д) Липримар
3. Бауырдағы холестериннің синтезін тежейтін препарат?
А) Мевакор
Б) Липостабил
В) Липомал
Г) Гуарем
Д) Липромар
4. Өт қышқылының бөлінуіне бөгет жасайды?
А) Мевакор
Б) Липостабил
В) Липомал
Г) Гуарем
Д) Липромар
5. АІЖ сіңірілмейтін препарат?
А) Мевакор
Б) Липостабил
В) Липомал
Г) Гуарем
Д) Холистид
Тест жауаптары
1. Г
2. Б
3. А
4. Г
5. Д
Достарыңызбен бөлісу: |