Аты –жөні, тегі: Матеуова Жанаргүл Нұрымқызы Туған жылы



бет2/3
Дата25.08.2017
өлшемі299,32 Kb.
#26940
1   2   3

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады. Кейіннен қосылған 3 перне жаңа операциялық жүйенің кейбір мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Пернелер бірнеше топқа бөлінеді:

  1. Сиволдық пернелер, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізіг бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті - цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.

2. Функционалдық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2,…., F12) әрпімен белгіленген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады.


3. Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстіне бағдаршалар салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған;

4. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай - ақ меңзерді экранда қозғалуын басқаруға болады.


пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің режимиін ауыстырып қосады. Егер пернесін бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі.
немесе енгізу пернесі. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді.

Бос орын (пробел) пернесі. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір – бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады.

<— немесе пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.
пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керсінше өзгертуге пайдаланылады.
enter - пернесі. Егер бұл пернені бір рет басса бас үлкен әріптер енгізіледі, ал тағы бір рет бассаң кіші әріптер енгізіледі.


delete -пернесі. Бұл перне меңзерді оң жағында тұрған символды өшіреді. Сонымен қоса кейбір амалдарды орындау үшін Ctrl және Alt пернелерін пайдалануға болады, онда қазақ тілінен орыс тіліне ауыстырсаң осы екі пернені басып тұрып ауыстыруға болады.
Home - курсорды жолдың басына жылжыту

PgUp – курсорды мәтін бойынша бір рет жоғары көтеру
PgDn - курсорды мәтін бойынша бір рет төмен түсіру.
Insert - мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді.

Ctrl+Alt+Delete компьютерді өшіріп қайта қосу әрекетін орындайды.
Esc – кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.
Tab - мәтінді түзету кезінде кестенің келесі бағанасына өтуді орындайды.
Тапсырмалар:
Ақпараттық диктант

1..............- ақпаратты енгізуге арналған құрылғысы.

2.Кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керсінше өзгертуге............. пернесі пайдаланылады.
3............... енгізу пернесі.

4............... пернесі алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.


5............... кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.
6...............- курсорды жолдың басына жылжыту

V. Жұмбақтар әлемі

1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары

Қыдырмашы біреу,

Бір күн бар да, бір күн жоқ

Соны есепке алсақ,

Ұзын сан жүз бір (Пернелік)
2.Ұзын тұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала қалса артынан

Ешбір белгі қалмайды (бос орын)


4.Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды

Немерелі алғашқы

Есімдері де өздерінің бір қызық

Тек қана F(эф) әрпімен басталады. (функционалдық пернелер)


Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым!



Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші,енді нені басам мен?

Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын?

Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін?

Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,



Ажыратып бересің?








Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет