Аты-жөнім: Жомартова Эльмира Жакашевна Педагогикалық өтілі: 23 жыл
00051716-7bea9118
РЕФЛЕКСИЯ Қазіргі заман талабының мақсаты ақпараттық технологияларды мектептің оқыту үрдісінде пайдалану оның бірі Оn-Line режимі арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу болып табылады. Соңғы жылдары қоғамда болып жатқан ғылыми жаңалықтар мен білім беретін мекемелердің дамуында оң өзгерістердің көбеюі олар Оn-Line режимі арқылы көрсетілетін сабақтар оқу үрдісіне оң ықпалы беруі сөзсіз. Оқытудағы белсенділік оқушылардың тұрақты терең білім алуына мүмкіндік жасауды көздейді. Сонымен бірге оқушыларда іскерлікті, дағдыны, ойлауды, дүниетануды және шығармашылықты қалыптастырады. Қазіргі заманның ақпараттық технологиясын оқушыға игерту - бүгінгі басты міндет болып тұр. 1. Оn-Line режимінде оқыту кез келген сабақта енгізу; 2. Әр пәндерде бағдарламаларына сәйкес электрондық оқулық басылымдарымен қамтамасыз ету; 3. Дарынды балалардың қабілетін дамытып, олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына педагогикалық- әлеуметтік қолдау көрсету; 4.Оқыту және тестілеу бағдарлама үлгілерін жасақтау; Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процесстерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан, оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны енгізу 4 кезең арқылы жүзеге асады: 1 кезең – оқып, үйрену, 2 кезең – меңгеру, 3 кезең - өмірге ендіру, 4 кезең – дамыту. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды мынадай өлшемдер арқылы анықтауға болады: 1) педагогикалық технологияларға қызығушылығы, сезіммен қабылдауы; 2) ақпараттық технологияларды пайдалануда танымдық дербестігі, шығармашылық іс-әрекеті; 3) инновациялық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалана білуі. Әрине,оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың мәселелерін толық қарастыру бір сабақта мүмкін емес. Сондықтан біз осы тақырыпты ары қарай дамыту жолдары: 1) Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде пән сабақтарында оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастыру. 2) Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Абай "жетінші қара сөзінде" баланың ақыл-ой, қабілеттілік туралы мынадай пікір айтады: "Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін тартып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ежетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тура жүгіріп, "ол немене?", "бұл не?", деп "ол неге үйтеді?", "бұл неге бүйтеді?" деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген". Баланың білсем, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. XVI ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытушының басшылық ролінің маңыздылығын да айтты. Ол: «Оқушы мұғалімнен алған білімін түгел сүзгіден өткізіп, өз бетінше талдау жасау қажет. Соның нәтижесінде оның білуге құштарлығы дами түсетіні сөзсіз», - деп жазған болатын. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық екінші(негізгі) деңгей және үлестірме материалдар. 2.Асхат Әлімов. «Интербелсенді әдістемені қолдану мәселелері» 3.« АКТ түрлері оқытудың негізгі құралы және оны қолдану жолдары»» тақырыбында таныстырылым. жүктеу/скачать 1,42 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |