«Қатынас» білім беру саласы бойынша «Сауат ашудан» ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: у дыбысы мен әрпі



Дата22.03.2017
өлшемі70,73 Kb.
#12151
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№26 «Жұлдыз» балабақшасы




«Қатынас» білім беру саласы бойынша «Сауат ашудан» ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

Тақырыбы: У дыбысы мен әрпі

Өткізген: №10 «Күншуақ» ересек топ

тәрбиешісі Байдосова Г.М

Атырау 2014 -2015 оқу жылы.

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Топ атауы: №10 «Күншуақ»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу

Тақырыбы: . «У» дыбысы мен әрпі

Мақсаты:Балаларды А әрпімен таныстыруды жалғастыра отырып, айтылу ерекшелігіне назар аударту. «ата» сөзіне дыбыстық талдау жасату. Балаларды «У» әрпімен таныстыру, есту арқылы сөз арасынан қажетті дыбыстарды табуға үйрету. Саусақ бұлшықеттерін жаттықтыру. Қоршаған ортаны сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.



Дамытушылық: сөзді естіп оны есте сақтау қабілетін дамыту. Тақпақтар, жаңылтпаштар айту арқылы тілдерін дамыту. Жұмбақтар шешу арқылы ой-өрісін дамыту. Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қостілділік компонент: саңырауқұлақ-грибы, су-вода.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Жылулық шеңбері

Достарымның барлығын

Сыйлап, жақсы көремін

Алақаным арқылы

Жылуымды беремін


  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

  • Күз мезгілінің неше айы бар?

  • Аптаның нешінші күні, қалай аталады?

  • Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы?


Өткен сабақты қайталау

Естілгенмен құлаққа

Көрінбейді бірақта

Дұрыс айтасыңдар балалар шешуі -дыбыс екен.



  • Біз әуелі дыбыс дегеніміз не соған тоқталайық.

  • Дыбысты біз естиміз, айтамыз, көрмейміз.

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстар қалай аталады?

  • Ал дауыссыз дыбыстар ше?

  • Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?

  • Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

  • Ал дауыссыз дыбыстар ше?

  • Дыбыстарды немен таңбалаймыз?

  • Дыбыстан әріптен не құралады?

  • Сөзді неге бөлеміз?

Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Дыбыстық талдауға арналаған атаның суретін көрсетеді.

Атаның суретін тамашадайды. Ата еңбекқор, мейірімді, жанұядағы үлкен адам иесі туралы түсінік беріп,


  • Келіңдер, атамызға өзіміздің білгіш екенімізді көрсетейік. «ата» деген сөзді буынға бөлейік. «Ата» деген сөзде неше буын бар екен?

  • А-та

  • «Ата» сөзінде екі буын бар (олай бодлса 2 дауысты дыбыс болады)

Дыбыстық талдау

  • «Ата» деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

  • (а)-дыбысы қандай дыбыс? Оны қандай текшемен белгілейміз?

  • Неліктен (а) дыбысын дауысты дыбыс дейміз?

  • Енді (а) дыбысынан кейінгі дыбысты табайық? Екінші, үшінші дыбыстарды екпін түсіріп айтқызып, сәйкес текшелермен белгілейміз.

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла тез ойла» ойынын ұйымдастырады.

Балалар жалмауыз кемпір аңдарды сиқырлап, торларға қамап тастапты. Олардың қарындары ашыпты, үйлеріне барғысы келеді. Аңдарға көмектессек қайтеді?

Жалмауыз кемпір


  • Менің тапсырмамады орындасаңдар ғана аңдарды босатамын,-дейді.

1-тапсырма

  • Жолбарысты құтқару үшін «жолбарыс» сөзін буынға бөлуіміз керек.

  • Жол-ба-рыс сөзінде неше буын бар екен?

  • Міне жалмауыз кемпір жолбарысты жіберді.

2-тапсырма

Аюды құтқару үшін «Аю» сөзінің қандай дыбыстан басталып тұрғанын табуымыз керек? Кім таба алады?






Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.

Сұрақтарға жауап береді.


-дыбыс

Өткен сабақты естеріне түсіреді.


Баллалар сұрақтарға жауап береді.

-екі


-дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз
Балалдар ойынға қызығушылықпен қатысады.

-Жол-ба-рыс


-3 буын бар

«Аю» сөзі (а) дыбысынан басталады.



Ізденуші, ұйымдастырушы

Жаңа тақырыпқа кіріспе

3-тапсырма:



  • Ал, қасқырда мүлдем жібермеймін дейді. Қасқыр жалмауыз кемпіргеөкпелеп, ұли бастады. Сендер қасқырдың қалай ұлитынын білесіңдер ме?

  • Қасқыр «А у у у у у» деп ұлиды.

  • Ол қандай дыбысты ұзақ созады?

  • Дұрыс айтасыңдар! (У) дыбысын созады

Сергіту сәті:

Ну тоғайда, орманда,

Аю жүрер қорбаңдап

Тікірейтіп тікенін

Кірпі жүрер жорғалап

Жаңа тақырып:

(У) дыбысын айтамыз.

- келіңдер , бізде осы (У) дыбысын созып айтайық. 2-3 рет созып айтқызады.

- балалар, қасқыр мен біздің даусымыздан жалмауыз кемпірдің басы ауырып кетіпті, ол қасқырды босатамын, -дейді. Қасқырды тордан алып, орманға жібереді.

У әрпімен танысамыз.


  • Енді (У) дыбысының әрпімен танысайық. Мынау У әрпі.

Бәрі:

-уық деген немене

Уыз жегің келе ме?

Қай әріптен атаулар

Басталып тұр атаңдар?-дегенде


  1. У әріпінің баспа және жазба түрімен таныстыру

  2. Ауада жазғызу.

  3. Сөздің басында, соңында, ортасында аяғында кездесетінін айту.

Мысалы. Уық, уыз, су, тауық, саңырауқұлақ.

Д/О. «Дыбыстарды суретке түсірейік»

Мақсаты: дауысты дауыссыз дыбыстарды қайталау.

Сендер өздеріңді суретшімін деп есептеңдер. Мен бір дыбысты айтамын, сендер оны тез суретке түсіріп, маған дауысты дыбыс болса қызыл, ал дауыссыз дыбыс болса көк текшелеріңді көтеріп көрсетсіңдер.



Жеке жұмыс: (У) дыбысынан басталатын суреттерді қарандашпен қоршап қояды. Балалардан (А) (У) дыбыстарына байланысты білетін тақпақ, жаңылтпаштар сұрау.


-(У) дыбысын созады.

Балалар қимыл қозғалыс арқылы жасайды.



Балалар сұрақтарға жауап береді.

Ойынға қызығушылықпен қатынасты.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Қорытынды
Біз бүгін қандай аңдарға көмектестік?

Жалмауыз кемпір неге қасқырды жібере салды?

Қасқыр қалай ұлиды екен?

Біз қандай әріппекн таныстық?

Балаларды мадақтап, сабақты аяқтайды.


Балалар сабаққа белсене араласады


Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.


Күтілетін нәтижелер:

Білуі: өткен дыбыстарды қосып оқуды

Меңгеруі: қорщаған ортаға қамқорлық жасау керектігін

Жасай алуы: басқа әріптердің арасынана У әрпін танып көрсетуді.

Көрнекілігі: слайд, төменгі жағында дыбыстық талдауға арналған торкөздері бар атаның суреті. (А), (У) кеспе әріптері.

Технологиялық картаны толтырған: Күні: 31.10.2014 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет