«Қатынастар және пропорциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау үлгісі Тақырып


Барлығы 13 балл



бет9/12
Дата01.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#137537
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
6 сынып бжб улги
меным идеалым
Барлығы







13 балл



«Статистика. Комбинаторика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау үлгісі


Тақырып: Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару.


Оқу мақсаты: 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің өзгеріс ауқымы, медианасы, модасының анықтамаларын білу
6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу
6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару
6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару


І нұсқа

1. 3, 7, 5, ___, 21, 18, 19 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып, қатардағы жетіспейтін натурал санды табыңыз:


а) арифметикалық ортасы 13-ке тең;
b) өзгеріс ауқымы 37-ге тең;
с) қатар модасы 21-ға тең.
2. Алпамыстың ақ және көк түсті бейсболкалары, ақ, сары және көк футболкалары және қара және көк түсті джинсылары бар. Егер ол бейсболка, футболка және джинсыларын ауыстырып кисе, Алпамыс неше түрлі болып киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз.
3. Поезд жолдың 280 км-ін 70 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 120 км-ді 40 км/сағ жылдамдықпен, үшінші бөлігін 150 км-ді 50 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы қанша?


ІІ нұсқа

1. 9, 14, 5, ___, 16, 11, 13 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып, қатардағы жетіспейтін натурал санды табыңыз:


а) арифметикалық ортасы 11-ге тең;
b) өзгеріс ауқымы 23-ке тең;
с) қатар модасы 5-ке тең.
2. Сырымның сары және жасыл жейделері, көк және қара шалбарлары, сұр, қоңыр және ақ туфлилері бар. Сырым барлық жейделерін, шалбарларын және туфлилерін ауыстырып кигенде неше түрлі болып киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз.
3. Поезд жолдың 150 км-ін 50 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 240 км-ді 60 км/сағ жылдамдықпен, үшінші бӛлігін 210 км-ді 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы қанша?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет