Атырау қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, жалпы орта білім беру ұйымдарының 2015-2016 оқу жылдарына арналған «Ұлт мұрасы» тәрбие жұмыстарының аймақтық кешенді бағдарламасы және «Тәрбиенің тұжырымдамалық



бет3/3
Дата22.08.2017
өлшемі478,17 Kb.
#23762
1   2   3

Тәрбие жұмысында басты мақсаты: Білім беру ұйымдарында тәрбие ісіне жауапты педагог мамандарының кәсіптік жетілдіруін белсендіру арқылы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, көшбасшылық қасиеттері бар, әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтауға қабілетті білімді тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:
- Қазақстандағы әр бала тұлғасының мотивациялық-құндылықтар аясын дамыту;

  • Көшбасшылық қасиеттері бар, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты тәрбиелеу;

  • Отбасының тәрбиелік әлеуетін күшейту;

Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасында белгіленген осы жоғарда аталған мақсат пен міндеттерді және «Атырау қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру,жалпы орта білім беру ұйымдарының 2014-2015 жылдарға арналған «Ұлт мұрасы» тәрбие жұмыстарының кешенді бағдарламасы» негізінде, сонымен қоса дәстүрлі мерекелерді байланыстыра отырылып,оқу жылының басында тәрбие жұмысының жылдық жоспары жас ерекшелігіне сай жасақталып,бекітілді.

2014-2015 оқу жылында 1 «ә» сынып оқушыларымен жүргізілген сыныптан тыс тәрбиелік шараларға тоқталсақ:

Оқушылар мен жастардың гуманизмге қазақ халқының тарихы мен салтын,тілін сүю және құрметтеуге,оның таңдаулы дәстүрлерін сақтап,дамытуға,азаматтық ұстанымы мен патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Қазақстан-2050 стратегиясы:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында алғашқы сабақ, «Рәміздерім-мақтанышым», «Атамекенім-Атырауым!», «Байтақ ел күн сәулелі-Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты және «Жаса,жайна Қазақстан» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Тұңғыш президент күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген - Елбасым» және Ұлы Жеңістің 70 жылқарсаңына «ЕРлігі ұмытылмас ерлер» тақырыбында 1 а,ә,б,в сыныптарының аралығында мектепшілік ашық сынып сағаты ұйымдастырылып, «жақсы» дәреже өткізілді.Онда оқушылар егемендік жолында тұңғыш елбасымыздың ерен ерлігімен және жергілікті батырларымызбен таныс болды.

Оқушылардың өзіндік санасын дамытуға жағдай жасап, адамгершілігі мен имандылыққа толы рухы мен әдеп ұстанымы мықты әлеуметтік жағынан белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында «Кітап-білім бұлағы», «Әдемі болып жүрейік», «Бәрін жақсы көремін» тақырыбында сынып сағаты және «Достаса білейік» тақырыбында өнеге сағаты, «Өтірік айтуға бола ма?» деген тақырыпта тренинг ұйымдастырылып,өткізілді.

Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру; Қзақстан халқының әдет-ғұрпы мен дәстүрлері негізінде отбасылық құндылықтарды нығайту; өз отбасының, тегінің және социумның тарихына танымдық қызығушылық тудыру мақсатында: «Ардақты-ата, аяулы-әже» тақырыбында өнеге сағаты және «Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.8-наурыз Халықаралық әйел-қыздар мейрамына орай «Ана-өмір шуағы» тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырылып,өткізілді.

Саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру; дене және психологиялық саулығын сақтау, суицидтің, заңды заттарды қолдануды және компьютерлік ойындарға тәуелділіктің алдын-алу мақсатында: «Күн тәртібі», «Тісті күте білейік» тақырыптарында әңгімелер өткізіліп, әр оқушыға бір күндік режимі туралы кеңінен түсінік берілді. «Ауырып ем іздегенше...» тақырыбы аясында мектеп медбикесі денсаулықтағы ақауларды болдырмау жолдарын айтып, кеңесі тыңдалды. «Сенің байлығың-денсаулығың» сынып сағатында денсаулық туралы кеңінен мәлімет беріліп, талданды. Өтілген әр тәрбиелік шараларда сынып оқушылары белсенділік танытып, үлкен қызығушылықпен қатысыт.

«Еңбек-өмір мәні» тарау бойынша да «Еңбек етсең емерсің», «Шыдамды шыңға жетер», «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыптарында сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Көркем эстетикалық тәрбие мен экологиялық тәрбие қалыптастыру мақсатында сынып сағаты, өнеге сағаты және әңгімелер ұйымдастырылып, өткізілді. «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның еліміздегі адамгершілік-рухани білім берудің дамуына өлшеусіз қосқан үлесі туралы түсінік бере отырып,бауырмалдық,достық секілді ізгілік қасиеттерді

бойларына сіңіру мақсатында «Адамзаттың мәңгілік құндылықтары» тақырыбында мектепшілік өнеге сағаты ұйымдастырылып,өткізілді.

Мектеп психологы Қ. Ихсанова сынып оқушыларының арасында «Менің мінезім қандай?» тақырыбында тренинг өткізіп,мектепке дайындығын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.

Сыныптан тыс шаралар әр аптаның сенбі күніне жоспар бойынша белгіленді.Әр өткізілген шараларға сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен қарап,дайындықпен әзірленіп ізденімпаздық танытып отырды.

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі жұқпалы аурулар кеселін болдырмау,яғни алдын-алу және бұл кеселдер туралы жалпы түсінік беру,сауаттандыру мақсатында осы тақырып аясында әңгіме жүргізіліп,мектеп медбикесінің кеңесі тыңдалып,тақырып бойынша жазба жұмыстары жүргізілді. «Сақтансаң сақтармын»тақырыбында оқушыларға және олардың ата-аналарына өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында судың қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.

Жолда жүру ережесін сақтау мақсатында жол қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып,әртүрлі ойындар мен топсеруендер ұйымдастырылып отырылды.

Жеке тұлғаны тәрбиелеуде күнделікті атқарылатын жұмыс түрлері де қолға алынып,оқушылардың сабаққа қатысы,оқу бөлмелерінде кезекшілік ұйымдастыру,оқушылармен және олардың ата-аналарымен жеке сұхбаттасу жұмыстары жүргізілді.Кей оқушыларға берілген ескертпе мен мадақтамалар туралы ата-аналармен қатыс дәптерлері арқылы таныстырылып,қорытынды шығарылды.Әр тоқсан сайын мектеп жоспарында берілген кесте бойынша ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.Жиналыста берілген тақырып бойынша баяндамалар оқылып,талданып және күн тәртібіндегі мәселелер қаралып,шешімі табылып отырылды.



Қорытындылай келе,жалпы сынып оқушыларының жауапкершілік қасиеттері дарыған. Бір-біріне көмек көрсетуге,үлкенге сый-құрмет көрсету,кішіге қамқор болу туралы ұғымдар қалыптасқан. Достық сезімдері оянған,ой-өрістері жас ерекшелігіне сай.Мектеп пен ата-ана арасында үнемі байланыс жасалып отырылады.Оқу жылының басында тағайындалған ата-аналар,әкелер және аналар кеңесі мектепшілік жиналыстарға белсене қатысып,мектеппен байланысты нығайта түсуде.

Сыныптан тыс үйірмелер мен спорттық секцияларда да сайыстарға қатысып жүлделі орын алуда.

Болашақта адамгершілік қасиетке бай,ұлтжанды,отансүйгіш,ержүрек ұлдар мен инабатты да ибалы қыздар осы сыныптан шығады деген сенімдемін.

2015-2016 оқу жылына қойған міндеттерім:


  • оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға баулу;

  • ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту және ата-аналармен бас қосу жиналысында 100 %-дық қатыс болуын қадағалау;

  • жеке тұлғамен жүйелі тәрбиелік жұмыс ұйымдастырып,сыныпта қиын оқушылардың туындауын болдырмау;

Сынып жетекшісі: Адиева Ж.С



Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1.Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3.Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4.Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын,психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

5.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.

6.Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.

7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету,жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

8.Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.




Тәрбие жұмысының басым бағыттары:



  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

  2. Рухани-адамгершілік тәрбие

  3. Ұлттық тәрбие

  4. Отбасы тәрбиесі

  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  7. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Каталог: uploads -> doc -> 136d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
136d -> Сабақ жоспары Сыныбы: 7 Сабақтың мақсаты: а Білімділігі
136d -> Қазақстан тарихы Жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет