Атырау қаласы И. Тайманов атындағы орта мектебінің психикалық дамуы тежелген сынып мұғалімі: Уразгалиева Г. Б. Атырау, 2016 жы Мақсаты



Дата29.01.2018
өлшемі134,39 Kb.
#35885
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

Қалалық педагогикалық оқулар

Психикалық дамуы тежелген сынып оқушыларымен жұмыс жасау



Атырау қаласы

И.Тайманов атындағы орта мектебінің

психикалық дамуы тежелген

сынып мұғалімі: Уразгалиева Г.Б.

Атырау, 2016 жы

Мақсаты:

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың әлеуметтену мәселелеріне тоқталып, оған заман талабына сай көмек көрсету, құқығын қорғау, өмір сүру мүмкіндігіне, әлеуметтік ортаға бейімделу жұмыстарын жандандыру.



Міндеттері:

Оқушының денсаулық жағдайын диагностикалау арқылы, физикалық тұрғыда түзету және профилактикалық жұмыстар жүргізу;

Оқушылардың психикалық тұрақтылығын және танымдық процессін қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыға психологиялық қиындықтардан алшақтауға қол ұшын беру.

Әр тұлғаның психологиялық-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау.



Жоспары:

I.Кіріспе

1. Қиын бала дегеніміз кім?

II. Негізгі бөлім:

1. Ортаның қиын балаға әсері.

2. Қиын балаға әсер ететін факторлар.

3. Мінез – құлқының айтарлықтай өзгеруі.

4. Тәртібі нашар оқушыладың шығу себебі.

5. «Қиын» балалармен жұмыс істеу жолдары

III. Қорытынды.

IV. Қолданылған әдебиеттер.

Психикалық дамуы тежелген сынып оқушыларымен жұмыс жасау



«Қиын бала» - белгілі бір жұмысы жоқ, жағдайлары төмен немесе жұмыстан қолы тимейтін, баласына қарауға уақыты жоқ, қызметтегі ата-ана отбасынан шығады.Демек, тәрбиенің осалдығынан, мінез ерекшеліктеріне қарай қиын бала туындайды.Шет елдерде бұл ұғымды девянтное поведение», -дейді. Жасөспірімдердің тобын «группа риска деп атауы, қазақша дәл баламасы болмағанымен «қауіпті топ –құқық бұзушылыққа бейім топ деген мағынаны білдіреді. «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек. –деп белгілі К. Д. Ушинский айтқандай баланы «қиын деп атау үшін оған тән жеке бастың қиындығын танытатын белгілерін таба білу керек.
Адамның әуелден тігінші болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуелден жаратылысынан дарымайды.Сол себептен қиындық туғызатын баланың белгілерін, қиындық туғызатын оқушылармен әңгіме жүргізу, оның өзіне сауалдар беру, ата-ана, сынып жетекшісі, жолдасымен-интервью жүргізу керек. Көңіл-күйі, оның алаңдаушылығы, баланың жан-дүниесіне көңіл бөлу керек. Жағымды-жағымсыз қылықтарды да ата-аналарынан үйренеді. Ата-анаға баланың болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бала тәрбиелі азамат болып қалыптасуы үшін қолайлы психологиялық ахуал қажет.Ата-аналардың жан ұядағы келіспеушілігі, баланың толық емес жанұяда тәрбиеленуі, ата-аналардың ішкілікке салынуы, ұрпақ тәрбиесіндегі көзқарастарының әр түрлі болуы бала бойында жағымсыз мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді.Баланы қыспақта ұстау да оның психологиясына зиян.Үлкендердің қолайсыз іс-әрекеттері, ата-ананың арақ ішуі, балағат сөзді боратқан аға, қылмыс жасаған көрші осыны көрген баланың тәрбиесі не болмақ.Бала үлкендер бойынан жағымды-жағымсыз қылықтарды жинайды, осыдан келе дер кезінде дұрыс тәрбиелеп жолға түсірмесе, мінез-құлықтары қоғамға жат, тәрбиесі»қиын
Тұлғалар қалыптасатыны шек келтірмейді.Ал мұндай тәрбиесі «қиын баланың шығуына ең алдымен, жанұя тәрбиесінің дұрыс болмауы, отбасындағы жанжал, ата-ананың біреуінің болмауы және мектептегі оқу - тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер.

Жасөспірім он үш жасқа келгеннен кейін оларда өзгерістер байқалады. Бұл жас өте тынымсыз, ең қиын ұшқалақ шақ. Мінез-құлқында өзгерістер болады. Осындай сәтте ата-ана, мұғалім бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына күш салуы керек. Бұл жағдайда мұғалім және ата-ана бала мінез-құлқы мен темпераментін білуі қажет. Себебі жасөспірімдердің осы «өтпелі кезеңде өздеріне қол жұмсап (суицид, өмірден түңілулері көбейеді. Оның себептері өзіне назар аударту, мүсіркеушілік тудырту, жанұядағы кикілжіңнен қашу, мұғалім достарымен келіспеушілік, сыныптастарының оны қатардан бөліп тастауы, оны менсінбеу, достарының болмауы, жауапсыз махаббат, өзін ренжіткендерді кінәлі етіп көрсету, психологиялық ауытқу.Ұлдар мен қыздардың мінез-құлқына талдау жасаған кезде психикасы мен іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді ескеру қажет. Ұлдардың жүрген жері әрқашан шу болатыны белгілі, бұл олардың тәртіпті жиі бұзатындығынан деп ойлауға болмайды. Қыздар бойында жағымсыз қасиеттер көбіне жасырын сипатта болады. «Қиын ұлдар мен «қиын қыздарды салыстырғанда ұлдар тынышсыз болғанмен, »қиын қыздар одан да «қиындау болады.Бұл туралы А. С. Макаренко былай деп жауап жазады. Ұлдар көшеде қаншама қаңғып жүрсе де, қандай күрделі, заңсыз оқиғаларға қатысты болса да, біздің педагогикалық әрекетімізге көнбей сонша қасарысқанымен, оның тіпті болар –болмас ақылы болса, жақсы орта оны тәрбиемен адам етіп шығарады. Баланың бос уақытын ұйымдастыруда жанұяның ықпалы зор. Мектепте оқушы күніне алты сағат болса, үйінде он сегіз сағат болады. Баланың жағымсыз іс-әрекетке баруы, өтірік айтуы және қылмыс жасауы, жанұяның қадағаламауынан.Ата-анасына көмектескен, еңбекке ерте араласқан бала теріс жүріске бармайды. Дүниеге келген нәресте арамтамақ, құқық бұзушы болып тумайды.Жанұяда тәрбиеден кеткен ақаулық жіберілген қателіктер салдарынан қиын бала туындайды. Көңілшек ата-ана баласын ешнәрсеге үйретпейді, еңбек атаулыдан қорғаштайды, еңбек адамын құрмет тұту тағылымын үйретпейді.Балаға қалаған нәрсесін алып беруді мақтаныш тұтады. Өзіне керектінің бәрінАлдырған бала ненің қайдан, қандай еңбекпен келетінін біле бермейді.Белгілі жазушы Ж. Аймауытов «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе - өскен орта, ата-ана тәрбиесі.Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас жолдастың азғырып, не түрліЖаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Отбасының жылуын көрмеге, ата-ананың махаббатына бөленбеген бала жаны қатыгезденіп, қылмыстық жолға бейімделетінін мұғалімдерге түсіндіру артық болар. – дейді. Бұл сөз ата-анаға үлкен жүк артады.Тәрбие - тал бесіктен» демекші іргетасы берік үй оңайлықпен құламайды, яғни жастайынан берілген тәрбиені қоршаған орта түбегейлі өзгерте алмайды.Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі-ата-ана, екіншісі - ұстазы, үшіншісі-құрдасы»- деп айтып кеткен екен Абай атамыз.Ойлы ұстаз –бала жанының зергері. Еркені райға көндіру, жалқауды еңбек етуге үйрету, ұшып –қонба жеңілтекке сабырлы болудың сырын ұқтыру ұстаз шеберлігінталап етеді.Жас шыбық иілгіш келеді, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бейім.Біздің үйдегі, түздегі іс-әрекетіміз балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы-жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

А. Фортунов “қиын” бала ұғымына үлгірмеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады.Көріп отырғанымыздай “қиын” топтағы балалар тамыры терең кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі болды. Сондықтан осы топтағы балаларға жекелей жұмыс, педагогикалық әдістемелер қажет.“Қиын” балалар намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, “маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетемін” деген ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді. .Тәрбиеші тәрбиені жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың ынтасын дамыта отыру арқылы әдіс-тәсілдерді жаңартып отырса нәтижелі болады. «Егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі», — деген А. С. Макаренконың пікірі өте орынды. Пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін, жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық — педагогикалық жүйе болуы керек. Бұл жүйенің ерекшелігі — «қиындардың» түзелу мүмкіндігіне ғана емес, сонымен бірге олардың рухани жағынан да бүтіндей қайта өзгеретіндігіне кәміл сену қажеттігінде.

Тәртібі нашар балалардың шығу себебіне үңілсек:


  1. Бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады;

  2. Балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан, немесе, қалыпты нормадан ауытқуы;

  3. Педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы.

Бұзақылыққа бейім тұратын оқушыларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жіберетін қателіктерінің әр түрлі екені белгілі. Олар:

1.Әлеуметтік жағдай:

- бақылаусыздық;

- назардан тыс қалуы;

- бос уақытының болмауы;

- отбасының толық болмауы.

2.Психологиялық жағдай:

- балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы;

- оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық;

- балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмау;

- балаға жасынан толық еркіндік беру.

Осылармен қатар, ата-аналардың отбасындағы келіспеушілігі, өз жауапкершілігін терең сезінбеуі, бала қабілетімен санаспау, сенім білдірмеу, мінез-құлық ерекшелігін ескермеу, ұлттық тәрбиенің болмауы сияқты себептер де баланың бұзылуына әсер етеді. Сол сияқты, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс әлсіздігі, мектепте сынып жетекшісінің баланың педагогикалық психологиялық даму заңдылығын ескермеуі, жас ерекшелігіне қарай зерттемеу, құр уағыз айту, баламен санаспау (кейде жанын жаралау), сенімсіздік тудыру сияқты себептер де кездеседі.Қазақ психологиясында баланың 11-12; 15-16 жас аралығын «жетіліп келе жатқан кезеңі», -дейді. Олар әрекет жасау жағынан әлі бала, ал талап қою жағынан ересекпін, — деп сезінеді.Бұл кезең «өтпелі кезең», «құбылмалы шақ» немесе акселерация кезеңі. Ол кез — ересектер талабына көнуі қиын кезең, жан дүниесінде жаңа құрылымдар пайда болып, бала ол өзгерістерге жол таба алмай қиналып, уайым шегетін кез.Жеке басының жан толқыныстары кезінде күнделікті үйреншікті тіршілікке қарама-қайшылық пайда болады, сөйтіп бірте-бірте «қиын» оқушыларды іс жүзінде бақылау үшін олардың әрқайсысын өз алдына зерттеп, жеке-жеке топтарға, денсаулықтарына қарай, жас ерекшеліктеріне қарай, бетімен кетушілік дәрежесіне қарай және бетімен кету ұқсастықтарына қарай топтап бөлген жөн.Жағымсыз іс істеу немесе заңды бұзу пайдасыз қажеттіліктерді қанағаттандырудан, мысалы: арақ-шарап ішу, шылым шегу, т.с.с. Өзін басқаның алдында еш нәрседен қорықпайтын батыр етіп көрсетуге тырысудан, тентектіктен т.с.с. басқа да себептерден де болады.

Тәрбиеленуі “қиын” балаларды болдырмау үшін ұстаз бен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет. «Қиын» деген оқушының өзі бұзылған, бала емес екенін ескеру керек. Сондықтан да «қиын» бала тәрбиесінде тәрбиеші мына жайттарды ерекше назарда ұстаған жөн:


  • Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани дүниесін терең зерттеп білу, жүрегіңізбен сезініп, оған қайырымды болу керек.

  • Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін білу керек, мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.

  • Мейірім мен сүйіспеншілік — екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.

  • Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.

  • Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды, ұстамды болу қажет.

  • Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.

  • Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне баспау керек.

  • Орынсыз жазаламау керек.

  • Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу.

  • Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.

Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста төмендегі әдістерді пайдалануға болады.Мұғалімнің жұмысындағы ең белгілі әдістердің бірі

  • Бақылау әдісі. Баланың іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау.Жүйелі және нәтижелі жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса, сөзінде береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта, әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып, жүйелі жұмыс жүргізу керек.

  • Әңгімелесу әдісі — бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкідүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу.

  • Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі проблема ғана болуы тиіс.

  • Ойы,мінезі,әлеуметтік жағдайы

  • Сұхбаттасу әдісі — алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдісте мына жағдайларды есте ұстаған абзал:қарапайым жағдайда сөйлеу,баланың үнемі болатын ортасында сұхбаттасу,жауап беру мүмкіндігін ескеру;белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту,адамның көмегінсіз әңгімелесу.

  • Тест әдісі — стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту, графикалық, ассоциациялық тестер болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет.

  • Құжаттарды тексеру — бұл әдісті үнемі қолдануға болады. Құжаттар мынандай түрде кездеседі:жеке, жанұялық және сыныптық т.б.


«Қиын» балалармен жұмыс істеу жолдары:

1.Балаға ілтипатпен, ізгі  тілектестікпен қарау;

2.Оның жақсы қасиеттеріне сүйену; А.Бебельдің: «Әр адамның бойында ояту және жетілдіру ғана керек сан-алуан қабілет болады» деген керемет сөзін есте ұстап, әр оқушының жақсы жақтарын табу және оны дамыту.

3.Оның бойында қоғамдық қызметке бейімділігі бар екенін дәлелдеу.



Сынып жетекшінің қызметі:

  1. Оқушы және оның отбасының жағдайы туралы білу;

  2. Отбасымен қарым-қатынас құра білу;

  3. Тәрбие мақсатын орынды қоя білу және іс-шаралардың баланың жас ерекшелігіне қарай құру;

  4. Ата-аналар жиналыстарында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын көтеру;

  5. Оқушының мектепке келуін және сабақ үлгерімін  қадағалау;

  6. Әр оқушының көңіл-күйіне және жеке ерекшелігіне назар аудару;

  7. Әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай үйірмелерге тарту;

  8. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға тарту;

  9. Егер сыныбында ерекше назардағы бала болатын болса, мамандарға алғашқы болып сұраныс жасау және бала туралы алғашқы мәліметтерді беру;

  10. Оқушылардың девиантты мінез-құлқының алдын алу және түзету жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді.

    Қиын оқушыларды жөнсіз қорқыту, айтқанды мүлтіксіз орындату, айқаймен тәртіп сақтаудың тиімсіз әдіс екені, керісінше тәрбие өз беделінен айрылып қалатыны анық.Кез-келген мұғалім педагогикалық теорияларды жете білемін дегенмен, педагогикалық такты меңгермесе, ол шебер әрі тәжірибелі тәрбиеші бола алмайды. Ушинский: «Такт – жеке адамның қасиеті, адам мінезінің ерекшелігі. Такт – ол мұғалімнің сапасы, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу. Сезімталдық, дұрыс, ақылды талап қоя білу». Мұғалімнің қиын оқушылармен қарым-қатынасы әр түрлі формада жүреді: сұрау, талап ету, сендіру, бұйыру, мадақтау, жазалау т.б.

Сұңғатолла Ануарбек

І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді

Мектептен ауысу себептері жайлы;

Отбасы жайлы, отбасымен қарым-қатынасы;

«Отбасылық социограмма» әдістемесі.

ІІ. Оқушының психологиялық қабілеттері:

Ойлау қабілеті – төмен деңгей

Есте сақтауы – орта деңгей

Зейіні – тұрақсыз

Темпераменті меланхолик.

Өзін өзі бағалауы төмен.

Сауалнамасының қорытындысы бойынша: 8 – 5 - баланың мектеп өмірінің сыртқы көріністеріне қызығушылығының көрсеткіші (баланың ішкі көзқарасының қалыптасуының бастапқы кезеңі) Аталған мектепте оқыған ұнайды, сабаққа жақсы көңіл күймен келеді, үй тапсырмаларын ауыр сезінеді, олардың болғанын қаламайды, достарына жиі айтып тұрады. Ата анасымен мектеп жайында сырласпайды. Сынып жетекшісіне деген көзқарасы жақсы. Сыныбына бірқалыпты бейімделуде.

 Аймуханов Амиржан



І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді

Отбасы жайлы, отбасымен қарым-қатынасы;

Анасы баласына көп көңіл бөлмейді. Баласы анасының қамқорлығына мұқтаж.

ІІ. Оқушының психологиялық қабілеттері:



  1. Ойлау қабілеті – қалыпты деңгей

2. Есте сақтауы – жоғары деңгей.

3. Зейіні – тұрақты.

Темпераменті - меланхолик.

«Мектептегі сезім» сауалнамасының қорытындысы бойынша: 4 – 0 – бала мектепке қызығушылық танытпайды (ішкі көзқарас қалыптаспаған) . Аталған мектепте оқыған ұнайды, сабаққа әр-түрлі көңіл күймен келеді, үй тапсырмалары болмағанын қалайды, мектеп туралы ата-аналарына, достарына жиі айтып тұрады. Сынып жетекшісіне деген көзқарасы жақсы, сыныпта достары аз. Сыныбына тез бейімделуде. Орыс тілі математика пәндерін ұнатпайды. Агрессия түрін анықтауда физикалық агрессия байқалды.

Қорытынды.

Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да қайта орнына келгенінің жақсы болатыны секілді, қиюы келіспесе де қиын баланы тәрбиелеу қажырлы, қайратты еңбекті талап етеді.Ұрпағымыздың жұмсақ мінезді, мейірімді, байланыс жасауда қиындық тудырмауы үшін, өмірдің қатал сынына төзбей «қиын бала» атанған бауыр етіміз балалардың тәрбиесіне бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып іске кірісуіміз қажет.



Пайдаланған  әдебиеттер тізімі:

1.Воспитание трудного ребенка. Учебно-метод.  Пособие. М.И.Рожкова.М., 2001


2. Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н.,Буйнова Л.П. Социальная работа с молодежью девиантного поведения. Петропавловск,2000.
3.Дүйсекенова А.К. Қиын балалар және олармен жұмыс істеу ерекшеліктері, 2003.
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Алматы, 2000.
5. Жолмұханова Б. Қиын оқушыны тәрбиелеу //  Оқушы тәрбиесі  №1, 2009.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет