Атырау облысы Атырау қаласы №35 мектеп – гимназиясысының 2 в сынып оқушысы Нағым Мерует Нұрланқызы Жетекшісі: №35 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнур Асхатовна «Ең үздік ғылыми жоба»



бет5/6
Дата13.03.2023
өлшемі420,4 Kb.
#172221
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
0-97830200-1491816855

Зерттеу бөлімі

Омыртқа – жалпы дене бітіміндегі ең негізгі мүше. Қиымл, іс-әрекеттің барлығы дерлік осы арқылы жасалады. Осы анатомиялық қасиеттер өрнекте сақталып қалған. Яғни, ою композицияның орталығында да, жиегінде де кездесе береді.

Ұлттық ою-өрнектердің қазіргі заман талабына сай қолдану мен оларды күннен - күнге одан әрі дамытып, ерекшеленіп, әртүрлі салаларда қолдану тәсілдерімен олардың тарихын зерттеу. Бұған арқау болған, бірінші сыныпта еңбек сабағынан қазақтың ұлттық ою - өрнектері тақырыбында сабағымыз өтіп жатқан. Айнұр Асхатқызы ою-өрнектің бірнеше түріне ғана тоқталып өтті және бұдан басқа да 200-ге жуық түрінің бар екенін айтып өтті. Осы сабақтан кейін қазақ халқының ою-өрнектеріне деген қызығушылығым артты. Содан алдыма мақсат етіп қойдым. Өз елімнің ою- өрнектерін жан- жақты іздестіріп, әр оюдың мән- мағынасын сыныптас оқушыларыма неге айтпасқа деп ойландым. Ең бірінші сынып оқушыларына, яғни өз сыныбыма сауалнама жүргізуден бастадым.
Сауалнама сұрақтары:

  1. Ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер?

а) киіз үй ә) қошқармүйіз б) аспан
2. Оюды неде пайдаланады?
а) кілемде ә)қалада б)партада
3. Оюлар неше бұрышты болады?
а) ұзын ә) қысқа б)төртбұрышты
4.Ою-өрнек неде бейнеленген?
а) Әнұран ә) Елтаңба б) Ту
5.Өсімдік оюларына қандай оюлар жатады?
а) Балдақ ә) Ағаш б)Ирек
6. Геометриялық оюларды ата:
а) жапырақ ә) мүйіз б) шеңбер
7.Жануарлар оюларына жататын оюларды ата:
а) Ирек ә) түйетабан б)Қармақ
Нәтижесінде диаграммаға түсіру арқылы анықтадым. Осыдан келіп, менде ою өрнектің қыры мен сырын білуге деген қызығушылық оянды. Мен ата- анаммен бірге Сланов атындағы, Авангард мөлтек ауданында орналасқан ..... кітапханаға барып ою- өрнектер туралы мәліметтер жинадым. Мен олардың барлығын кітапша және альбом түрінде жасақтап отырдым. Сонымен бірге әр алған әсерім туралы күнделікке жазып отырдым. Ою өрнекті оқушыларға таныстырмас бұрын оны зерттеген архитектор ғалым Төлеу Бәсенов туралы ақпар бердім. Оқушылар қызығушылық таныта бастады. Олар сан қырынан сұраған сайын менің де ізденушілік қабілетім артты десем де болады. Каникул күндерінде анамның кітапханасына бардым. Онда Ою хан мен Жою хан ертегісін тауып алып, оқыдым. Онда оюдың тарихы, мағынасы толығымен ашылған. Тіпті оюды салып, қалай қию керектігіне дейін көрсетілген. Сол ою түрлерінің бір екеуін үйреніп алдым да, сыныптастарыма да үйретіп отырдым. Әр оюдың мағынасын міндетті түрде айтып кетемін. Бірде әжемнің үйіне барсам, бесікке көрпеше жасап отыр екен. Мен де қасына отырдым. Бір мезгілде бесіктің белдемшесіне қошқармүйіз бен геометриялық пішінді үшбұрыш оюын салып жатты. Неліктен осы оюды салып жатқанын сұрағанымда оны ойып салу жеңіл екендігін айтты. Менің қызығушылығым одан бетер артты. Енді мен қазақ ою - өрнектерін қазіргі заманға сай қолданыста жүрген түрлі бағыттағы мысалы, киім - кешекке, тұрмыстық бұйымдарға қолданылатындығын айтуға болады.
Осы мақсатта мен «Өнерпаз» үйіне барып,сұхбат жүргізген болатынмын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет