Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын білу. Сабақтың мақсаты: білімділік



Дата27.05.2017
өлшемі56,21 Kb.
#17036
түріСабақ

www.testent.ru

Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын білу.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын білу. Шеңбер мен түзудің өзара орналасу жағдайларын білу. Хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін түсіндіріп, меңгерту.

тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, ұқыптылыққа, өз бетімен білім алуға тәрбиелеу

дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тіл байлығын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: тренинг сабақ

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, трек-схемалар. Цифрограмма

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ақпараттық, практикалық

Жаңа технология: дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру.

Сабақ мақсатымен таныстыру



ІІ. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау

  1. Үшбұрыш туралы не білеміз?

  2. Үшбұрыштар туралы тірек - схема бойынша сөйлеу

  3. Үшбұрыш түрлерінің анықтамаларын тұжырымдау



  1. «Шеңбер» сөзжұмбағын шешу

Сұрақтары:

  1. бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш)

  2. екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі)

  3. барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы)

  4. бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)

  5. үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын

кесінді? (медиана)

  1. бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)





















Ш










Е





































Ң































Б





































Е

























Р





























ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын, шеңбер мен түзудің өзара орналасуын, хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін электрондық оқулық арқылы түсіндіріп, меңгерту.

ІV. Бекіту сұрақтары

1) Шеңбер элементтері: центр, радиус, диаметр, хорда, доға, жанама

2) Шеңбер мен түзудің орналасуы


      1. һ > r

      2. h < r

      3. h = r


V. Практикалық жұмыс.

1. Шеңбер сызыңдар.

2. Шеңбердің центрін белгілеңдер.

3. Шеңбердің радиусын өлшеп тауып, жазып қойыңдар.

4. Шеңбердің бойынан екі нүкте алып оларды А және В деп белгілеңдер.

5. А және В нүктелері шеңберді неше бөлікке бөледі

6. Доғаларды атап жазып қойыңдар

7. АВ хордасын жүргізіңдер

8. Шеңбердің В нүктесі арқылы өтетін диаметрін салып, СВ деп белгілеңдер

9. В нүктесі арқылы шеңберге ВК жанамасын жүргізіңдер

10.АВ диаметрі мен В нүктесі арқылы өтетін ВК жанамасының өзара

перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер.


VІ. Электрондық оқулықтағы есептерді шығару
1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы

мүмкін бе?

( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес)

2. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге

бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.
3. АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см,

АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?


VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма: 8.1; 8.2; 8.3; № 25 есеп

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет