Атырау облысы
Атырау қаласы
№4 облыстық мектеп-интернатының кітапхана меңгерушісі
Кенжебаева Сауле Бахтиярқызы
«Ең үздік кітапханашы» номинациясы бойынша
Тарбие сағатының тақырыбы: «Қазағымның Фаризасы»
1 жүргізуші: Армысыздар жыр сүйер қауым!
2 жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар. Тәуелсіздіктің қарсаңында өзі нәзік, жыры айбат Фариза Оңғарсынованың туған күні өткен болатын. Соған орай ұйымдастырылып отырған « Қазағымның Фаризасы» атты Фариза апайды ұлықтау кешіне қош келдіңіздер!
1 жүргізуші: Фариза, Фаризажан, Фаризақыз
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз,- деп ақиық ақын, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев бүгінгісін мұңдағанымен, біз олардың жырларын шаң басқан архивтерге тастағымыз жоқ. Соның дәлелі бүгінгі кешіміз болмақ. Олай болса бүгінгі кешімізді ашық деп жариялаймыз.
2 жүргізуші: Фариза ақын әйел жанды болғанымен, ер мінезді, пошымы ащы, тікежүзді кісі еді- ау, шіркін! Оның жырларынан үнемі шындықтың лебі есіп, әділдікпен адамдық сезімдердің иісі бұрқырап тұратын. Ақынның жырларын оқымас бұрын, ол кісінің өмірімен танысып алу керек деп ойлаймын. Сен бұған қалай қарайсың, Гүлзира?
1 жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, Динара! Фариза апамыз туралы мына отырған оқушылар не дер екен, соларға құлақ түрелік.
( Балалар өмірбаянын айтады: Расул, Асылай, Нұржанар)
2 жүргізуші: Қайдан сезсін, өксісн өзіңдей боп,
Қайғы өзінің басына түспегесін
Тағы сонда қарайсың жан- жағыңа
Сене алмайсың алдыңда таң барына,
Тағы сонда жылайсың сені ұғатын
Жалғыз жаннан айрылып қалғаныңа, - деп поэзия падишасы Фариза ақынның өзі жырлағандай, өлеңнің құдіретін түсінетін, елінің қамын жер ардақты тұлға, дарабоз ақыннан айырылып қалғанымызға ішіміз удай ашып, налыған едік. Бұл тек Атырау халқына емес, бүтін бір қазақ халқына тиген ауыр соққы болды, халықтың қабырғасы қайысты. Бүкіл қазақ болып сол күні аза тұттық. Әйтсе де « жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, ақын апамыздың көзіндей боп, жүрегінен сусып шыққан жырлары бүгінгі ұрапақтарына өшпес мұра, асыл қазына болып жетті. Және де бұл жырлар дәуірлер бойы жоғалмасына сенеміз.
1 жүргізуші: Сөзіңе келісем Динара. Өмірге өлең арқылы ғашық, әдебиетті жандары сүйетін, жыр оқыса делебесі қозатын жастар, жерлес апамыздың өлеңімен өсіп келе жатқаны хақ. Ендеше, сол достарымыз не дер екен?!
( Осы арада өлеңдер оқылады: Айдос, Расул, Анаргүл)
2 жүргізуші: Достар, жерлес апамыздың өмірімен таныс екендеріңіз белгілі, білетіндеріңіз мол болар, солай емес пе?! Енді бүгін сол білетіндерімізді ортаға салайық. Ол үшін « Сұрақтар» айдарына кезек береміз.
Ф. Оңғарсынова қашан өмірге келді?
Алғашқы еңбек жолы қай жерден бастау алады?
Қандай кітаптарын білеміз?
Ақынның өлеңдері бүгінгі жастарды неге тәрбиелейді?
Фариза ақынға жыр арнап, әніне арқау еткен кімдер?
Қай жылы өмірден өтті?
1 жүргізуші: Ұлы тұлғаның өмірін оқи отырып, өлеңдерімен танысып, ол кісінің шындықты жақтап, қара қылды қақ жарған әділетті адам болғанын байқауға болады. Былайша айтқанда өлеңінен өмірі көрініп тұратын ақын.
( Осы жерде өлеңдер оқылады: Мейрамбек, Самал, Зәругүл)
2 жүргізуші: Ф. Оңғарсынова елдің анасы, ұлттың жанашырына айналған асыл тұлға. Оның мейірімі мен шапағатына бөленбеген, ол кісіге алғыс айтып, өз жырына арқау етпеген адам кем де кем. Соның бірі ірі ақын, мұзбалақ ақын Мұқағали атамыз және елге әсем әнімен шашу шашып жүрген Роза Әлқожа апамыз. Ендеше, бүгінгі кешімізде Черкешбаева Асылайдың орындауында Роза апайдың репертуарындағы « Қазағымның Фаризасы» атты әнді қабыл алаңыздар!
( Ән айтылып болған соң, оқушылар өлең оқиды: Алтынай, Ақнұр)
1 жүргізуші: Ф. Оңғарсынованың өлеңдерінің өміршеңдігі бүгінгі кешіміздің өзінен- ақ айқын сезіліп тұр емес пе! Осынау киелі атырапта, біздің туған мекенімізде «өлеңім- өмірім» деп өткен ақынның түлеп ұшқаны расымен де мақтанарлық жәй.
( Өлеңдер оқылады: Нұржанар, Назерке)
2 жүргізуші: Достар біз өз кешіміздің соңына да таяп қалдық. Кешімізді аяқтамас бұрын Фариза апайдың рухына арнап, өзіміздің жүрекжарды тілектерімізді арнасақ қайтеді?!
( Оқушылар өз ықыластарын білдіреді)
1 жүргізуші: Фариза апа әрдайым жүректесіз,
Еске алып, өзіңізді үлгі етеміз
Ұрпағыңыздың жадында сақталады,
Өшпейді енді өзіңіз де, өлеңіңіз – дей келе сөз кезегін мектеп – интернатымыздың директоры Аманғалиева Татьяна Зейнелқызына береміз. Фариза апай ұдайы біздің жадымызда, жыры жүрегімізде сақтаулы. Фариза ақын өлмейді, өшпейді, ол мәңгі ғасырлармен бірге жасай бермек, өйткені ұлы қазақ елі мәңгілік мемлекет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
*****************Соңы********************
Достарыңызбен бөлісу: |