Қызықты сайыс төмендегідей кезеңдерден тұрады. 1 кезең. Сәлемдесу. (әр команда төсбелгісін, ұранын, қарсыластарға, әділқазы алқасына сәлем жолдайды.)
2 кезең.Сырыққы шығу- «Әркімнің өзі шығар биігі бар». Әр командаға
6 сұрақтан қойылады.
3 кезең. Алтын қабақ ату- «Өнер-ағып тұрған бұлақ, ілім- жанып тұрған шырақ». Берілген формулаларды қателеспей теріп алып 4 түрлі себетке орналастыру керек. (оксидтер, қышқылдар, тұздар, негіздер)
4 кезең. Тал отырғызу- «Әдепсіз өскен баладан тәртіппен өскен тал жақсы».(Төменде берілген айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазу керек)
5 кезең. Күш сынасу- «Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады».
«Әр командаға есептер таратылады, есепті шығаруға 10 минут уақыт беріледі.