Атырау облысы
Махамбет ауданы
О.Шонаев атындағы орта
мектептің I-санатты
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ибрашева Толқын Қарасқызы
Әдебиет
«Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихынайтатын писхологиялық роман.
Ш.Айтматов
Сабақтың тақырыбы: Ш.Айтматов «Найман – Ана»
(«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ш.Айтматовтың романынан алынған үзіндінің
мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Танымдық қызығушылығын, шығармашылық,
ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көз-қарасын дамыту оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ел тарихын, әдебиетін білуге, оны құрметтеуге,
ұлылардың даналық сөздерінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау әдісі: «Әдебиет үйірмесі» стратегиясы
Сабақтың әдісі: Іздену, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, қайталау.
Көрнекіліктер: Оқулық, «Мәңгүрт» кинофильмнен үзінді, видео
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, саз.
Сабақтың жүрісі
І. Ұйымдастыру: Амандасу
1. Топқа бөліп, сәттілік тілеу
Сабақтың тақырыбын, жүрісін таныстыру
Жалпы сабақ үдерісі бойынша білімді бағалау критерийлері/шектері/
Оқушының аты-жөні______________________________________________
Рет саны
|
Тапсырма мазмұны
|
Есептелетін ұпайлар саны
|
1.
|
Үйге тапсырманы орындау
|
|
2.
|
Топпен жұмыс жасауға қатыс
|
|
3.
|
Тапсырманы орындау
|
|
4.
|
Жаңа тақырыпты талдауға қатыс
|
|
5.
|
Сатылай кешенді талдау бойынша қатыс
|
|
6.
|
Шығармашылық жұмысты орындау
|
|
7.
|
Өзіндік пікір қосу
|
|
8.
|
Қорытынды түйін жасай білу
|
|
Ескерту: 10-12 ұпай - «өте жақсы»
8-10 ұпай - «жақсы»
5-8 ұпай – «қанағаттанарлық»
І С К Е С Ә Т !!!
ІІ. Қызығушылықты ояту: «Найман ана» монологы
Өздерініңіз көріп отырғандарыңыздай бүгінгі сабағымыз ана туралы, баласын іздеген ана туралы болмақ. Олай болса, іске сәт!
ІІІ. Мағынаны таны
Біліміңді зерделе
Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы?
Шыңғыс Айтматовтың қандай шығармаларын білесіңдер?
А) Шыңғыс Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушы. Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс шығармалары - әр елдің тілінде аударылып, оқырманын көбейтуде. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, азаматтық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды. Шыңғыс Айтматовтың ұстазы – Мұхтар Әуезов. Көрмеде көріп тұрғанымыздай поэзия әлемі ұлт таңдамайды. Әдеби шығармалары да достығы да тұтас дүние бола білген Мұхтар мен Шыңғысты бүкіл ел біледі. Осындай достықта туған шығармалары мәңгілік болмақ.
Жылы
|
Басылым атауы
|
Еңбегі
|
1957
|
«Ала-Тоо» журналы
|
«Бетпе-бет» повесті
|
1958
|
«Новый мир» журналы
|
«Жәмилә» повесті
|
1961
|
«»Дружба народов» журналы
|
«Шынарым менің, шырайм менің» повесі
|
1961
|
«Ала-Тоо» журналы
|
«Алғашқы ұстаз» повесі
|
1963
|
«Ала-Тоо» журналы
|
«Құс жолы» повесі
|
1961
|
|
«Байдамтал бойында» әңгімесі
|
1964
|
«Молодая гвардия»
|
«Қызыл алма» әңгімесі
|
1968
|
Қырғыз баспасөзі
|
«Атадан қалған тұяқ»
|
1964
|
Қырғызстан альманагында
|
«Сыпайшы» әңгімесі
|
1954
|
«Сов. Қырғызстан» басылымы
|
«Ақ жауын» әңгімесі
|
1955
|
«Сов. Қырғызстан» басылымы
|
«Мұрат» әңгімесі
|
1961
|
«Новый мир» басылымы
|
«Ботагөз» повесі
|
1975
|
«Новый мир» басылымы
|
«Ерте келген тырналар» повесі
|
1966
|
«Новый мир» басылымы
|
«Қош бол, Гүлсары!» повесі
|
1970
|
«Новый мир» басылымы
|
«Ақ кеме» повесі
|
1977
|
«Знания» журналы
|
«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесі
|
1980
|
«Новый мир» басылымы
|
«Ғасырдан да ұзақ күн» романы
|
1986
|
«Новый мир» басылымы
|
«Жан пида» романы
|
/Мәтін бойынша талдау жұмысы- «Әдебиет үйірмесі» стратегиясы/
1-топ.Сілтеме табушылар.
Шыңғыс Айтматов "Найман-ана" (мәтін бойынша әңгімелеп береді)
2-топ. Ізденуші
Шыңғыс Айтматов "Найман-ана" әңгімесіндегі мәңгүрт сөзі. Мәңгүрттік — адам бойында ұлттық мәдениет пен құндылықтардың, адамгершілік қасиеттердің жойылуын білдіретін ұғым. Мәңгүрттік ұғымын 20 ғ-дың 80-жылдары көркем әдебиетте Ә.Кекілбаев пен Ш.Айтматов айналымға енгізіп, адамзатқа қауіпті құбылыстардың бірі ретінде көрсеткен. Мәңгүрттер —(түрікменше munqul—есінен айырылған،ақылсыз) түркі кезеңінде жуанжуандардың (қарақытайлардың) тұтқынға жасаған әрекетінен кейін пенденің өз есінен айырылғаннан кейінгі аты.Мәңгүрттер қорлық-зорлық атаулының бәрін көріп, миына жазылмастай зақым келген, қай елден шыққанын, кімнен туғанын білмейтін, тек кеудесінде жаны бар, ішіп-жеуге, қарадүрсін жұмыстарды атқаруға ғана қабілетті болып келеді.Олар тіпті алыс пен жақынды ажырата алмайды.
«Найман ана» әңгімесі Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді болып табылады.Онда Тұтқынға түскен әрбір адамның шашын тықырлап алып،түйенің жүнінен кепеш атты бас киім кигізетін болған.Кепеш деген адамды сана-сезімінен айыру үшін түйенің жүнінен жасалатын бас киім.Кепешті кигізгеннен кейін жуанжуандар тұтқынды 5 күн ассыз،сусыз шөлдалада қалдырған.Шаш 5 күнде 5 мм-ге өседі.Ал бұл миды зақымдауға жеткілікті мөлшер.«Мәңгүрттену» кезеңі өткеннен кейін тірі қалған адам мәңгүртке айналатын болған.Мәңгүрт қожайыны не қаласа — соны істейді.Себебі мәңгүртте тек бір қорқыныш бар.Ол «кепешті шешсең өлесің» деген қожайындарының сөзі.Наймандар өздерінің жуанжуандарға тұтқын болып түскен туысқандары немесе достарын салық төлеу арқылы алмаған.Себебі олар мәңгүрттің ешқашан өзгермейтінін білген.
Шыңғыс Айтматовтың сипаттамасындағы мәңгүрттер. Шыңғыс Айтматовтың айтуынша мәңгүрттер тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап бере алады.Оларға қожайынының сөзінен басқа сөз маңызды емес.Себебі мәңгүрттерге адамдардың дауысы мен шегірткенің дауысы бірдей.Олар тек өмір сүру жайлы ойлайды.Найман ана әңгімесінде Дөненбайдың ұлы Жоламан мәңгүртке айналады.Ал Найман ана өз ұлын тауып،өз үйіне қайтармақшы болады.Дегенмен Жоламан өз анасын танымағандықтан өз еліне бармайды.Және өз қожайындарының «ол сенің басыңдағы кепешті шешуге келді» деген жалған ақпаратқа сеніп өз анасын өзі өлтіреді. (видео көрсету)
3-топ. Дәнекер
Жоғарыдағы талданған шығармадағы «мәңгүрт» сөзіне ұқсастық бүгінгі өмірде бар ма? /бүгінгі проблема /
4-топ. Бейнелеуші
Мәтіннен ана бейнесін табу, мәтін бойынша сурет салу
5-топ. Сөз тапқыш
Оқиға алдындағы жағдай
|
Аңызға айналған Ана-Бейіт зираты.
|
Оқиғаның басталуы
|
Тұтқындар туралы алып-қашпа сөз…
|
Оқиғаның дамуы
|
Найман-Ананың Сарыөзекке аттануы…
|
Шиеленісуі
|
«Мәңгүрт те болса- перзентім»…
|
Шарықтау шегі
|
Мәңгүрттің селт етпеуі…
|
Оқиғаның шешімі
|
Құсқа айналған жаулық…
|
6-топ. Сұрақ қоюшы
Сұрақтар ашық сұрақ түрінде болады.
Шығарам неге Найман ана деп аталды?
Мәңгүрт деген кім?
Сатылай кешенді талдау
Шыңғыс Айтматов "Найман ана"
1. Авторы – Шыңғыс Айтматов -сан қырлы талант, көркем сөздің зергері.
2. Тақырып – Ана бейіті туралы аңыз бен жау қолына түскен жауынгерлердің өмірі мен тағдыры.
3. Әдеби жанры – роман
4. Идеясы – Автордың баласын жоғалтқан ана бейнесін шынайы жеткізуі
5. Шығарманың композициялық құрылысы
Сюжеттің басталуы- Тұтқындар туралы алып қашпа сөз
Сюжеттің байланысы- Найман ананың Сарыөзекке аттануы
Сюжеттің шиеленісуі- «Мәңгүрт те болса- перзентім»…
Сюжеттің шегі- Мәңгүрттің селт етпеуі…
Сюжеттің шешімі- Құсқа айналған жаулық… ...
6. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі – жағымды кейіпкер – Найман ана, Жоламан, жағымсыз кейіпкерлер – жуан-жуандар
7. Әдеби теориялық ұғымдар:
Тұрақты тіркестер – тілін тістеу, жай табу, жүрегі сыздау, ит өлген жер.
Эпитет – темір қысқыш, қанды су, үрейлі көз, түтінсіз жалын.
8. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілікке, достық қарым-қатынасқа, өз арманына жетуге тәрбиелеу.
IV. Ой толғаныс. /Тақырып бойынша ойды жинақтау,зерделеу/
Барлық топ сөйлеп болса, мына бір сұрақ төңірегінде ойланып көрейікші. Егер сіз жазушы болсаңыз шығарманы қалай аяқтар едіңіз?
V. Қорытынды сөз:
«Ең бастысы-адам факторы: Оның еркі, күш-жүгері, табандылығы мен білімі» Н.Назарбаев
Тәуелсіз елдің тірегі де өзіңсің.
Мен сенемін, білімді бол, жас ұлан!
Өзіңді өзің бағала.
Сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін бәріңізге қошемет!
VI. «Менің көңіл-күйім» ТЕРЕГІ
Рефлексия (кері байланыс)
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе адам суретін салып), тақтада ілінген терекке жабыстырады. Теректе жылдың төрт мезгілі бейнеленген. Көктем - «Керемет!», жаз - «Өзіме сенімдімін!», күз -«Жақсы!», қыс - «Маған көмек керек!» деп аталады.
VI. Бағалау. (Өз-өзін бағалау парағы бойынша бағалау)
VII. Үй тапсырмасы:
Әңгіменің мазмұнын түгел оқып келу.
Қорытынды сөзі: Мұхаммед Бабырдың
Әрқашанда таза болсын ар-ожданың, жүрегің,
Өзгелерде саған адал, әділ болар білемін.
Зорлық қылсақ өзгелерге - өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің - ,
дегендей әрқашанда қатыгездіктен аулақ болайық!
Әр уақыт, күннен – күнге еңбекпен ізденісті талап ететін, ХХІ ғасырда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден-бір себебі - осы сын тұрғысынан оқыту деуге болады. Сын тұғысынан оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақта ықпалдастырудың маңызы өте зор екеніне көзім жетті.
Сын тұрғысынан оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына сенімсіздікпен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады. Олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болатыны сөзсіз.
Сондықтан да, 8-сыныптағы қазақ әдебиеті пәнінен Ш.Айтматов «Найман Ана» тақырыбында сабақ өткізу барысында, ең алдымен сыныптың психологиялық ахуалын көтеру мақсатында, жас ерекшелігіне назар аудара отырып, оқушыларды 1-6 санға дейін санау арқылы 6 топқа бөлдім. Топқа бөліп алған соң оқушыларға алдыңғы сабақта өздерінің құрған ережелерін сақтауды ескерттім.
Атап айтқанда, 1-топ. Сілтеме табушылар. Шыңғыс Айтматов "Найман-ана" (мәтін бойынша әңгімелеп береді)
2-топ. Ізденуші. Шыңғыс Айтматов "Найман-ана" әңгімесіндегі мәңгүрт сөзі.
3-топ. Дәнекер. Жоғарыдағы талданған шығармадағы «мәңгүрт» сөзіне ұқсастық бүгінгі өмірде бар ма? /бүгінгі проблема: нашақорлықтың жаман әдет екенін, теріс ағымдағы дінді қабылдау... /
4-топ. Бейнелеуші. Мәтіннен ана бейнесін табу, мәтін бойынша сурет салу.
5-топ. Сөз тапқыш мәтінді СКТ салу.
6-топ. Сұрақ қоюшы. Сұрақтар ашық сұрақ түрінде болады.
Осылай топқа бөлінгендіктен, қызығушылықты ояту мақсатында Найман ана туралы түсірілген видеоны көрсетіп алдым. Осыдан әрі топ мүшелері жұмыс жасай бастады. Сабақ барысында балаларды бәсекеге түсіру және белсенділігін арттыру үшін топқа бөлдім десем де, олар өздеріне берілген тапсырмаларға ғана жауап беріп отырды. Басқа топ мүшелерінің жауабына еш араласпады. Тек қана сұрақ қоюшылар ғана барлық топқа араласып отырды. Жаңа сабақ «мәңгүрт» сөзі туралы толық көлемді мәлімет алды. Жаңа сабақты игерту барысында түрлі әдістерді қолдану арқылы терең ойлануға мүмкіндік жасадым.
Осы сабақты даярлау барысында АКТ- ның үлесі зор болды. Интербелсенді тақтадағы бейне сюжетті көріп, тыңдау арқылы есте сақтау ұзақ болатынын білдім. Мұндағы АКТ-ның сиқырлы күші балалардың қызығушылығының және танымдық қабілеттерінің артуына түрткі болғанын байқадым. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту барысында суреттермен жұмыс жасаттым. Оқушылар ана монологын өз беттерімен оқып алып, қолдан жасалған МӘҢГҮРТТІК деп құрастырған суреттері бойынша талдау жұмысын жүргіздім. Осы тапсырмаларды орындау барысында балалардың топпен жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық атмосферасын құрғандығы және оның оң ықпалын тигізгенін байқадым. Бұл тапсырманы орындау барысында ерекше көзге түскен Рақымжан, Алтынзер, Бекзат А, Ақбота, Бекзат Қ, Айбике атты оқушылар болды. Бұл балалар сабақ барысында өздерінің шапшаң, ынталы, епті, ұқыпты екендерін, тіпті кейбір бұрын соңды көп сабаққа қатыса қоймайтын оқушыларда өз ойын айтуға барынша тырысып, бойындағы кейбір сыныптастарына өзінің беймәлім тұстарын көрсете білді. Әсіресе Ақбота. Сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды және шығармашылықпен бәсекелестікті қалыптастырады, өзін - өзі бағалауға үйренеді дегім келеді. Ал, бұл топтық жұмыста барлық бала өздерінің дарынды екенін, соның ішінде Алтынзер, Шыңғыс, Айбике ерекше көзге түсіп, алғырлықтарымен өздерін көрсете білді. Осы сабақтағы барлық тапсырманы балалардың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырдым.
Осындай жаңа тәсілдерді қолдана отырып сабақты одан әрі қызықты етіп түрлендіруге және бағалау кезеңін түрлі әдіспен қолдануға болатынын түсіндім.
Мен дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытудың арасында аспан мен жердей айырмашылық бар екенін анық байқадым. Оған дәлелім бұрыңғы дәстүрлі оқыту кезінде жетекші рөл үнемі өз тарапымнан келетіні және сабақтың тең жартысында оқушыға түсіндіремін деп өзім сөйлеп, уақытты өткізіп алып, оқушының өз ойын жеткізуге мүмкіндігі болмайтынында еді.Өз тәжірибемнен алатын болсам сабақ барысында сол тақырыпты оқушыға жете меңгертемін деп көп уақытты өзім пайдаланады екенмін. Ол кезде оқушы тарапынан сөйлеу аз екеніне аса мән бермеппін.
Дегенмен де арасында қабілетті, талантты, өзіңе жағаласып, жарысып отыратын оқушылар да болады, бірақ соны ары қарай жетелемеген екенмін. Мен бұл жерде дәстүрлі оқытуды мүлдем алып тастаймын деген ой айтпақшы болып отырғаным жоқ, дегенмен де сын тұрғысынан оқытуды өз сабағымда қолдануды үнемі үрдіске айналдырсам, онда мен болашақта өзіне сенімді, ынталы, ойын еркін дәлелдеме арқылы жеткізе алатын талантты да, қабілетті, дарынды ұрпақ даярлаймын деп ойлаймын.
Тіпті оқуды қойды, осылар ең шамалы оқушылар деген, жасөспірімділік өтпелі кезеңде жүрген, 8-сынып оқушыларының жаны жаңалыққа өте құмар екенін, олар оқуымен, түсінік айтуымен, өздерінің сөздерімен, суретпен жұмыс жасау, оқулықпен жұмыс жасау барысындағы іс - әрекеттерімен өздерінің талантты, қабілетті, дарынды екеніне көз жеткіздім. Осы сабақтарды жүргізу барысында балалардың бойынан білімге деген құштарлығын, жаңашыл дүниеге қызығушылығын, өздеріне деген сенімділігін, өзінің дүниесін өзгемен бөлісуін, сынып ішіндегі ынтымақтастық атмосферасын, өз-өздерін реттеуін және бәсекеге түсу арқылы топ үшін жан ұшыра атсалысқандарын байқадым.
Мектеп деңгейіндегі және сыныптағы табысқа жетуі мектеп ұжымы күш жұмылдырғанда ғана іске асады деп ойлаймын. Мен үшін ең тиімді сабақ ол- нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады.
Менің ойымша әлі де болса оқушыларда еркін ойлау жетіспей жатыр. Өзгерістер көзге көрініп тұрды. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы бірден топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілмен оқытуға қалыптастыру өздігінен қалыптасып кете қалатын оңай жұмыс емес. Сабақ барысында сыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән бердім, нәтижесінде оқушыларымның өздерін еркін ұстауын байқадым. Оқушыларыма сабақтарым ұнады. Мұғалім бүгін қызықты не әкеледі екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді көздерінен оқып, менде де сабақ беруіме деген бір жаңаша құлшыныс пен ынта – жігер пайда болды. Әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, оқушыларды сыни ойлауға бағыттау жолында жүргізілген сабақтарыма Оразахынова сатылай кешенді талдау технологиясын да кірістіре пайдалануым өзім үшін де, оқушы үшін де тиімді деп ойлаймын. Бұрын қоңырау қашан болар екен деп уақытты бос өткізетін оқушылар, сабақта жаңа тәсілдерді қолданғаннан кейін «сабақты жалғастыра берейік» деп ұсыныстар білдіріп жатты. Келесі сабақта қандай топтарға бөлер екен, қалай бөлер екен, топтастыру қандай бағытта болар екен деп тағатсыздана күтетін болды. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығы артқанын көріп, ББҮ әдісі арқылы ұсыныстарын оқып, олардың көңіл күйлеріне қарап келесі тақырыпқа жаңаша топқа бөлуді ойлап, сергіту сәттерін дайындауға асықтым. Кейбір оқушыларымның ата-аналары балаларының сабаққа деген ынтасы артқанын айтып, келіп жатты. Үйге келе сала ойынға жүгіріп кететін балаларым, қазір бірінші сабағын орындайды, көп ізденеді, оқулықтан тапсырмаларды қарайды деп өз ойларын айтып жатты. Демек, оқушы бойында өзіндік өзгерістің пайда болғаны анық деген ойға келдім.
Еліміздің көркеюі оларды білім алу үшін талантты да, қабілетті балаларды тауып, білім мен тәрбие беру барысында дамыту - ол менің ұстаздық парызым деп білемін. Сондықтанда осы деңгейлік курстастардан өткен көшбасшыларыма алғысым шексіз. Коучингте алған білімімді өз тәжірибемде барынша қолдануға тырыстым. Сабақтар барысында оқушылар бойынан пәнге деген қызығушылығын байқадым.
Қорыта келе сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі - нашар оқитын оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды және шығармашылықпен бәсекелестікті қалыптастырады, өзін- өзі бағалауға үйренеді дегім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |