№
|
Қойылатын орны
|
Мысалы
|
1
|
Дәйексөз тырнақшаға алынады.
|
«Абай – қазақтың бас ақыны» деген Ахметтер де өмірден өтті.
|
2
|
Төл сөз тырнақшаға алынады.
|
Шешесі қызынан сұрады: «Ақшаны қайда қойдың?»
|
3
|
Мақал-мәтел, афоризм сөйлемде
қолданылғанда тырнақшаға алынады.
|
«Ақыл - жастан» демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен.
|
4
|
Дәйексөз ретінде келтірілген сөздер тырнақшаға алынады.
|
Қазақта «құлақтан кіріп бойды алар» қаншама әдемі әндер бар.
|
5
|
Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады.
|
Әжемнің маған айтқан «алтыным», «қошақаным» деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді.
|
6
|
«Де» дәнекерінсіз айтылып, заттанып тұрған төл сөздер тырнақшаға алынады.
|
«Сабаққа бармаймын» -ды қой.
|
7
|
Қалжыңмен айтылған астарлы
мәндегі сөздер тырнақшаға алынады.
|
«Жаны тәттілердің» жағдайын жасап жүре береміз бе?
|
8
|
Объект етіп алынған сөйлем (сөз тіркесі, сөз, буын, әріп) тырнақшаға алынады.
|
«А» - жуан дауыс дыбыс.
|
9
|
Ұйым, ұжым, газет, журнал, кітап т.б. атаулары тырнақшаға алынып жазылады.
|
«Шың-кітап» баспасы.
«Ана тілі» газеті.
«Абай жолы» романы.
|