Атырау облысы Тілдерді дамыту жґніндегі басќармасы



бет48/75
Дата06.02.2022
өлшемі5,41 Mb.
#35116
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75
Даналық мәйегі


Т Е С Т

1. Сөз сөйлеуге қай уақыт тиімді?


А. Түскі;
Ә. Таңертеңгілік;
Б. Бесін;
В. Кешкілік.
2. Мінбеде өзіңді қалай ұстаған дұрыс?
А. Бірқалыпты;
Ә. Жоғары;
Б. Орташа;
В. Дұрыс.
3. «Кеңес» дегенді қалай түсінесіз?
А. Кеңесу;
Ә. Ақылдасу;
Б. Бірігу;
В. Бас қосып ақылдасу, ойласу.
4. Ашу бар жерде ақыл тұрмайды
Ашу деген – ағын сөз,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген – дария,
Алдын тоссаң, тоқырар – қай шешеннің сөзінен алынған?
А. Қазыбек би;
Ә. Әйтеке би;
Б. Төле би;
В. Саққұлақ.
5. «Білімдіден шыққан сөз ... болсын кез» мәтелдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді белгілеңіз.
А. Талаптыға;
Ә. Тыңдаушыға;
Б. Білгірге;
В. Айтушыға.
8-САБАҚ. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫМЕН
ҚАТЫНАСЫҢЫЗ ҚАЛАЙ?


Тілдесім


Сұхбаттасайық!

1. Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не?


2. Бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарына көңіліңіз тола ма?
3. Сізді бүгінгі таңда қандай тақырып толғандырады?


Оқылым
1-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Түсініңіз.


Бұқаралық ақпарат құралдары

Қазіргі таңда іскер адамдар бірте-бірте көбірек репортерлердің сұрақтарына жауап беруге, телефон арқылы әңгімелесуге не теледидар арқылы сөйлеуге мәжбүр. Бұл орайдағы тәжірибе көрсеткендей, жекелеген адамдардың, сондай-ақ ірі компания өкілдерінің қадамдары көңілден шықпай жатады. Егер бұндай жағдайға алдын-ала мұқият дайындалар болсақ, онда бұқаралық ақпарат құрал саласы қызметкерлерінің іс-әрекетін білу арқылы оларды өзімізге жұмыс жасауға (өзімізге қарсы емес) ыңғайлай алар едік.


1. Радио – тез әрі шұғыл қимылдайтын бұқаралық ақпарат құралы. Жаңалықтар жұртшылыққа пайда болған мезетте-ақ таратылады. Телфонмен хабарласу арқылы да радиодан сөйлей аламыз. Радио арқылы сөзімізді тікелей де, контекстің бір бөлігі ретінде де не толық жазып алып, кейінірек керек мезетінде өңдеп те беруге болады.
2. Теледидар – бірден-бір тікелей ұсынылар бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Жұртшылықпен жүргізілген сауалнамаға сүйенсек, оны «ұсынған жаңалықтарына көпшілікті тез сендіре алатын бұқаралық ақпарат құралдарының бірі» ретінде бағалайды. Бір мезгілде көріп әрі тыңдап отырғандықтан, одан алар әсеріміз де мейлінше күштірек болмақ.
3. Баспасөз – ақпарат таратуда бірден-бір қарапайым әрі тікелей сөзбе-сөз жеткізілетін құрал. Радио мен теледидарға қарағанда күнделікті газеттер жұртшылыққа жаңалықтарды бірер сағат кеш ұсынады. Десек те, баспасөз болған оқиғаның бүге-шүгесіне дейін тарата ұсына білуімен ұзағырақ әсер қалдыруға ие. Журналдар мен кітаптар да осындай сапалыққа ие, бірақ бұлардың әсері алдыңғыдан көбірек деңгейде. Бүгінгі жаңашыл репортерлер мен очерк авторлары материалдарды жазып алу үшін арнайы диктофондарды қолданады. Ал бұл кассеталар (редакцияланбаған) қате баяндаудың, сипаттаудың болмауын қамтамасыз етеді.
БАҚ-пен тиімді қарым-қатынас орнату қағидалары:

  • Жазып алынғаннан (кассетаға жазылғаннан) ештеңені алып тастай алмаймыз;

  • Репортерлердің біз үшін жұмыс жасамайтынын ескеру. Сәйкесінше, не істеу керектігін үйретпеу, олар біздің айтқанымыздың бәріне бірдей сенбейтіндігін есте ұстау;

  • Ешқашан жалған сөйлемеу. Егер де жауап беруге қиналсақ, барды айту. Бұл ретте қойылған сұраққа жауап бере алатын адамның тегін не агенттіктің атын айтуға әбден болар еді;

  • «Бұл жағдайға ешбір түсініктеме бере алмаймын» деп еш уақытта айтпау. Бұндай ретке жол беру телекөрермендерді өзімізден алшақтатуға, ал сұхбат алушы репортерді нақтылы оқиға ізіне түсуге бағыттауға сеп. Сол себептен де қашан да қойылуы мүмкін кез келген сұраққа жауап беруге даяр болу жөн. Жағымсыз сұрақтарға қысқа түрде жауап бере келе, лезде кейбір жағымды жайттарға ойысу дұрыс;

  • Сұхбат жүргізушіге /репортерге/ әңгімеге сөз қосуға жол бермеу. «Жоқ, менің айтайын дегенім дәл олай емес. Мен бұл жерде... » деген тұрғыда жайлап қана оны жөндеу артық емес;

  • Бірді айтып бірге кетпеу. Көбіне репортерге ұзақтығы 7-15 секунд мөлшеріндегі сілтеме жасауға жарарлықтай еркін де мәнерлі түрде айтылған ой-пікірлер қажет. Қойылар сауалдарды алдын-ала болжап біліп, оған жауап беруге әзірлену орынды;

  • Өзіңізге қойылар сұрақтарға қатыссыз, алдын-ала өз әңгімеңіздің қай бағытта өрілерін айқын білу міндетті. Жағымды жаңалықтар туралы көбірек баяндау;

  • Репортермен сөзге келіп қалудан аулақ болу;

  • Ешқашан да БАҚ өкілдері алдында ашуланбау;

  • Тыныштықтан қорықпау. Жауап берер алдында кідіріс жасау, өз жауабыңызды алдын-ала ой тезінен өткізіп алу. Радио не теледидарда тыныштық сақтау – жүргізуші міндеті. Егер кідіріс тым ұзағырақ созылса, ол сұрақтарды қысқарта да алады, не келесі сұрақтарды қоя да алады. Жалпы репортерге айтылғанды ұғып алуға және келесі сұрақты үйлестіре ұсынуға мүмкіндік беру жөн. Сөз сөйлеу үдерісінде репортерлердің ойлана сұрақ беруі қиындау. Ешқашан да сұраққа нақты жауап беруден артық сөйлемеу орынды;

2-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөз тіркестерімен танысыңыз. Оларды дәптерге көшіріп жазыңыз.

Тәжірибе көрсеткендей
Жекелеген адамдар
Компания өкілдері
Бұқаралық ақпарат құралдары
Телефонмен хабарласу
Радио арқылы
Ақпарат таратуда
Арнайы диктофон

Жалған сөйлемеу
Сұхбат алушы
Жағымды жаңалық
Жағымсыз сұрақ
Қойылар сұрақ
Артық сөйлемеу
Кідіріс жасау





3-тапсырма. Мәтінді өзіңіз оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. БАҚ өкілдеріне көзқарасыңыз қандай?
2. Радио, теледидар, баспасөздің бір-бірінен айырмашылығы
қандай?
3. БАҚ-пен тиімді қарым-қатынас орнату қағидаларын атаңыз?
4. Сұхбат беру кезінде дайындық керек пе?
5. БАҚ құралдарына сұхбат беріп көрдіңіз бе?


4-тапсырма. Мәтінге құрылған төмендегі жоспарды ретіне қарай орналастырыңыз.
1. БАҚ-пен қарым-қатынас орнату қағидалары;
2. Тікелей ұсынылар ақпарат;
3. Сөзбе-сөз жеткізетін құра;
4. Іскер адамадардың сұхбат беру;
5. Тез әрі шұғыл таратылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет