Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия



Дата24.11.2016
өлшемі286,44 Kb.
#2420
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия

Бекітемін: Келісемін: Ә/б отырысында қаралды

Утверждаю: Согласованно: Расмотрено:

Директор Зам Директор УВР на заседании М/О

____________ Оқу ісінің меңгерушісі: Қаулы №_________

«____»______ _________________ Протокол№_________

«____» __________ от «____» _________

Күнтізбелік

жоспар
Физика

2012-2013 оқу жылы

Атырау 2012ж

Түсінік хат

КІРІСПЕ

2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 9 шілде 2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010) сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 325 бұйрығымен бекітілген оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесінің 19-тармағына сәйкес Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) білім беру ұйымдарының таңдау мүмкіндігін көздейді.

Осы ретте орта білім беру ұйымдары үшін бір пән бойынша бес оқулық, оқу әдебиеті, оқу-әдістемелік кешені мен құралдарынан артық болмайтындай оқу әдебиеті тізбеге енгізіледі.

2010-2011 оқу жылында оқу-тәрбие процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09 шілде 2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), 20072009 жылдардағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарымен бекітілген Тізбелерге сәйкес сатып алынған оқу әдебиетін қолдану ұсынылады. Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған ағылшын тілі оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 20 бұйрығымен, «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығымен, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарымен анықталған.



2.6 «ФИЗИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
Физиканы оқыту үдерісінде негізгі назар оқушыларға дайын білімдер жиынтығын беруге емес, оларды қоршаған әлемді танып-білудің ғылыми әдістерімен таныстыруға, білім алушыларда ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыруға, интеллектуалдық қабілеттері мен танымдық қызығушылығын дамытуға себептесетін, оқушыдан шешімін табу үшін өзбетінше әрекет етуді талап ететін проблемалар қоюға аударылуы қажет.

Мектепте физиканы оқытуға келесі міндеттер кіреді:

- оқушылардың ой-өрісін дамыту, олардың өз бетінше білім ала білуін және оны қолдана алуын, физикалық құбылыстарды бақылай алу біліктілігін қалыптастыру;

- оқушыларды эксперименттік деректер, ұғымдар, заңдар, теориялар, әлемнің физикалық бейнесі туралы, физика заңдарын техника мен технологияда қолданудың кең мүмкіндіктері туралы біліммен қаруландыру;

- оқушыларға материя құрылысының бірлігі туралы идеяларды және оны танып-білу процесінің шексіздігі, физикалық құбылыстар мен заңдарды танып-білудегі практиканың ролі жайлы білімдерді игерту;

- физикаға мен техникаға танымдық қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық қабілеттіліктерін, оқуға деген саналы көзқарасты, білімді жалғастыруға және кәсіпті саналы таңдауға дайындықты қалыптастыру.

Оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімін оқу және өмірлік жағдаяттарда пайдалана білу біліктерін қалыптастыру түріндегі орта білім берудің мақсаттары мектепте физика курсын оқытудың басым міндеті ретінде оқушылардың келесі іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруды көздейді:

- танымдық іс-әрекет қоршаған дүниені танып білу үшін бақылау, өлшеу, экспериментті пайдалануды; себеп-салдарлық байланыстардың сипатын айқындауды; оқу және практикалық есептерді шешуді, өз бетінше әр түрлі шығармашылық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алуды; мақсат қою, нәтиже алу, оны бағалау тәрізді өзінің танымдық іс-әрекетін өз бетінше, қызығушылықпен ұйымдастыра алуды болжайды;

- ақпараттық- коммуникативтік іс-әрекетке ақпаратты ала білу және оны өңдей алу, сондай-ақ оны пайдалана білу; қойылған мақсатқа сәйкес ақпарат мазмұнын жеткізе алу; ақпараттарды өңдеу, жіберу, жүйелеу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекеттің нәтижелерін көрсету үшін мультимедиялық қорларды, копьютерлік технологияны пайдалана алу біліктілігімен қаруландыру; жазу, көпшілік алдында сөйлей білуді, топпен жұмыс істей алуды меңгеру; пікір алмасушының көзқарасын түсіне білу және басқа пікірдің болуын мойындай білу қабілеттілігін дамыту, сұқбаттасу және пікірталас жүргізудің этикалық нормалары және ережелерін білу жатады.

Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өзінің мазмұнында деректерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, модельдерді, іргелі тәжірибелерді, физика әдістерін және т.б. қамти отырып, адам қызметінің түрлі саласында кеңінен қолданыс табатын түсініктер, ойлау жүйесі мен практикалық қызметі үшін тиімді тәсілдер қоры жинақталады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетанымды және көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басым мақсаттарына жатады.

Онда адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасы, адамның Ғаламдағы және планетадағы орны, өмірлік мәні бар мәселелер және оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үлкен маңызы бар лабораториялық және практикалық жұмыстар кең орын алады.

Физикалық құбылыстарды, тарихи-ғылыми және тарихи-өмірбаяндық материалдарды зерделеуде пәндік дағдылармен қарулану және пәнді жақсы түсіну математикамен, химиямен, биологиямен және географиямен пәнаралық байланыс арқылы қамтамасыз етіледі.

Физиканы зерделеуге саналы қатынас шығармашылық тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, яғни бұл пән оқушылардың ой-өрісінің қарқынды дамуына маңызды үлес қосады, сондай-ақ эстетикалық талғамдылықты, әдемілікті, адам ойының күштілігін және оның қоршаған ортаны тану қабілетінің молдығын сезіне білуге үйретеді.

Оқу бағдарламасында шығармашылдық тұрғыдағы жұмыс түрлері мен тәсілдеріне ерекше орын беріледі, проблемалық мәселелерді талқылауға байланысты ұжымдық жұмыстар жүргізудің алуан түрлі формалары, практикалық тапсырмаларды біріге және жеке шешу, оқушыларды өзіндік шығармашылық жұмысқа әрі ерекше үлгідегі тапсырмаларды топпен және жеке орындауға бағыттайтын дамытушы шығармашылық тапсырмалар мен жобалардың әртүрлі формалары ұсынылады.

Негізгі білім берудің мақсат-міндеттерінің бірі білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес дайындалған оқу жоспары мен оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады:

1. Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07. 2010 ж. №367 бұйрығы).

2. Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы).

2010-2011 оқу жылында 7-9-сыныптардағы «Физика және астрономия» пәнін оқыту «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы (толықтыру енгізу туралы 2010 жылғы 9 сәуірдегі №160 бұйрығы, 2010 жылғы 1 маусымдағы №268 бұйрығы) арқылы жүзеге асырылады. Осыған сәйкес 2-ші рет өңделіп басылымнан шыққан оқулықтар пайдаланылатын болады.

Бұл бағдарламалар мен оқулықтар физиканы оқытуда негізгі болып табылады.

Оқыту үдерісінде сондай-ақ қосымша оқу құралдары мен электрондық басылымдарды да пайдалану ұсынылады.

Ұйғыр, өзбек тiлді жалпы бiлiм беретiн мектептерде физиканы оқытуда аударма оқулықтар пайдаланылады.

Оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді таңдау мұғалімнің дайындық деңгейіне, мүмкіндіктеріне және оның өзінің алдына қойған міндеттеріне байланысты болады.

Оқушылардың оқу пәні ретінде физиканы оқып-үйренуі, сондай-ақ оны факультативтік сабақ ретінде тереңдете зерделеу жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбынан басталуы мүмкін.

Оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді таңдау мұғалімнің дайындық деңгейіне, мүмкіндіктеріне және оның өзінің алдына қойған міндеттеріне байланысты болады.

Физиканы оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрсетілімдік және лабораториялық аспаптар мен стендтер (құрылғылар), баспа құралдары, диапозитивтер мен диа-, кино-, және бейнефильмдер, кино-, және бейнефрагменттер, техникалық оқыту және т.б. құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.



Мектептің кітапхана қорында «Физика» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.


І-ІІ семестр /9 сынып / Технология

Сабақ№



Сабақ тақырыбы

Сағат

Мерзімі





Көрнекілігі

Қосымша оқулықтар


Үй тапсырмасы

8а

8б

8в

Іскерлік дағдыны қалып-

тастыру

Оқыту әдісі

Жаңа технологияны пайдалану










1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ

1

Жылу құбылыстары, жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.

1




























2

Температура. Температураны өлшеу тәсілдері

1




























3

Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту.


1




























4

Жылу берудің түрлері. Жылу өткізгіштік.


1


























5

Конвекция



1


























6

Сәулелік жылу алмасу. Жылу берудің табиғаттағы, техникадағы мысалдары

1


























7

Жылу мөлшері.Жылу мөлшерінің бірліктері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

1


























8

Есептер шығару.


1




























9

Сынақ


1




























10

Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы мөлшері. Механикалық және жылулық құбылыстарда энергияның сақталу заңы

1



























11

№1 зертханалық жұмыс































12

Заттың агрегаттық күйі.Қатты денелердің қатаюы және балқуы.Балқу және қатаю температурасы

1




























13

№1 зертханалық жұмыс

1




























14

Булану және конденсация.Қаныққан және қанықпаған булар.№2 зертханалық жұмыс

1




























15

Ауа ылғалдылығы. Қайнау.Меншікті булану жылуы

1


























16

Бақылау жұмысы

1




























17

Сынақ

1


























18

Термодинамиканың бірінші заңы. Газбен будың ұлғаюы

1




























19

Жылу процесінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы

1




























20

Жылу қозғалтқыштары. Іштен жанатын қозғалтқыш

1




























21

Бу және газ турбиналары. Реактивті қозғалтқыштар. Тоңазытқыш машиналар

1


























22

Айдағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар

1



























23

Есеп шығару.

1




























24

Бақылау жұмысы

1


























25

Сынақ

1




























ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫ

26

Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы Электроскоп

1




























27

Атом құрылысы. Элементар электр заряды Электр зарядының өзара әсерлесуі. Кулон заңы

1




























28

Есептер шығару

1




























29

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі

1




























30

Потенциал және потенциалдар айырымы. Конденсаторлар

1




























31

Есеп шығару

1




























32

Бақылау жұмысы

1




























33

Сынақ

1




























34

Қайталау

1




























35

Электр тогы. Ток көздері. Ток күші. Амперметр

1



























36

Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі

1




























37

№3 зертханалық жұмыс

1




























38

Ом заңы. Электр кедергісі

1




























39

№4 зертханалық жұмыс

1




























40

Меншікті кедергі. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

1




























41

№5 зертханалық жұмыс

1




























42

Бақылау жұмысы

1




























43

Сынақ

1




























44

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Есеп шығару

1




























45

№6 зертханалық жұмыс

1




























46

Электр қыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқыма сақтандырғыштар

1




























47

Металдардағы электр тогы. Электролит ерітінділеріндегі электр тогы. Электролиз заңы.

1




























48

Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды – сәулелік түтікше

1




























49

Жартылай өткізгіштер. Жартылай өткізгіштердегі электр тогы. Шала өткізгішті диод

1




























50

Бақылау жұмысы

1




























51

Сынақ

1




























ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ҚҰБЫЛЫСТАР

52

Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі

1




























53

№7 зертханалық жұмыс

1




























54

Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Электромагниттер. №8 зертханалық жұмыс

1




























55

Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері. Электр қозғалтқыш

1




























56

Заттың магниттік қасиеттері. Ақпараттың магниттік жазылуы. Электромагниттік индукция

1




























57

Бақылау жұмысы

1




























58

Сынақ

1




























ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ

59

Жарық. Күн. Жұлдыз.































60

Жарықтың таралуы. Күннің және Айдың тұтылуы.

1




























61

Жарықтың шағылуы. Жарықтың шағылу заңдары. Жазық айна. Сфералық айналар

1




























62

Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары.. Жарықтың толық шағылуы.

1




























63

Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері. Линзалар. Линзаның оптикалық күші.

1




























64

Линзада кескін алу. №9 зертханалық жұмыс

1




























65

Жұқа линза формуласы. Оптикалық аспаптар. Көз оптикалық жүйе. Есеп шығару


1




























66

Сынақ

1




























67

Қайталау

1




























68

Қайталау

1





























Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет