Атыс дайындығы” 050104 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша


Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу



бет3/10
Дата15.09.2017
өлшемі1,35 Mb.
#33225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттауышы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп (46-сурет), қақпақшаны алады.




  1. Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп (47-сурет), қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.




  1. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып (48-сурет), ұңғы қорабынан бөлектеп алады.




  1. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады (49-сурет); оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.

  2. Ұңғылық бастырмасы мен газ түтігін босатып алу. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді (50-сурет), жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ каморасының келте түтігімен шығарып алады.

6 Тақырып: Автоматты ату әдісі және ату ережесі , қолданудағы қауіпсіздік тәсілдері. Осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет