Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі:
Магазинді алу. Автоматты сол қолмен дүмбінің мойыншасынан не шетмойыннан ұстап, оң қолмен магазинді қармайды (3-сурет); бас бармақпен бекіткішті қысып, магазиннің төменгі жағын ілгері ұмсындырып босатып алады. Оқшантайда патронның бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге ауыстырылады, бекіткіш жақтауының тұтқасы кейін тартылады, оқшантай қаралып, бекіткіш жақтауы жіберіліп шүріппе ұрыстық қайырудан босатылады [4].
Керек-жарақпен қоса пеналды шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүмбінің ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады.
Жиналмалы дүмбілі автоматта пенал магазиндерді салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.
Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіркетен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады .
Достарыңызбен бөлісу: |