Қатысқандар: А. Альдебекова М. Ногаева Н. Токиева Т. Сакенова м сейл С. Смагулова С. Кабенова С. Шукулукова Р. Алимов Қатыспағандар



Дата07.02.2022
өлшемі40 Kb.
#84250

5 хаттама
«9» сәуір 2018 жыл

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі


Математика, информатика, физика пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы


Қатысқандар:
1. А. Альдебекова
2. М. Ногаева
3. Н.Токиева
4. Т. Сакенова
5. М Сейл
6. С. Смагулова
7. С. Кабенова
8. С. Шукулукова
9. Р. Алимов
Қатыспағандар: жоқ


Күн тәртібінде:
1. Нормативтік құжаттармен танысу
2017-2018 оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықтармен танысу
2. сыныптан-сыныпқа көшу емтиханының құжаттарын қарау


1.1.Тыңдалды: ӘБ жетекшісі А.Альдебекова:
1. «Аралық бақылау үлгерімнің, оқушылардың аралық және қорытынды аттестациялануының типтік ережелері» ( бұйрық ҚР БҒМ №125 18.03.2008жыл.)
2. Бұйрық ҚР БҒМ №265 06.06 2017 жыл « ҚР БҒМ Өзгертулер мен толықтырулар туралы бұйрығы» №125 18.03.2008 жыл
3. Бұйрық ҚР БҒМ № 74, 27.02.18 жыл оқу жылының аяқталуы қорытынды аттестациялау туралы бұйрығы
4.Білім басқармасының бұйрығы № 1-12/95, 26.03.18жыл
5. Аудандық білім бөлімінің бұйрығы №26-7/1-24/112, 04.04.18жыл
6. Абай атындағы ЖББМ бұйрығы №1-03/94, 05.04.18жыл
1.2. Сөз алды: ӘБ жетекшісі А. Альдебекова:
аралық және қорытынды атестациялануының өткізу мерзімі ҚР БҒМ, ББ, АББ және мектептің «2016-2017 оқу жылының аяқталуы туралы» бұйрығына сәйкес:
6,8,10 сыныптарда аралық аттестация мамырдың 26 мен 31 аралығында өткізілуі тиіс,
11- сыныптарда жалпы білім беру негізінде мемлекеттік қорытынды аттестация мамырдың 29-нан 9 маусым аралығында өткізіледі.
28 мамырда математикадан 6 «А» сыныбы жазбаша бақылау жұмысы;
30 мамыр алгебра пәнінен 10 «А» сыныбы ауызша емтихан тапсырады
Емтихан жұмыстары жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9.00-де басталады.
Емтихан сұрақтары 08.45 – те оқушылардың және комиссия мүшелерінің қатысумен ашылады.
1.3. Қаулы: айтылған ақпараттарды есепке алу
2.1. Тыңдалды: Т. Сакенова:
Математикадан 6 «А» сыныбында емтихан жұмыстары жазбаша өткізіледі (бақылау жұмысы).
Емтихан тапсырмалары 6 сыныпқа 5 тапсырмадан тұрады.
Емтихан уақытында тексерілетін тақырыптар:
- Қатынас және пропорция, рационал сандар және оларға амалдар қолдану;
- Өрнектер және тепе-теңдіктер;
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер, олардың жүйелері;
- Координаталық жазықтық;
- Функция. Сызықтық функция;
- Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері.
Емтихан тапсырмалары стандарт талаптарына сай.
2.2. Сөз алды: А. Альдебекова:
Алгебрадан 10 «А» сыныбында оқушылардың ҰБТ–ға дайындықтарын күшету мақсатында емтихан жұмыстары ауызша өткізіледі.
Емтихан тапсырмалары 25 билеттен (2 теориялық, 1 практикалық сұрақ) тұрады.
Емтихан уақытында тексерілетін тақырыптар:
- Функция, оның қасиеттері жəне графигі;
- Тригонометриялық функциялар, теңдеулер мен теңсіздіктер;
- Туынды, туындыны қолдану;
- Комбинаторика;
- Стереометрия аксиомалары;
- Түзу мен жазықтықтың параллельдігі, перпендикулярлығы;
- Кеңістіктегі координатала мен векторлар.
Емтихан тапсырмалары мемлекеттік стандартқа және 6,8,10 сыныпқа арналған бағдарламаларға сәйкес құрастырылған.


2.3. Қаулы: емтихан материалдарын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Нуркинге бекітуге ұсыныс жасау.
ӘБ жетекшісі:___________А. Альдебекова


Хатшы:_________ Р. Алимов

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет