Қатысқаны: 11 Қатыспағаны: 21 Ата-аналар жиналысының тақырыбы



Дата07.02.2022
өлшемі15,66 Kb.
#88259
Байланысты:
3 Ә жиналыс хаттама


ХАТТАМА №
Өткен орны: Қашықтықтан онлайн түрінде ZOOM платформасы арқылы өтті
Өткізілген уақыты: 20.08.2020 сағ: 18:30
Сынып жетекшісі: Оралова Г.К.
Қатысқаны: 11
Қатыспағаны: 21

Ата-аналар жиналысының тақырыбы:
«Қашықтықтан оқуды ұйымдастыру»

Күн тәртібінде:

  1. Жаңа оқу жылының оқу тәртібі

  2. Гигиеналық тазалық, киім үлгісі

  3. Оқу платформалары

Тыңдалды:
1-мәселе бойынша ата-аналарды жаңа 2020-2021 оқу жылымен құттықтап, оқу тәртібінің ережесі түсіндірілді. Оқу ережесіне сәйкес видеороликтер көрсетіліп, ата-аналардың пікірі тыңдалды.
2-мәселе бойынша биылғы оқу жылының COVID-19 пандемияға байланысты қашықтан оқу жүйесімен жүзеге асатыны жайлы мәлімет айтылды. Оқу кезекші сынып және қашықтан оқу арқылы жүргізіледі. Осыған сәйкес ата-аналар өз өтініштерін жазды.
Кезекші сыныпқа өтініш білдірген оқушылар үшін мектеп формасы міндетті емес екендігі жайлы және оқушы денсаулығының қалыпты жағдайында ғана мектепке келіп оқуға болатыны жайлы түсіндірілді.
3-мәселе бойынша мектепте тек негізгі пәндер ғана оқытылады. Қалған пәндер онлайн арқылы жүргізіледі. Жалпы мектеп гигиеналық талапқа сай (антисептик, бетперделер, ауыз су), мектеп медбикелері мен кіші қызметкерлер мектеп пен сынып тазалығына жауапты.
Шешімі:
Ата-аналар елімізде болып жатқан жағдайларға түсіністікпен қарап, сабырлық, шыдамдылық танытып, балаларын қажетті құрылғылармен шама келгенше қамтамасыз етіп, оқушыларға қашықтан дұрыс әрі тиімді оқуға мүмкіндік жасайтындарын жеткізді.


Сынып: 3 «Ә» Ата-аналар төрайымы: Төлегенова Б.Т.
Сынып жетекші: Оралова Г.К. Хатшы: Таджиева А.А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет