Менің отбасым – сыйластық орнаған ортам
Мақсаты: отбасындағы тәрбие – өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата – ана байланысын ынтықтастыру өзара серіктестік орнату, ата – ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Қатысушылар: ата – аналар
Тренинг сабақтың міндеті: ата – ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау;
Өзінің және өзгенің даралығын бағалау;
Өзін құрметтеу;
Көңіл – күйді көтеру;
Сезім мен эмоцияны реттеу.
Тренинг барысы:
1. Сәлемдесу рәсімі
2. «Есімдер сөйлейді»
3. «Сөйлемді аяқты» жаттығу
4. Сергіту сәті «Өтінемін» ойыны
5. Сауалнама
6. Жаттығу. «Жүректен жүрекке»
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата - ана. Ата – анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қызығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата-ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.
І. Амандасу.
Мақсаты: Ата – аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық көңіл – күйді қалыптастыру.
Сәлем – сөздің анасы демекші кез – келген жерде, қандай жағдайда болмасын адамдар бір – бірімен қарым – қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Дүние жүзіндегі халықтардың сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі – түрлі болып келеді. Қазір сіздер бір – бірлеріңбен бірнеше елдің амандасу салтымен амандасасыздар.
1. «Еуропалықтар» - қолын қысады.
2. «Жапондықтар» - иіледі.
3. «Оңтүстік Африкандықтар» - оң қолын алдымен маңдайына, одан соң еріндеріне, содан соң кеудесіне әкеледі.
4. «Африка» - тізе бүгіп алақандарын соғады екен.
5. «Ұлттық қазақша» амандасу – амандық саулық сұрап, қал – жағдайымызды білгенге не жетсін.
ІІ. Есімдер сөйлейді.
Алдымен өз есімдеріміздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттерінің біреуін айтып, өзімізді таныстырып өтсек. Мысалы: Мен бақытты – Балаусамын.
Рефлекция. Сіздерге кімнің өзін таныстыруы өте ерекше әрі күтпеген болды?
Кімнің өзін таныстыруы сізге бірден жақын адам екеніңізді сездірді?
Кімнің айтқан ойы түсініксіз болды?
ІІІ. «Сөйлемді аяқта» - жаттығуы.
- Мен өз отбасымды жақсы көремін, себебі – ...
- Отбасы – бұл,...
- Отбасым бақытты болу үшін – ....
- Отбасымда зорлық – зомбылыққа жол жоқ, себебі - ....
- Мен қалар едім отбасымның ....
ІҮ. Сергіту сәті. «Өтінемін» ойыны
Мақсаты: Ата – анамен балалар арасындағы қарым- қатынасты жақсарту, бір – біріне көңіл бөлу, бірін – бірі тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар шеңберге тұрады.
Құрметті ата – аналар! Сіздер, қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?
- Рақмет,өтінемін, кешіріңіз, ризамын.
- Секіріңдер
- Оң аяқтарыңды көтеріңдер
- Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар
- Өтінемін, бір- біріңізді құшақтаңыздар
- Оң қолдарыңыз бен сол қолдарыңызды уқалаңыздар
- Өтінемін, бір бірлеріңізге қарап жымиыңыздар
Ү. Сауалнама
Сіздерден ендігі кезекте сауалнама алып алсам.
Ата – аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті кеңес беріп өтсем.
ҮІ. Жүректен жүрекке
Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу.
Құрметті ата – аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата – анамен бала арасындағы қарым – қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан – жақты талқылауға тырыстық.Отбасының мәніне терең үңілер болсақ, жүрек жылуының маңызы өте зор. Жүректен жүрекке жаттығуын бір – бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір бірімізге мына жүрекшені бере отырып, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізбен бөлісіп, айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығыңызда осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ж.Ж. Руссо : « Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесіде сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» - деген екен.
Ендеше, ата – аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге ат салысайық.
Достарыңызбен бөлісу: |