0103000 – «ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ»
0103033-«Спорт жаттықтырушысы-оқытушы»
Топ ДТ-ф-18
Пәні атауы: Педагогика
Сабақ түрі: теория
Пән оқытушы : Қарлығаш Төребекқызы
Қайырлы күн. Сәлеметсіздер ме білім алушылар? Сіздерге дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілей отырып сабағымызды бастаймыз!
Өткен тақырыпқа шолу жасайық: «Адамгершілік тәрбиесі»
-
Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады?
-
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы- еңбек пен ата-ана үлгісі (Ы.Алтынсарин)
-
Адамның жақсы жаман қасиеттері. Сен қандайсың?..
-
«Адамгершілік» сөзіне ассоциация құрау .
-
«Мораль» және «Этика» дегеніміз не, оның шығуы мен дамуы ? Екі терминді бөлек талдап ашып түсіндіріп жазу.
Ұғым бойынша мән – мағынасын ашып түсіндіру, талдау. Ғалымдардың негізгі ұғымдарға берген анықтамаларын талдайсыздар, өз пікірлерің мен ұсыныстарыңды білдіріп жазып орындайсыздар!!!
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Экологиялық тәрбие»
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/zhasyl-ehkonomika-degenimiz-ne
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/ehkoznanie-dlya-vsex
Адам баласының өмір сүру ортасы-табиғат әлемі. Сондықтан да ол оның біртұтастығының сақталуына , тазалығына , үйлесімділігінің болуына және ондағы биологиялық өзара қарым-қатынасы мен тепе-теңдіктің бұзылмауына мүдделі.
Экология – 200 жылдық тарихы бар жас ғылым.Экология терминин неміс биологі Эрнест Геккель енгізген(1968ж) «Естественная история происхождения»атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология- «ойкос» деген грек сөзі, «үй, баспана» ұғымын білдіреді.Э.Геккельдің айтуы бойынша, экология-зоологияның бір тармағы , жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин , оның анықтауы бойынша , экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Экология –организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ілім. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Озон қабатының жұқаруы , қышқылды жаңбыр , жер ғаламшарларындағы климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Fe,CI,P оксидтері әсер етеді.
Экология дегеніміз – табиғатты пайдаланудың ғылыми – теориялық негізі
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
-
Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
-
Жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
-
Қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
-
Экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты- жастардың экологиялық көзқарасын , санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық , жауапкершілік, қарым –қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің негізгі міндеттері:
-
Өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
-
Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
Ең басты міндеттердің бірі – оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру. Оқу тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің негізгі көздері:химия, физика, биология, география, астрономия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйреті және дағдыландыру – мұғалімнің міндеті.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері.
-
Ауыл мектептерінің оқу –тәжірибе алаңын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
-
Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қоғау, орман- тоғай зиянды жәндіктермен күресі.
-
дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек саңырауқұлақ, т.б жемістерді жинау;
-
пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;
-
фенологиялық бақылау жүргізу.
-
Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысымен биология , химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
-
Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды , минералдық тыңайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бқзушыларды әшкерлейді.
-
Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар : кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
Экологиялық тәрбие оқушылардың – табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып , әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып , адамгершілік, жакапкершілік, қасиеттерін жетілдіреді.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің конституциялық функциялары жарыққа шықты. Қазақстан Республикасы Конституциясы , оның 30-31 баптарына Қазақ мемлекеті адамзат баласының тіршілік өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап , адам баласының айналасын қоршаған табиғи сыртқы ортасы, оларды қорғау мақсатын көздейді деп көрсетілген . Қазақсатан Республикасының 15.07.1997ж, «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңының 73-74баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз болуы қарастырылған. Мұндай қағидалар мен ережелер ҚР ның «Білім туралы» заңында да жазылған.
Үйге тапсырма:
-
Экология ұғымына http://manshuk.kz/ ЦББР электронды кітапханадан педагогика оқулықтары бойынша бірнеше ғалымдардың анықтамасын беру
Авторы
|
Анықтамасы
|
Мақсаты
|
Міндеттері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-
«Кім тапқыр» ойыны
Кестедегі әріптерді ретімен қою арқылы тірек сөздер шығады. Сол сөздерді пайдаланып шағын әңгіме құрастыру.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Э
|
Ө
|
Т
|
Е
|
Д
|
Т
|
2
|
С
|
К
|
А
|
Ғ
|
М
|
Н
|
3
|
Л
|
А
|
О
|
І
|
И
|
И
|
4
|
Г
|
С
|
Д
|
Л
|
А
|
У
|
5
|
Б
|
І
|
И
|
П
|
О
|
Т
|
6
|
А
|
Т
|
Г
|
К
|
Л
|
Я
|
-
а)Лекция материалдарын толықтыру, конспект жазу, тірек сызбаларын дайындау
б) Жазбаша жұмыс орындау: Экологиялық тәрбиенің жаңартылған жолдары. Эссе
в) Іздену жұмысы. Адамзаттың экологиялық апатқа ұшырауының әртүрлі себептерін жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |